2021-2022 оқу жылындағы мектептің смарт мақсаты: » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылындағы мектептің смарт мақсаты:
05
январь
2022

2021-2022 оқу жылындағы мектептің смарт мақсаты:

2021-2022 оқу жылындағы мектептің   смарт мақсаты:


Ақпараттандыру арқылы оқушылардың білім сапасын, функционалдық сауаттылығын көтеру, мұғалімдердің ғылыми- шығармашылық ізденістерін жетілдіру.

Мектеп стратегиясы:

  • Профилдік бағыттау жұмысын жандандыру: білім алушылардың  кәсіби басымдықтарын зерделеу. «Мамандық таңдау» тұжырымдамасын жүзеге асыру.
  • Жеке жұмыс жасау және функционалдық сауаттылықты дамыту негізінде білім алушылардың парасаттық потенциалын көтеру.
  • Жаратылыстану -математикалық бағыт пәндерінің оқыту деңгейін тереңдету.
  • Ақпараттандыру (цифрлық) білім беру ресурстарын оқу- тәрбие үдерісінде қолдану.
  • Білім алушылардың біліміндегі  олқылықтарды анықтап және білімін толықтыра отырып оқу бағдарламасының орындалуын жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • Мектепішілік қоғамда коллабаративтік орта құру: мұғалім- оқушы- ата-ана, заманауи әлемде сұраныста болатын табысты оқушыны дайындау.
  • Мұғалімдердің әдістемелік құзырлығы мен өз бетімен білім алуының арттыру жүйесін жетілдіру.
  • Педагогикалық үрдіске қатысушылардың шығармашылық және кәсіби белсенділігі дамуының педагогикалық жағдайларына талдау жасау.
  • Ақпараттық ( цифрлық) технологиялар негізінде жаңа білім беру ортасын әрі қарай дамуын қамтамасыз ету.
  • Қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңашыл мұғалім формуласын қалыптастыру.
  • «Жас мамандар» мектебінің жұмысын жандандыру.
  • Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді анықтау, зерттеу, тарату.
  • Білім алушыны қоғамда өмір сүруге адаптациялау, таңдау негізін жасап, әрі қарай мамандырылған бағдарламаларды меңгеріп кетуіне ықпал жасау.
  • Оқушылардың өз бетімен білім алу және өзін-өзі дамыту дербестігін өркендету.
  • Білімінде олқылығы бар  және дарынды оқушылардың өз бетінше білім алуға ынталандыру және ғылыми-ізденіс жұмыстарға тарту.
  • Әлеуметтік сау тұлға ретінде оқушының тәрбие жүйесін жетілдіруге жағдай жасау.
  • Білім алушыларды патриоттыққа, еңбекқорлыққа, қоршаған ортаны аялауға, азаматтылыққа, парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылықпен құқық бұзушылықтың алдын алу.
  • Білім   алушылардың мектепте өзін-өзі басқаруға білім беру процесінде демократияландыруға ықпал ету.
  • Оқу сауаттылығы-табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның  қазіргі қоғамда коммуникативтік құзіретін қалыптастыруға жағдай жасау.
  • Ерекше білім қажет ететін оқушыларға оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда арнайы бағдарлама бойынша жағдай жасау.
  • Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету.
  • Даярлық топ балаларының ұжымдық (топпен) жұмысқа бағыттап, өзара қарым-қатынасын жетілдіру.
  • Балаларды әлеуметтік бейімдеу, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ақыл-ой, адамгершілік, дене бітімі, этикалық, эмоциялық, танымдық қабілетін дамыту.
  • Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.