2020- 2021 оқу жылында мектеп психологтарының жылдық жүргізген жұмыс жоспары туралы есебі » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2020- 2021 оқу жылында мектеп психологтарының жылдық жүргізген жұмыс жоспары туралы есебі
04
март
2021

2020- 2021 оқу жылында мектеп психологтарының жылдық жүргізген жұмыс жоспары туралы есебі

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

2020- 2021  оқу жылында   мектеп психологтарының  жылдық   жүргізген жұмыс жоспары туралы есебі 

2020- 2021  оқу жылына мектеп бойынша жылдық жоспар жазылып, бекітілді. Жоспар бойынша  төмендегідей жұмыстар жүргізілді. 

1.Жаңа оқу жылында үйден оқытуға 9 бала шығарылды.Жалпы бағдарламамен –  Итахунов Турғанжан, Тельманова Дильназ, Машуров Ясинжан.  Көмекші бағдарламамен - Исраилова Русалина, Абдумажитова Гузель, Аубакир Ерасыл, Ақан Қарақат, Сейтжанов Нұркелді, Ахметова Паризат. Барлық оқушылар облыстық педагогикалық- медициналық- психологиялық – консультациядан өтіп, қорытындысы алынды.  Облыстық педагогикалық- медициналық- психологиялық – консультациясының  қорытындысы негізінде мектептің бұйрығы, сабақ кестесі, сабақ беретін мұғалімдер бұйрықпен бекітілді.  Барлығы жоғары білімді мамандар. Осы аталған оқушыларға жылдық жоспар бекітіліп жұмыстар жүргізіліп келеді. Баланың диагнозына байланысты лайықты тесттер алып, ойындар ойнатылды. «Мен достарымды жақсы көремін», «Біз бақытты отбасымыз» түзету-сабақтары  жүргізілді. Үйден оқитын оқушылармен және олардың ата-аналарымен  сұхбат жүргізіліп, кеңестер берілді. 

2. Ұлттық Біріңғай Тестілеуге  2 бала қатысуға өтініш жазды. Жылдық жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді: Оқушылардың темпераментін анықтауға «Темпераментті анықтау», білім алушылардың  танымдық қабілеттерін анықтап, дамутыға (есте сақтау, ойлау, қиялдау, қабылдау) «Есте сақтаудың түрлерін анықтау», «Өзін-өзі бағалау» тестілері алынып нәтижесі шығарылды. «Тұлғалық қобалжудың деңгейін анықтау»  тесті алынды. 

1-сынып  оқушыларымен  балалардың   мектепте оқуға  даярлық деңгейін зерттеу мақсатында: Психоәлеуметтік жетілгендік деңгейін зерттеу мақсатында  Керн –Йерасектің  «Мәтінді имитациялау», «Нүктелер тобын көшіру» тесттері,  ой-қиялын анықтап, дамытуға «Ер адамның суретін салу» графикалық тесті,  зейін тұрақтылығын анықтауға «Үйшік» әдістемесі алынды. Осы жұмыстардың нәтижесі   сыныптың ата-аналар жиналысында айтылды.Тыңдалым үрдісін зерттеу. «Моншақ» әдісі алынып нәтижесі шығарылды. 

1 ә сынып                                                                                 1 а сынып 

5 сынып сабақтастық және бейімдеу бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді: Сыныптағы көшбасшыны анықтауға «Социометрия» әдісі, баланың мінез-құлқын, сыныптағы орнын  анықтауға «Темпераментті анықтау»,  «Өзін-өзі бағалау» тесттері алынып нәтижесі шығарылды.   Оқушының мектепке деген көзқарасын анықтауға «Мектептің алатын орны»,  «Пәнге деген көзқарасы» тесттері алынды. 

9- сыныптармен: Сауалнама: Сенің кәсіби ой-ниетің. Мамандақ туралы хабар Тест: Д. Голландтың тұлғаның типтерін анықтау тесті,   «Табандылықты зерттеу», Мен қаладым» саралуашы- диагностикалық сұрақнама, Голомштоктың әдістемесі:  Қызығушылық картасы  алынып нәтижесі шығарылды. 

9 ә сынып  15 бала                                                                   9б сынып  18 бала 

                                 

                                                        9а сынып 20 бала 


6.  Қабілетті оқушылармен мынадай жұмыстар жүргізілді:  жоспар бойынша  оқушылардың шығармашылық қабілетін  диагностикалау жұмыстары жүргізілді. Таным процесстерін анықтау (ес, қиял, ойлау) , оқу мотивациясын анықтау үшін сауалнама, ақыл – ой дамуына «Интеллект тесті»(Р. Кеттел) тесттері алынып нәтижесі шығарылды.


