Хабарландыру » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру
21
август
2024

Хабарландыру

   

Хабарландыру

«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

БОС, УАҚЫТША ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС

1. Физика пәні мұғалімі - 1 жүктеме , уақытша.

2. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 0,5 жүктеме ,тұрақты.

3. Әлеуметтік педагог- 1 жүктеме ,тұрақты.

4. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-  1 жүктеме ,тұрақты.

5. Педагог ассистент - 1 жүктеме ,тұрақты.

6. Тарих пәні мұғалімі – 0,5 жүктеме , уақытша.

Конкурс: Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде өтеді.

Конкурс кезеңдері:

1. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;

2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидат төменде көрсетілген құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдау қажет:

       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 баллнемесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

      11) техникалық және кәсіптікорта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскентиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыруұзақтығы кемінде 10 минутең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.


3. Кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;

4. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.

Конкурстың өткізілетін күні 02 қыркүйек 2024 жыл

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күні

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Жетісу облысыПанфилов ауданыЖаркент қаласы Босақов көшесі № 51, «Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесітел: 8(7283)19-52-16, э/поштаenbekwi.o.m@mail.ru.

Похожие публикации:

31 июль 2024 Хабарландыру!
31 май 2024 Конкурс!!!
11 июнь 2024 Конкурс!!!
31 май 2024 КОНКУРС!!!
12 февраль 2024 Хабарландыру