2018- 2019 оқу жылында мектеп психологтарының жылдық жүргізген жұмыс жоспары туралы анықтама » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2018- 2019 оқу жылында мектеп психологтарының жылдық жүргізген жұмыс жоспары туралы анықтама
08
апрель
2019

2018- 2019 оқу жылында мектеп психологтарының жылдық жүргізген жұмыс жоспары туралы анықтама

2018- 2019  оқу жылына мектеп бойынша жылдық жоспар жазылып, бекітілді. Жоспар бойынша  төмендегідей жұмыстар жүргізіліп келеді. 

1. Жаңа оқу жылында үйден оқытуға 7 бала шығарылды. Жалпы бағдарламамен –   Тельманова Дильназ. Көмекші бағдарламамен -Исраилова Русалина, Абдумажитова Гузель, Аубакир Ерасыл,Тохтахунова Мукарам, Итахунов Турғанжан, Ахметов Муратжан  шығарылды. Барлық оқушылар облыстық  педагогикалық- медициналық-психологиялық – консультациядан өтіп, қорытындысы алынды. Аудандық білім бөлімінің бұйрығы, мектептің бұйрығы, сабақ кестесі, сабақ беретін мұғалімдер бұйрықпен бекітілді. Сабақ жүргізетін мұғалімдер саны- 43. Барлығы жоғары білімді мамандар. Осы аталған  оқушыларға жылдық жоспар бекітіліп жұмыстар жүргізіліп келеді.  Екі аптада бір рет үйлеріне барып қал жағдайларын, денсаулығын біліп қайтамыз. Баланың диагнозына байланысты лайықты тесттер алып, ойындар ойнатып келеміз. Айына бір рет мектепке шақырып топтық  жұмыстар жүргіземіз. Жоспар бойынша осы оқушылардың танымдық қабілеттерін анықтап, дамытуға  (есте сақтау, ойлау, қиялдау, қабылдау)  тесттер алынды: «көру, есту, дыбыстық есте сақтау», темпераментін  анықтауға: «темпераментті анықтау», «өзін-өзі бағалау», зейін тұрақты- лығын анықтауға «мюнстенберг әдістемесі», ұсақ қол моторикасын   дамытуға «менің достарым» тақырыбында графикалық  тесттер алынып, нәтижесі шығарылды. 


Жаңа жыл мерекесінде балаларға демеушілер тарапынан сыйлықтар тапсырылды. 4 оқушы  демеушілер  және рай.собес тарапынан ұйымдастырылған  шыршаға қатыстырылып сыйлықтар алды. Барлық  оқушыларға үйлеріне  мектеп басшысы, 

Аяз ата, Ақшақар және психологтармен бірге жаңа жылдық сыйлықтар апарып берілді. Бұл балаларға демеушілік жасаған мұғалімдеріміз  Таирова Р.Р, Турдамова А.М, сырттан көмектескен  Д.Джанбакиев, А. Насруллаев, Д. Илиев, П. Алимшаевтар.  

        2.Ұлттық Біріңғай Тестілеуге  4 бала қатысады. Жылдық жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді: Оқушылардың темпераментін анықтауға «Темпераментті анықтау», білім алушылардың  танымдық қабілеттерін анықтап, дамутыға  (есте сақтау, ойлау, қиялдау, қабылдау) «Есте сақтаудың түрлерін анықтау», «Өзін-өзі бағалау», «Сенімділікті анықтау» тесттері, П.А. Шеваревтің 

«Қайта қалыптасу елесін зерттеу»   әдістемесі алынып нәтижесі шығарылды. 

   3. 4-5 сынып сабақтастық және бейімдеу бойынша мынадай  жұмыстар жүргізілді: Сыныптағы көшбасшыны анықтауға «Социометрия» әдісі, Оқушының мектепке деген көзқарасын анықтауға «Мектептің алатын орны», «Мектепті эмоционалдық қабылдауы», «Пәнге деген көзқарасы», «Пәннің берілу сапасына қанағаттануы», мұғалімдермен өзара қарым-қатынасын анықтауға «Мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасының қанағаттандырылуы» тесттері, «Мұғалімдерді жан-жақты зерттеу»  әдістемелері алынып, нәтижесі шығарылды. Тесттер нәтижесіне орай оқушылардың   барлық пәндерге деген қызығушылығы жақсы. Бірақ математика, өзін-өзі тану және дене шынықтыру  пәні мұғалімдеріне көңілі толмайтындығын жеткізді. Мектеп психологтары  осы пән мұғалімдеріне  дауыс ырғағын, мінез-құлықықтарын  және сөйлеу мәдениетін, оқушымен қарым-қатынасын өзгертуге кеңес берілді. Бұл мәселе әдістемелік кеңесте қаралып пән мұғалімдеріне ауызша ескертілді. Сонымен қатар «Біз 5-ге барамыз», «Біздің сынып» тақырыптарында жаттығу- сабақтар өткізілді.  