1. Өзін-өзі бағалау                                                     2. Темпераментті анықтау 


7. Өмірде қиын жағдайға душар болған жасөспірімдермен төмендегідей  іс-шаралар   жүргізілді: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Қазақстанның БҰҰ Балалардың құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауы шеңберінде 9 – 20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық ақпараттық науқаны негізінде 9-11 сыныптар арасында  сауалнама жүргізіліп нәтижесі шығарылды.  Оқушыларға 10 сұрақ берілген, білім алушылар өз ойларын толық және еркін жеткізе білген. Сұрақтарға нақты жауап жазған. 

8-11– сыныптар арасында Оқушыларға өмір сүру туралы дұрыс, жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, олардың өз өмірлерін дұрыс құру, өмірде кездесетін қандай қиындықтар болмасын оны жеңе білу және өмірді бағалай білу туралы түсінік беру мақсатында  «Проблемаларды қиып тастаймын» тақырыбында жаттығу сабақ жүргізілді. (қашықтан)

Адамның болмысын, оның эмоционалдық жай-күйін, қоғамдағы орнын анықтау мақсатында 5-6- сыныптар арасында  «Ағаштағы адам»  графикалықтесті алынып нәтижесі шығарылды.



6-8, 10,11 сыныптар арасында: Оқу мотивациясын анықтау;  Білім алушылардың танымдық процесстерін анықтау;Ақыл – ой дамуына «Интеллект тесті»(Р. Кеттел)Тест: «Ағаштағы адам»Саулнама: «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ», СБА әдістемесі, Сауалнама: «Зорлық-зомбылық болмасын», Сауалнама: «Мен және менің ортам»,  Әдістеме: «Аяқталмаған сөйлемдер», Сауланама:  Мұғалім оқушы арасындағы қарым-қатынас, Тест:Тұлғалық қобалжудың деңгейін анықтау тесттері алынды.

Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен Танымдық үрдістерін анықтау: 

а) ойлау: «суреттерді жалғастыр», «10 сан» әдістемелері;  

ә) есте сақтауға: «фигураларды есте сақта», «есте сақтаудың шапшаңдық деңгейін анықтау»; 

б) зейінге: «сандарды орналастыру», «шифрлау» әдістемелері; 

в) сөйлеу: «ертегі айт», «сөзден сөйлем құра», «суреттердегі оқиға» әдістемелері; 

г) қабылдауға: «әріптер матрицасы», «заттардың көлемін қабылдау»; әдістемелері алынып нәтижесі шығарылды. 

Басшы біліктілік сауалнамасы Тест: «Сіздің коммуникативтік дағдыңыз»  Н. Ряховский

ІІ. Түзету – дамытушылық бағыт.

    №1 сабақ: «5-сынып дегеніміз не?»,  №2сабақ: «Өзіңді таны», №3 сабақ: «Біздің  мұғаліміміз», №4 сабақ: «Біз бір-бірімізді түсінеміз бе?», Жаттығу -сабақ:  Болашақ мамандық туралы қиялдайық, Жаттығу-сабақ: Болашақ мамандықтан менің көретінім

Жаттығу: «Шын мен өтірік» Ойын: «Зейінді бол» Ойын: «Ергежейлер мен алыптар» Жаттығу: «Тақпақ», Жаттығу: «Проблемаларды қиып тастаймын», Жаттығу «Реніштер қобдишасы»,Тренингтік жаттығу: «Эмоция түстері»,Түзету  сабағы: «Мен достарымды жақсы көремін»,  Коррекциялық сабақ: «Біз бақытты - отбасымыз», Жаттығу –сабақ: «Денсаулықтың 10 құпиясы»,Жаттығу-сабақ: «Біздің көңіл -күйіміз», Ойын жаттығулары:   Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз, Қайта қалыптасу елесін зерттеу (Шеваревтің әдісі) (есте сақтауды анықтау), Ойын – жаттығу: «Емтихандағы өз-өзіне сенімділік», Сабақ: Тест кезінде стресстен қалай арыламыз?, Жаттығу-сабақ: «ҰБТ-ға бірге дайындалайық» (ата-анамен оқушылар), Жаттығу-сабақ: «Жағымды көңіл-күй- жан азығы»,  Психологиялық ойын: «Бірлігі жарасқан ұжым»,  Жаттығу-сабақ: «Менің жаңа ұжымым», Психологиялық ойын: «Жарқын болашақ иесі –бүгінгі жас маман».  Мүмкіндігі шектеулі 4а сынып оқушысы Ақан Қарақат Республикалық  сурет байқауына қатысып І Дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

       Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және олардың  ата-аналарымен  төмендегідей жұмыстар жүргізілді. Баланың және ата-анасының  өзара қарым –қатынасын, баланың оқуға деген қызығушылығын, ата-ананың балаға деген көзқарасын анықтауға араналған диагностикалық жұмыстар: Ата-аналарға және балаларға ата-анамен абланың қарым-қатынасын, ата-анаға балаға деген көзқарасын анықтауға   сауалнамалар алынып, нәтижесі шығарылды.  

