2017- 2018 оқу жылында мектеп психологтарының жыл бойы жүргізген жұмыс жоспары туралы анықтама » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2017- 2018 оқу жылында мектеп психологтарының жыл бойы жүргізген жұмыс жоспары туралы анықтама
05
март
2018

2017- 2018 оқу жылында мектеп психологтарының жыл бойы жүргізген жұмыс жоспары туралы анықтама


2017- 2018 оқу жылында  мектеп психологтарының  жыл бойы жүргізген жұмыс жоспары туралы

 анықтама

2017- 2018 оқу жылына мектеп бойынша жылдық жоспар жазылып, бекітілді. Жоспар бойынша  төмендегідей жұмыстар жүргізіліп келеді. 

       1. Жаңа оқу жылында үйден оқытуға 8 бала шығарылды. Жалпы бағдарламамен – Итахунов Турғанжан, Тельианова Дильназ, Абдукаримов Азиз, Көмекші бағдарламамен -  Исраилова Русалина, Абдумажитова Гузель, Аубакир Ерасыл, Тохтахунова Мукарам, Ахметов Муратжан шығарылды. Барлық оқушылар облыстық педагогикалық- медициналық- психологиялық – консультациядан өтіп, қорытындысы алынды.  Аудандық білім бөлімінің бұйрығы, мектептің бұйрығы, сабақ кестесі, сабақ беретін мұғалімдер бұйрықпен бекітілді. Сабақ жүргізетін мұғалімдер саны- 25. Барлығы жоғары білімді мамандар. Осы аталған оқушыларға жылдық жоспар бекітіліп жұмыстар жүргізіліп келеді. Екі аптада бір реет үйлеріне барып қал жағдайларын, денсаулығын біліп қайтамыз. Баланың диагнозына байланысты лайықты тестер алып, ойындар ойнатып келеміз. Айына бір рет мектепке шақырып топтық жұмыстар жүргіземіз. 

 Жоспар бойынша осы оқушылардың танымдық қабілеттерін анықтап, дамытуға дамутыға (есте сақтау, ойлау, қиялдау, қабылдау) тесттер алынды: «көру, есту, дыбыстық сете сақтау», темпеарментін анықтауға: «темпераментті анықтау», «өзін-өзі бағалау», зейін тұрақтылығын анықтауға «мюнстенберг әдістемесі», ұсақ қол моторикасын  дамытуға «менің достарым» тақырыбында графикалық  тесттер алынып, нәтижесі шығарылды. Жаңа жыл мерекесінде балаларға демеушілр тарапынан сыйлықтар тапсырылды. 4 оқушы аудандық, рай. собес   және «Инайәт» ұйғыр жастарының   ұйымдастырған  шыршасына қатыстырылып сыйлықтар алды.

Оқу жылының екінші жартысында тағы бір бала 1 «А» сыныбында үйден оқытуға шығарылды.  





  

2.Ұлттық Біріңғай Тестілеуге  9 бала қатысады.  Жылдық жоспар бойынша              төмендегідей жұмыстар жүргізілді: 

 Оқушылардың темпераментін анықтауға «Темпераментті анықтау», білім алушылардың  танымдық қабілеттерін анықтап, дамутыға (есте сақтау, ойлау, қиялдау, қабылдау) «Есте сақтаудың түрлерін анықтау», «Өзін-өзі бағалау», «Сенімділікті анықтау» тесттері, П.А. Шеваревтің «Қайта қалыптасу елесін зерттеу»  әдістемесі, тестке барушылардың емтиханға психологиялық  дайындығын дамыту  мақсатында   «ҰБТ-ге психологиялық дайындық», «Менің көңіл - күйім» тақырыптарында  жаттығу- сабақтар жүргізілді.  Аудандық ҰБТ –ге  дайындауға  №6 мектеп- интернатында  «ҰБТ – ге психологиялық дайындық» тақырыбында жаттығу- сабақ жүргізілді. ҰБТ –ге қатысатын оқуышлардың өзара қарым –қатынасын, бір –бірінің түсіністігін   анықтап, дамытуға «Қарыым – қатынас икемділігін анықтау», «Өзара түсіністік өнері», «Мұғалім мен оқушы арасындағы психикалық қарым - қатынас»   тақырыптарында жаттығу-сабақтар жүргізілді. Аудандық, мектепішілік байқау тесттерінен төмен балл алған оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары жүргіліді. 

     2.Ұлттық Біріңғай Тестілеуге  9 бала қатысады.  Жылдық жоспар бойынша              төмендегідей жұмыстар жүргізілді: 

 Оқушылардың темпераментін анықтауға «Темпераментті анықтау», білім алушылардың  танымдық қабілеттерін анықтап, дамутыға (есте сақтау, ойлау, қиялдау, қабылдау) «Есте сақтаудың түрлерін анықтау», «Өзін-өзі бағалау», «Сенімділікті анықтау» тесттері, П.А. Шеваревтің «Қайта қалыптасу елесін зерттеу»  әдістемесі, тестке барушылардың емтиханға психологиялық  дайындығын дамыту  мақсатында   «ҰБТ-ге психологиялық дайындық», «Менің көңіл - күйім» тақырыптарында  жаттығу- сабақтар жүргізілді.  Аудандық ҰБТ –ге  дайындауға  №6 мектеп- интернатында  «ҰБТ – ге психологиялық дайындық» тақырыбында жаттығу- сабақ жүргізілді. ҰБТ –ге қатысатын оқуышлардың өзара қарым –қатынасын, бір –бірінің түсіністігін   анықтап, дамытуға «Қарыым – қатынас икемділігін анықтау», «Өзара түсіністік өнері», «Мұғалім мен оқушы арасындағы психикалық қарым - қатынас»   тақырыптарында жаттығу-сабақтар жүргізілді. Аудандық, мектепішілік байқау тесттерінен төмен балл алған оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары жүргіліді. 


