«МЕНІҢ СЕЗІМДЕРІМ МЕН ЭМОЦИЯЛАРЫМ» тәуекел топ оқушыларымен » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МЕНІҢ СЕЗІМДЕРІМ МЕН ЭМОЦИЯЛАРЫМ» тәуекел топ оқушыларымен
28
апрель
2023

«МЕНІҢ СЕЗІМДЕРІМ МЕН ЭМОЦИЯЛАРЫМ» тәуекел топ оқушыларымен

Уақыты:  28.04. 2023ж 

Оқушылар саны: тәуекел топ оқушылары  

Қатысқаны:   7 оқушы  

Зерттеу  түрі: «МЕНІҢ СЕЗІМДЕРІМ МЕН ЭМОЦИЯЛАРЫМ»

Мақсаты: Оқушылардың «сезім» және «эмоция»психологиялық түсініктері туралы білімдерін кеңейту.


Эмоция – бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әр түрлi құбылыстармен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi

Кезкелген адамдапайда болатын эмоцияоның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дәлдiгiне сенiмдi болуышарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.


   Жоспар бойынша тәуекел топ оқушылармен жоғарыда аталған тақырыпта психологиялық   сабақ жүргізілді. Оқушылар сабаққа   белсенді қатысып, эмоция туралы   білімдерін ортаға салып, білмеген қызықты жақтарын біліп алды.  « Менің көңіл – күйімнің түсі» жаттығуында  қатысушылар дәл қазіргі кездегі көңіл–күйлерін ассоциациялайтын түстерін шеңбер бойынша айтып шықты. 

   Шеңбер ортасына “қуаныш”, “көңілсіздік», «мұңды”, “ыза”, “үрей”, “қызығушылық” сөздері қойылады, және қатысушылардан бұл түсініктердің қандай байланысы бар екені сұралады.  Жауап: бұл – эмоциялар.

 Келесі  тапсырма диагностика  жасауға "Сіз эмоцияға жиі берілесіз бе?"  қаншалықты эмоцияға берілгіш адам екеніңді анықтауға көмектесетін тест алынып нәтижесі дер кезінде айтылып берілді. 

Сонымен қатар «Эмоция чашкасы»  тесті алынды.   Бұл тестте оқушыларға дайын  чашка салынған парақтар беріледі. Онда оқушылардың «жалғыздық», «қорқыныш», «ашулану», «мұңаю», «қуану», «мазасыздық» сезімдерін анықтайды. 



Қорытынды: білім алушылар жоспарланған жаттығуларды өте жақсы орындап, көңіл күйі көтеріліп, серігіп алды.