ІІІ. Ағартушылық – профилактикалық бағыт.

Педагогтар үшін әдістемелік оқу: «5-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, бейімделудегі кейбір қиыншылықтар», Психологиялық зерттеу және бақылау нәтижесі туралы ақпарат беру.  Әңгіме:  «Мамандық таңдау деген не?», Сұхбат: «Оқуға қайда барам?». Жаднама«Психикалық денсаулық деген не?», «Құқық дегеніміз не?», «Қалай зорлық-зомбылыққа душар болмау керек?», Дәріс: «Күйзелістің алдын алу жолдары»,  Ойын жаттығулары: Күйзеліске қарсы жаттығулар. 5-11 сынып оқушылары арасында ZOOM платформасы арқылы  «Анонимдік қоңырау және оның салдары» тақырыбында онлайн жиналыста сенім телефоны, шұғыл қызметтердің нөмірлері туралы және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі туралы айтылды. Аудан психологтары арасында «Девиантты бала қайдан шығады?» тақырыбында вебинар өткізілді.

    Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және олардың  ата-аналарына   «Баланы қалай тәрбиелеу керек?» тақырыбында психологиялық кеңестер, жаднамалар берілді. «Отбасы махаббаты   неде?» тақырыбында жаттығу-сабақ жүргізілді. 

                                  

Балалардың зорлық-зомбылық оның ішінде буллинг, кибербуллингтің барлық түрлерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға жаднама, кеңестер, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Буллинг және кибербуллинг туралы ақпарат берілді. «Буллинг және кибербуллинг деген не?» тақырыбында ата-аналарға және оқушыларға  презентация жіберілді. 

9. Жас мамандармен:  «Жарқын болашақ иесі  – бүгінігі жас маман» тақырыбында слайд жіберілді. «Өзін-өзі бағалау», «Темпераментті анықтау», «Өзіңді білігің келе ме?» тесттері алынып нәтижесі шығарылды.

ІҮ. Консультациялық бағыт.
Ата-аналарға оқушылардың мектепке бейімделуі туралы кеңес беру (сұраныс бойынша) Оқушыларға тест нәтижесі бойынша жеке және топтық кеңес беру.  

ОПМПК –ға құжаттарды реттеу дамуында патологиялық ауытқуы бар балаларды дәрігер мамандарға көрсету, олардың құжаттарын медициналық- психологиялық комиссияға дайындау. Сауланама нәтижесі бойынша зорлық – зомбылық көрген білім алушылардың ата-аналарына арналған жеке дара кеңес беру. 11 сынып білім алушыларының  ойлау типін, темперамент типін және мазасыздану деңгейін анықтау арқылы педагогтарға білім алушылармен тиімді жұмыс жасау жолдарын ұсыну. 11 сынып білім алушыларына арналған ҰБТға дайындау жөніндегі ұстаздарға кеңестер беру.

Кездескен қиындықтар: Қашықтан оқыту кезінде оқушылармен, ата-аналармен, ұстаздармен жаттығу-сабақтарды жүргізу қиындық туғызды. Әсіресе бірінші және бесінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтауға берілген тест, сауалнамалардың орындалуын бақылай алмау. 

   Ұсыныс: қашықтан оқыту барысында түзету-дамыту жүргізуге ыңғайлы, қолайлы әдістемелер бағдарламасын қарастыру. Келесі оқу жылына психологиялық қызмет мынадай жұмыстарды іске асыруды жоспарлайды: 

1.Оқу жылының жұмыс жоспарын өзіндік жетілдіру;

2.Педагогтармен, ата-аналармен және балалармен жүргізілетін бес бағыт бойынша жұмыс мазмұнын толықтыру;

3.Өзіндік білімін жетілдіру деңгейін жоғарлату;

4.Психолог кабинетін толық жабдықтау;

5.Өз тәжірибесін басылымдарда жариялау.

оқу жылының жылдық есебін қорытындылай келе, жоспар бойынша қойылған жұмыстар жүзеге асырылып, психологиялық анықтамалар берілді.Негізінен қиындықтар ата-аналармен жұмыс барысында туындады.  Себебі,өзіндік көзқарасымен, жеке ойлауымен табандылық көрсететін ересек тұлғалардың қандай да бір мәселеге көзін жеткізу қиын болып келеді. Психологиялық қызметтің жұмысының нәтижелілігін тек мынадай жағдайда көруге болады: психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен педагогтың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен, байланыста болса жұмыс өз нәтижесін береді.

Мектеп психологтары:      А. Ибраева 

                                     А. Разиева