3. 4-5 сынып сабақтастық және бейімдеу бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді: 

Сыныптағы көшбасшыны анықтауға «Социометрия» әдісі, Оқушының мектепке деген көзқарасын анықтауға «Мектептің алатын орны», «Мектепті эмоционалдық қабылдауы», «Пәнге деген көзқарасы», «Пәннің берілу сапасына қанағаттануы», мұғалімдермен өзара қарым-қатынасын анықтауға «Мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасының қанағаттандырылуы» тесттері, «Мұғалімдерді жан-жақты зерттеу»  әдістемелері алынып, нәтижесі шығарылды. «Біз 5-ге барамыз», «Біздің сынып» тақырыптарында жаттығу- сабақтар өткізілді.   

     4.1-сынып  оқушыларынан  балалардың   мектепте оқуға  даярлық деңгейін зерттеу мақсатында:  №1 субтест. Психоәлеуметтік жетілгендік деңгейін зерттеу мақсатында  Керн –Йерасектің  «Мәтінді имитациялау», «Нүктелер тобын көшіру» тесттері, «Тестілік әңгімелесу»,  ой-қиялын анықтап, дамытуға «Ер адамның суретін салу», графикалық тесті,  зейін тұрақтылығын анықтауға «Үйшік» әдістемесі   алынды. Осы жұмыстардың нәтижесі  сыныптың ата-аналар  жиналысында айтылды. 

  5.  Ата-аналармен  жұмыс бойынша   үйден оқитын оқушылардың ата-аналарымен сабаққа, сабақ беретін мұғалімдерге байлынысты кеңес берілді.  Осы ата-аналармен «Үйде баламен қалай жұмыс жасау керек?», «Сіз балаңызды жақсы түсінесіз бе?» тақырыптарында жаттығу-сабақтар  өткізілді. Мектепке дейінгі шағын орталықтың  ата-аналарымен «Сіз қандай ата-анасыз?»  сауалнамасы алынды. Жалпы ата-аналар жиналысында  кеңес беріліп, ойын ойнатылды.  

    2 «А» сынып ата-аналарынан «Өзіңді білгің келе ме?»  тақырыбында графикалық тест, «Балаңызға қаншалықты көңілбөлесіз?» тесті алынып, нәтижесі айтылды.  Жалпы ата-аналар жиналысында жаңартылған бағдарламаға байланысты «Жаңартылған бағдарламаға көзқарасыңыз», оқушылардың білім сапасына байланысты «Мектепте білім сапасын қалай көтеруге болады?», «Білім жүйесіне жаңалық енгізу кажет пе?»  атты сауалнамалар алынды. Бала мен отбасы арасындағы  қарым –қатынасты анықтау мақсатында «Отбасылық қарым –қатынас»  тесті алынды. 

 Жалпы ата-аналар жиналысында «Австралиялық жаңбыр», «Балаңызды қаншалықты білесіз?», «Ну ормандағы жаңбыр»   атты ойындар ойнатылды. 

6.ОЖСБ бойынша оқушылардың тізімі алынып, жылдық жоспар бекітілді. Жоспар бойынша оқушылардың қорқыныш, үрей, мазасыздық сезімдерінің алдын- алу үшін «Менің көңіл- күйім» тақырыбында   жаттығу- сабақ  жүргізілді. 

   7. Мұғалімдермен және жас мамандармен «Әрбір жан өз бақытының шебері» тақырыбында психологиялық жаттығу-сабақ өткізілді.  «Мұғалім шеберлігі», «Басшы мұғалім көзімен», «Мұғалім – әріптестер көзімен» тесттері алынды.  

8. Күйзелістің алдын-алу және құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Зорлық -зомбылық» тесті, «Менің дінге көзқарасым», «Мен құқығымды білемін бе?»   тесті және сауалнамалар алынды.  5-7 сыныптар арасында «Ойлануға арналған балықтар»   сауалнамасы алынып, нәтижесі шағыралды. 8- 10 сыныптар «Мен өзімді мақтан етемін» тақырыбында шығарма жазылды. 



9. Кәсіптік бағдар бойынша жыл бойы оқушылардан  мынадай жұмыстар алынды:  Сауалнама «Сенің кәсіби ой-ниетің», «Мамандық туралы хабар», «Д. Голлондтың  тұлғаның типтерін анықтау» тесті,  А.Е. Голомштоктың «Қызығушылық картасы »   алынып нәтижесі шығарылды. «Мамандық таңдау – өмірді таңдау»  тақырыбында жаттығу-сабақ жүргізілді. 

9 – сыныпты бітірген соң не істемек ойың бар?

                   Қай бағытта оқиды ?                                         Мен қаладым

Д. Голландтың кәсіби-тұлғалық типті   анықтау    тестісі


9-сынып оқушыларымен 9 «Ә»  сыныбының  сынып жетекшісі Юсупова Сахинур мен  бірге «Кәспим мақтинишим»  тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сабағында мектеп психологтары  әртүрлі және заманауий мамандықтар туралы айтып   ойындар ойнатты.


Похожие публикации:

04 июнь 2019 хаттама №5
04 июнь 2019 хаттама №5
28 апрель 2017 Сабақ кестесі