«Баланың оқуға деген ынтасын қалай арттыруға болады?» тақырыбында психологиялық кеңес беріліп, тренинг ойнатылды. » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Баланың оқуға деген ынтасын қалай арттыруға болады?» тақырыбында психологиялық кеңес беріліп, тренинг ойнатылды.
13
сентябрь
2023

«Баланың оқуға деген ынтасын қалай арттыруға болады?» тақырыбында психологиялық кеңес беріліп, тренинг ойнатылды.

Аталған мектептің  2 а сынып жетекшісі Ж. Буланбекованың сұранысы бойынша  сынып жиналысында «Баланың оқуға деген ынтасын қалай арттыруға болады?»  тақырыбында   психологиялық кеңес беріліп, тренинг ойнатылды. 

Қазіргі инетернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқада жағдайлар оқушының сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белігілі. Осындай кезде балаға білімнің керек екенін және маңызы зор екенін жеткізу өте қиын. Ата-аналар балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығына қиналу үстінде. Бірақта қазір мүмкін емес дүние жоқ, әр проблеманы шешудің дұрыс жолын таңдау керек. Төменде баланың оқуға деген ынтасын арттыруға , ата-анаға көмек болар деп төмендегідей кеңестер берілді. 

1. Ата-анаға 10 ұсыныс:

- Балаңыздың білім алуы қаншалықты маңызды екенін сұрау;

- Балаңыздың күнделікті «Бүгінгі күнің қалай өтті?», «Мектепте қандай жаңалық болды?»  т.с.с сұрақтар қою;

- Балаңыздан бүгінгі  өтілген сабақтардың, тақырыптардың қаншалықты түсінікті болғаны туралы сұрау;

- Балаңыздың бүгінгі жетістіктерін сұрау;

- Әр жасаған жұмыстары үшін мақтау;

- Сынып жетекшімен  үздіксіз байланыста болу;

- Балаңыздың алға қойған мақсатына жетуіне талпындыру, жетелеу;

- Балаға әрқашанда оң көзбен қарау;

- Оқу қызметінде достарымен қаншалықты санасатыны туралы сұрау;

- Балаңызды басқа балалармен салыстырмау. 

  Құрметті ата ана!  Өзіңіз балаға үлгі болуға лайықты болыңыз. Егер бала өзінің ата-аналарының білімді, ақылды екенін көргенде мен неге әке-шешеме ұқсамаймын деген мотивациясы туады. Алайда жоғарыда айтылған ұсыныс кеңестер  баланың оқуға деген мотивациясын тудыратын кеңестердің барлығы емес.  Дегенменде осы кеңестерді  ұстанатын болсаңыз балаңыздың аздаған уақыт ішінде нәтиже бертіні сөзсіз.






2. «Суреттер сөйлейді» суретті тест. 

Мақсаты: ата ананың баламен өзара қарым қатынасын анықтау. 

Ата аналарға аз уақыттың ішінде «Үй, Жол, Жылан, Шалбар, Орамал» салу сұралады.  Салып болғаннан кейін аталған суреттердің қандай мағына білдіретіндігі айтылады.