«Баланы мектепке жан-жақты дайындау» дайындық топ ата-аналарымен » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Баланы мектепке жан-жақты дайындау» дайындық топ ата-аналарымен
21
апрель
2023

«Баланы мектепке жан-жақты дайындау» дайындық топ ата-аналарымен

Анықтама


Уақыты: 21.04.2023ж 

Сыныбы:  дайындық топ ата аналары 

Жұмыс түрі: Баяндама: «Баланы мектепке жан-жақты дайындау»

Мақсаты: ата аналарға баланы мектепке жан жақты дайындаудың маңыздылығын  түсіндіру 


     Жоспар бойынша дайындық топ ата аналарна аталған тақырыпта баяндама оқылды. Ата аналарға балаларды мектепке қалай дайындау керектігі туралы айтылып, кеңестер берілді. 

Баланы мектепке жан-жақты дайындау – өте жауапты әрі маңызды іс. Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін маңыз артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керісінше, бала білмей барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз?  Мектепке баратын бала жазу-сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдарламасының тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс-жүзінде мектеп табалдырығын аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу-жазуды білсе – жақсы! Балаға жазу-сызу барысында қарындашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағынасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Сандарды санаумен ғана шектеліп қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере алу тиіс. Сонымен қатар, өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді.


Қорытынды:ата аналарға  жан жақты ақпарат берілді. Ата аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын  қойып, жауап алды. 

                                                                                                         Мектеп психологтары      Ибраева А Разиева А