ҰБТ ге және емтиханға баратын оқушылар жаттығу сабақ Эмоция және мінез – құлық » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ ге және емтиханға баратын оқушылар жаттығу сабақ Эмоция және мінез – құлық
13
апрель
2023

ҰБТ ге және емтиханға баратын оқушылар жаттығу сабақ Эмоция және мінез – құлық

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Мектептегі психологиялық қызмет 

Анықтама

Уақыты:  13.04. 2023ж 

Оқушылар саны: 11- сынып    

Қатысқаны:    ҰБТ ге және емтиханға баратын оқушылар   

Зерттеу  түрі:  жаттығу сабақ Эмоция және мінез – құлық

Мақсаты:  Оқушыларды адамдарға тән ең шынайы сезімдерді бойына сіңіріп, өз сезімдеріне дұрыс басшылық жасай білуге тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

ІІІ. Тренинг жаттығуларын орындау.

ІV. Тест орындау,  қорытындылау.

VІ. Сабақты қорытындылау.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Балалар бүгін біз қызықты сабақ өткіземіз. Бұл сабақта біздер өздеріміз  туралы әңгімелейміз. Сабағымыздың тақырыбы:   Эмоция және мінез – құлық

Бір сәтке  «Мен қандай болып өсіп келемін?» деген сұраққа ойланып көрейікші. Міне осы тақырыпқа біз бүшінгі сабағымызда: өзіміз күнделікті өмірде адамдармен қандай қарым – қатынастамыз? Өзімізді ортада қалай ұстаймыз? Өз көңіл – күйімізді бағалай білеміз бе? деген сұрақтарға жауап іздейміз.

 Ол үшін, бүгінгі сабақта үш түрлі жаттығу орындаймыз.



1-жаттығу «Мені қайтала» ойыны

Ойынымыздың мақсаты – «Сәлем сөзінің анасы» мәтелінде айтылғандай, күнделікті біз бір – бірімізге қалай амандасатынымызды анықтау. Ойын барысында өздерінізге ұнаған сәлемдесу түрін таңдайсыңдар.

Нұсқау. Жарты шеңбер құрып отырамыз. Қазір әр қатысушы бір-бірден ортаға шығып, сыныптастарына бетпе-бет қарап, кез-келген тәсілдерді қолданып, алдағы сыныптастарының сәлемдемесін қайталамай амандасу керек. Біз бәріміз есімін хормен айтып, сәлеммен қайталаймыз.


Талдау:

Сіз қандай сезімдесіз?

Қандай сәлемдеме сізге ерекше ұнады және неге?

Қорытынды: әрбір арайлап атқан таң сіздерге тек қана қуаныш сыйлау үшін, сол күнді қандай қылып бастасаныз, жолдастарыңызбен қалай амандассаңыз солай аяқталатынына мен сенімдімін және осы заңдылықты естен шығармауларыңызды өтінемін.

2-жаттығу «Менің бет әлпетім».

Мақсаты: Өз сезімдерің туралы ойланып, қағаз бетіндегі эмоциялық кескіндерге толықтырулар жасау және шыққан кескін жөнінде әңгімелеу.

Талдау:

Мұндай бет әлпет сенде қай уақытта болады?

Сенің көңіл күйіңнің жоқтығын айналадағылар қалай біледі?

Сен өз қайғыларыңды қалай көтерер едің?

Өз сезімдеріңді қоршаған ортаға көрсетесің бе, әлде ішке ұстайсың ба?


1.Мен бақыттымын    2. Маған көңілді. 3. Маған қорқынышты.   4. Мен ашулымын

Қорытындылау:   Балалар, күнделікті өмірде бұл төрт кескіннің де кездесуі мүмкін. Сондықтан мен сіздерге тек қана көңілдік пен сәттілік тілей отырып, «Маған көңілді» кескінін талдайық. Көңілді адам қашан да күледі. Бірақ күлкі әр уақытта бірдей болмайды. Абайдың «Төртінші қара сөзінде» былай делінген: «Әрбір байқаған адам білсе керек: Күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісі алаңғасар екенін, көп күлкінің ішінде көкіректен, жүректен келмейтін, қолдан жасап, сыртымен әдемілік үшін күлетін бояма күлкі.»  - деген сөзін естен шығармайық.


3 – жаттығу «Көңіл – күй» тестісі.

Бұл тест мақсаты: Өздеріңіздің қандай жақсы және жаман жағымсыз қылықтарға бейімділігіңізді анықтайсыңдар.

Нұсқау: Төмендегі реакциялар саған қаншалықты сәйкес келетінін бағала. Жауап бланкісінде қандай сұрақтарға «ия» деп жауап бересің, сұрақ нөмірін қорша.


Сабақты қорытындылау: сонымен біз бүгінгі сабағымызды бір – бірімізбен қалай амандасып, өз көңіл-кеүйлерімізді қалай бағалайтынымызды, өзіміздің қандай топқа жататынымызды анықтадық деп ойлаймын. Алдағы уақытта өзіңіздің анықтаған жақсы жақтарыңызды көрсетіп, нашар мінездеріңізді өзгертеді деген сеніммен сабағымды аяқтаймын. Бүгінгі жкақсы қатыстыңыздар. Рақмет!