2020-2021 оқу жылының тәрбие жұмыстарының қорытындысы » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2020-2021 оқу жылының тәрбие жұмыстарының қорытындысы
24
май
2021

2020-2021 оқу жылының тәрбие жұмыстарының қорытындысы

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие 

Рухани адамгершілік тәрбие

Ұлттық тәрбие

Отбасы тәрбиесі

Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы

Сыныптан тыс ақысыз үйірмелер 


       2020-2021 жылғы оқу жылында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты еліміздің барлық мектептері жаңа оқу жылын қашықтықтан онлайн түрде бастады.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз  мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

   01.09.2020 жылы Білім күніне орай «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ» атты тақырыпта алғашқы қоңырау салтанатты   жиыны қашықтықтан онлайн түрде ұйымдастырылды.

Мақсаты : Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу. Мектеп директоры: Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы оқушыларды, ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, сапалы білім, саналы тәртіп алуларына тілек білдірді. Өткізу уақыты 1 ауысым бойынша 11:00  2 ауысым бойынша 12:00 Тақырыбы: 1-4 сыныптар «Конституция-біздің болашағымыз»

5-7 сыныптар «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» 8-11 сыныптар «Мамандық таңдау-ертеңді ойлау» қашықтан онлайн түрінде өткізілді. Оқушыларға сілтемелер алдын-ала жіберіледі. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=199102574982197&id=100046473675872

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=199112454981209&id=100046473675872

«Білімді ұрпақ-жарқын болашақ»


  2020-2021  оқу жылы бойынша мектепте үйірме жұмыстары анықталып, жоспарлары бекітілді. Мектептен тыс үйірме, секцияларға қатысатын оқушыларды анықтап  НОБД ға енгізілді.Мектеп бойынша қосымша үйірме жұмыстарының нәтижелі жүруі оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың шығармашылық қабілеті мен эстетикалық көзқарасын дамыту болып табылады. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудағы мақсат – әр баланың қызуғышылығы мен қабілетіне қарай тұлға ретінде дамуына жағдай жасау Сондықтан да үйірме жұмыстарын жандандыра қазіргі таңдағы мектеп проблемаларының маңызды бір бөлігі болып отыр.


Жалпы оқушы саны -650

Мектепішілік сыныптан тыс ақысыз үйірмелер саны -28

Қатысатын оқушылар саны-

Жалпы пайызы – 81%