Ойын: «Жан дүниемдегі сырымды таба біл» » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ойын: «Жан дүниемдегі сырымды таба біл»
13
апрель
2023

Ойын: «Жан дүниемдегі сырымды таба біл»

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мектептегі психологиялық қызмет



Анықтама


Уақыты: ақпан 13.04.2023ж

Оқушылар саны:   «тәуекел топ» оқушылары

Ойын: «Жан дүниемдегі сырымды таба біл»

Мақсаты: Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру. 

Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту.

Ø  «Балалығым бақытым» жаттығуы.

Ø  «Жан дүниемдегі сырымды таба біл»

Ø  «Менің таңдауым» жаттығуы.

Ø  «Өмір» жаттығуы.

Ø  «Ойланып көрейік» жаттығуы.

  • «Бұлттар» жаттығуы.
  • «Алтын балық» жаттығуы.
  • Қорытындылау.  

«Мен және өмір» жаттығуы
 Шарты: Оқушылар 
шеңберге тұрып, мысалы: «Мен, Нуршат өмірде бақыттымын»
 дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.

  1. «Балалығым бақытым» жаттығуы.
     Шарты: Балалық бақыт пен ересектік бақыттың ерекшеліктерін қалай түсінетіндігін  
    қағазға жазу  арқылы талқылып айтады.

3.«Жан дүниемдегі сырымды таба біл»
 Шарты: қатысушылар бір-біріне, сол бала жайында өзіне жауап ала алмай жүрген сұрақтарын қою арқылы жауап алып оның сырын аша бастайды.
 
Ойын бәрі толық сұраққа жауап бергенше жүреді.
 4. «Менің таңдауым» жаттығуы.
 Шарты: Оқушылардың бірі ортаға шығып қоғамдағы зиянды әдеттің бірін жарнамалайды. Ал екінші оқушы сол зиянды әдетке қалай қарайтынын айтады.

5. «Ойланып көрейік» жаттығуы.

 Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту. 

Уақыты: 5 минут 

Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға өз ойларыңды плакатқа жазып, дәлелдеңдер.

(қатысушылар іштей үш топқа бөлінеді). 

1)Адам не үшін өмір сүреді?

 2)Өмірден өз орнын табу деген не? 

3)Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

6. «Бұлттар» жаттығуы.

Бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреулеріңе бұлттар алуды ұсынамын. Әр оқушы бір-бір бұлттан алып, сондағы аяқталмаған сөйлемді өз сөздерімен аяқтайды.

Үлестірмедегі сөйлемдер:

Маған бұл өмірдегі қымбат нәрсе...

Менің өмірдегі ең жақын адамым...

Менің өмірдегі ең қуанышты күнім...

Менің ең ренжіген күнім...

Менің өмірдегі ең қорқатын нәрсем...

Менің өмірдегі ең сенетін адамым...

Менің өмірдегі алға қойған мақсатым...

Психолог: Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.

7. «Алтын балық» жаттығуы.

Балаларға келесі сұраққа жауап беру ұсынылады: «Сіздің өміріңіз қызықты бола түсуі үшін алтын балықтан не сұрар едіңіз?» 

  Оқушылар ойындарға белсене қатысты. Өз ойларын ашық айта алды. Оқушылардың өмірге деген көзқарасы өте жақсы. 




Мектеп психологтары      Ибраева А, Разиева А