4. 1-сынып  оқушыларынан  балалардың   мектепте оқуға  даярлық деңгейін зерттеу мақсатында:  №1 субтест. Психоәлеуметтік жетілгендік деңгейін зерттеу мақсатында  Керн –Йерасектің  «Мәтінді имитациялау», «Нүктелер тобын көшіру»

 тесттері, «Тестілік әңгімелесу»,  ой-қиялын анықтап, дамытуға «Ер адамның суретін салу» графикалық тесті,  зейін тұрақтылығын анықтауға «Үйшік» әдістемесі алынды. Осы жұмыстардың нәтижесі  сыныптың ата-аналар жиналысында айтылды.                                                                                                                                  «Керн-Йерасек» әдістемесі 1б сынып                                 1ә-сынып

«Үйшік» әдістемесі  1а-сынып                                              1ә –сынып

Төмен балл алған оқушылармен түзету-дамыту  жұмыстары жүргізілді.

   5.  Ата-аналармен  жұмыс бойынша үйден оқитын оқушылардың  ата-аналарымен сабаққа, сабақ беретін  мұғалімдерге байлынысты кеңес берілді.  Осы ата-аналармен «Үйде баламен қалай жұмыс жасау керек?», «Сіз балаңызды жақсы түсінесіз бе?»  тақырыптарында жаттығу-сабақтар  өткізілді. Мектепке дейінгі шағын орталықтың  ата- аналарымен «Сіз қандай ата-анасыз?»  сауалнамасы  алынды. Жалпы ата-аналар жиналысында  кеңес беріліп, ойын ойнатылды. Қыркүйек – қазан айларында Қазақстанның отбасы күніне арналған    «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» тақырыбында  Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. 

  6. ОЖСБ бойынша оқушылардың тізімі алынып, жылдық жоспар бекітілді. Жоспар бойынша оқушылардың қорқыныш, үрей, мазасыздық сезімдерінің алдын- алу үшін «Менің көңіл- күйім» және «ОЖСБ – деген не?»  тақырыптарында   

жаттығу- сабақ, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу (өзін –өзі бағалау, мамандық  таңдау деңгейі) жүргізілді.

   7. Мұғалімдермен және жас мамандармен  төмендегідей жұмыстар жүргізілді: ұжымға жаңадан келген ұстаздардың тізімі алынды. Бұл мұғалімдермен «Өз темпераментіңіздің басым жағын анықтаңыз», «Өзін-өзі бағалау» тесттері алынып нәтижесі шығарылды. Әдістемелік отырыста «Өзіңіз туралы білгіңіз келе ме?» 

тақырыбында графикалық тест алынып,нәтижесі бірден айтылып берілді. 

«Өз темпераментіңіздің басым жағын анықтаңыз» тестінің нәтижесі 

«Өзін-өзі бағалау» тестінің нәтижесі 

8. Күйзелістің алдын-алу және құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Зорлық -зомбылық» тесті, «Менің дінге көзқарасым», «Мен құқығымды білемін бе?» тесті және сауалнамалар алынды.  5-7 сыныптар арасында «Ойлануға арналған балықтар»  сауалнамасы алынып, нәтижесі шағыралды.  

  1. Жасөспірімдер арасында күш көрсету, зорлық –зомбылық және қорқыту

фактілерін анықтау мақсатында «Зорлық-зомбылық» тесті алынып нәтижесі шығарылды.  

2.«Оқушы бойында құқықтық тәрбие қалыптастыруда мектеп пен отбасы серіктестер»  тақырыбында   жаттығу-сабақ өткізілді. Бұл сабаққа мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар қатысып, өз құқықтары туралы постер қорғау арқылы айтып берді.  

  9. Кәсіптік бағдар бойынша жыл бойы оқушылардан  мынадай жұмыстар алынды: Сауалнама «Сенің кәсіби ой-ниетің», «Мамандық туралы хабар» сауалнамалары алынып нәтижесі шығарылды.