2018-2019 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2018-2019 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі
03
июнь
2019

2018-2019 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі

Мектептің тәрбие жұмысының проблемасы

«Өз бағдарын өзі айқындайтын, шығармашылыққа бейімді, дені сау, үйлесімді, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеп өсіру»


Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс.

В.Г.Белинский



Балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеу жүйесін дамыту Қазақстан идеологиясының негізгі ережелеріне білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принцптеріне мемлекеттік жастар саясатына сәйкес жүзеге асырылды. Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы – ол өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, өзара қарым-қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үлестіре білетін тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие үдерісінің алатын орны ерекше. 

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі білім алушыларды тәрбиелеуде оның ішінде балалармен оқушы жастарды азаматтық патриотизім жауапкершілік, еңбек сүйгіштік, рухани -адамагершілік құндылықтар салауаттық өмір салтын қалыптастыруды білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.  

Осындай тәрбиелік тұжырымдамаларды басшылыққа ала отырып тәрбие жоспарының мақсат-міндеттері және тәрбие жоспары құрылды.

Тәрбие жоспарының мақсаты:

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімде дамыған тұлға тәрбиелеу. 

       24.08.2018- жылы мектебімізде  «Мектепке жол» акциясы болып өтті.       Акцияның негізгі  мақсаты: Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар  мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауның алдын алу үшін материалдық және басқа да  көмек көрсету.“Мектепке жол” жалпы Республикалық акциясы биыл”Балаларға  бірге көмектесейік!” тақырыбына арналып отыр. Орталық коммунникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі  Балалардың құқығын қорғау коммитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрімқызы «Мектепке жол» акциясы тамыздан қазанға дейін бірқатар шаралар өткізілетіні туралы айтқан болатын. Жалпыға бірдей білім беру қорыннан 225000 теңге, 15 балаға 5 қыздардың, 10 ұл баланың мектеп формасы берілді. Сонымен қатар  Республикалық Ұйғыр Этно мәдениет орталығы жанындағы «Нур аналар» аналар кеңесінің төрайымыЖ. Муратовна  200 мың теңге көлемінде 11 оқушыны мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамассыз етті.      


«Мәңгілік ел» патриоттық акт аясында қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриотты тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін балалар мен жастардың құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

ҚР Рәміздерінің идеологиялық маңызын түсіндіру және әр дүйсенбі күні 

ҚР Гимнін орындату жыл бойы жүзеге асып орындалып отырды. Жалпыға бірдей құқықтық оқудың кешенді бағдарламасын жоспарлап, ұл бала және қыздармен жұмыстың жылдық жоспарлары құрылып бекітілді.

    «Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018-2019 оқу жылында құқықтық тәрбие бойынша жүргізілетін іс-шаралардың жоспары құрылып,сол жоспар бойынша ай сайын жұмыстар жүргізіліп келеді.

Құқықтық тәрбие мектебімізде 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Ерекше қадағалауды қажет ететін оқушылармен жұмыс.

Жедел жастар тобы.

Құқықтық оқулар.

«Азамат»Ұл балалар және «Айгерім» қыздар клубы 

Тәртіп бұзушылықтың алдын-алумақсатында құқықтық кеңес отырысы қыркүйек айында өткізілді. №1 жиналысында ерекше қадағалауды қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізетін кеңес мүшелері құрылып, жоспары бекітілді. 

1.Кеңес төрайымы   Қ.Карбузова 

2. ТІЖО   М.Әбілғазиев

3. Хатшы Ж.Бұланбекова 

4. Жігіт басы З.Сабитов 

5. Ұлдармен жұмыс жүргізуші Б.Ошуров,Қ.Самылтыров

6. Қыздармен жұмыс жүргізуші  Ф.Ибрагимова, З.Мусаева

7. Ата- аналар комитеті төрайымы  Қарашалова Жазира

8. Ата-аналар комитетінің орынбасары Бакиева Интизар

9. КТІЖБ қызметкері   М.Исанов

10. Мектеп психологы   А.Ибраева 

11. Педагог ұйымдастырушы Ж.Еркінқызы

Аз жылда кең етек алып кеткен нашақорлық пен маскүнемдік, шылымқорлық, жезөкшелік, кісі өлтіру, қарақшылық, жастардың жыныстық қатынастарға ерте араласуы, қылмыстық әрекеттердің көбеюі және т.б ата-аналар мен тәрбие ісімен айналысушы көпшілік қауымды алаңдатуы заңды құбылыс. Өйткені мұның бәрі тәрбиенің «нәтижесі» әрі жіберген кемшілігі екені түсінікті. Осыған орай мектебімізде жас өспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында мұғалімдерден және сынып жетекшілер ата-ана комитетінен жедел жастар тобы құрылып кестелері бекітілді.

Жедел жастар тобының жетекшісі АӘД пән мұғалімі Д.Ағыбаев тағайындалды. 

Жедел жастар тобының жылдық жоспары бекітіліп жоспар бойыншаәр сенбі, жексенбі күндері кезекшілікте болып , түнгі рейдке шығады. Рейд кезінде ұсталған оқушыларға шара қолданылып және ата-аналарымен жұмыс жүргізілуде. «Жасөспірім түнгі қалада», «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанының «Түнгі қаладағы балалар», «Көше» тақырыбында және Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай, күзгі қысқы демалыстарында өз жұмыстарын атқаруда.

Еліміздің рәміздерімен таныс болайық . ҚР Конституциясы баптарындағы мемлекеттік рәміздер туралы 1-11 сыныптарда сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.4 «ә» сыныбы сынып жетекшісі Н.Козметова «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»тақырыбында  ашық тәрбие сағатын өтті.Бастауыш сыныптар арасында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арнап іс-шаралар жоспары құрылып, 26.11.2018ж 1–4 сыныптар арасында 1желтоқсан «Тұңғыш  Президент күні» атты сынып сағаттарын өтті. 5 -11 сыныптар арасында «Елін сүйген Елбасы» атты тақырыпта сынып сағаттарын өтті. 27.11.2018ж   «Менің тұңғыш Президентім»  атты тақырыпта  10 А сынып  жетекшісі   Құрамаева  Жеңіскүл  ашық   тәрбие  сағатын  өткізді.   

28.11.2018ж   «Менің  Президентім»  тақырыбында   эссе, шығармалар  байқауы  өтті. 29.11.2018ж  «Елін сүйген, елі сүйген  Елбасы»   тақырыбында  5– 6 сыныптар арасында Мусазов Жамалдин  асықтан  жарыс,   7 –11 сыныптар арасында Курабаев   Арман  шахматтан  жарыс   өткізді. 

«Елім деп туған   Елбасы»  тақырыбында  26.11 – 30.11 аралығында мектеп  кітапханашылары  көрме   өткізді. 

Осы апталықтан   оқушылар  көп  мәлімет   алды деп  ойлаймыз. Оқушылардың  патриоттық   сезімдері  арта түсті деген сенімдеміз.

2018 жылы 1- қыркүйек білім күні «Рухани жаңғыру- туған жер тұтастығы мен ел болашағы! » тақырыбында мектепте салнатты жиын өткізілді. Жаңа оқу жылының бірінші күніне мектептің жан-жағы тазалынып, мектеп ауласы безендірілді. Безендіруге   9 –сыныптар мен сынып жетекшілер қатысты. 2018-2019-оқу жылынада    1-сыныптан 4 сынып ашылды. 1 «А» сыныбын Балабекова Жадыра,    1 «Ә»  сыныбын   Буланбекова Жадыра, 1 «Б»сыныбын   Тохтамова  Жохаргүл,  Анаятова Бибинур 1 «В» сынып оқушыларымен  білім әлеміне бастап кірді. Салтанатты жиынға Мемлекеттік Ту шығарылып,  Мемлекеттік Гимн мен ашылды. Салтанатты  жиынның алғашқы сөзі мектеп директоры м.у.а Қ.Карбузоваға берілді. Мектебіміздің директоры м.у.а: Оқушылардың жазғы демалысын, мектептің жетістіктерін атап өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Ахметов   Хасан Турсунұлы, ардагер ұстаз Байрахметова Гульжахан Байрахметқызы, Амансупиева Арзигуль Искалиевна  сонымен қатар жігіт басы: Саметов Ташполат, зейнеткер ұстаздар: Бакиева Мерванам, Турдиева Саниям апайлар келіп өздерінің жақсы тілектерін білдірді. Мектебіміздің  призиденті Қали Карина ізгі тілектерін айтты. Жаңа оқу жылы мектеп табалдырғын алғаш басқан  бүлдіршіндер өз тілектерін, тақпақтарын айтты. Осы оқу жылы мектеп бітірушілеріміз іні-қарындастарына гүл шоқтарын ұсынды.  Алғашқы қоңырау соғу құрметі: мектебіміздің үздігі, аудандық пән олимпиядаларының жүлдегері 11 «А» сынып түлегі Ахметов Ерғанат Талғатұлына және 1 «Б» сынып оқушысы: Илиева Сахиба Абубакиревнаға берілді. Салтанатты жиын оқушы жастар ұйымының   Флешмоб биімен аяқталды. Салтанатты жиын біткеннен кейін сынып жетекшілер  сыныптарында «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбына сынып сағаттарын жүргізді.

2018- жылдың  21 желтоқсанында Аудандық білім бөлімінің бұйрығы бойынша

«Жас Ұлан»  «Жас Қыран»  біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын оқушылардың тізімін алдын -ала Аудандық білім бөліміне өткіздік. Бұйрық бойынша өткізілетін күні белгіленді. Мектебімізден «Жас Ұландар» қатарына 36 оқушы, «Жас Қырандар» қатарына  51 оқушы қабылданды.  Еліміздің Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай «Тәуелсіз елім, кең байтақ жерім- Қазақстан!» атты Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» «Жас Қыран» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынға: Ата- аналар үштігі,   мектеп ұжымы . Оқушы жастар ұйымынан: Қали Карина , Өрлеубек Қайсар  салтанатты жиынды жүргізді. Оқушыларға төс белгілер мен галустуктар табысталды. Ұйымға қабылданған оқушылар «Жас Қыран» тобы  «Отан үшін, ел үшін, ата мекен  жер үшін» деген ұранын айтса, «Жас Ұлан» тобы «Қазақстан, Нұрсұлтан, Жас Ұлан!» ұранын   айтып, Оқушы  Жастар ұйымының антын қабылдады.  Жиынға келген қонақтар , ұйымға қабылданған оқушыларды құттықтап, өз тілектерін айтып өтті. Ұйымға қабылданған оқушылар  бәрі «Жас Ұландар Гимн»нын  орындады.   Еліміздің Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай «Тәуелсіз елім, кең байтақ жерім- Қазақстан!» атты Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» «Жас Қыран» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өз деңгейінде өтті.




Рухани – адамгершілік тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның Қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісіммен рухани – адамгершілік және этикалық ұстанымдарын моральдық қасиеттері мен  көзқарастарын қалыптастыру.

«Ұстаз деген ұлы есім» тақырыбында мұғалімдер күніне арналған жиын өткізіліп 

 ҚР   Конституциясының 5 бабында діни ұйымдар мен діндер жөнінде: «Мақсаты – конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың біртұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздігіне зиянын тигізуге, әлеуметтік нәсілдік, ұлттық, діни, қауымдастық және туыстық араздықты таратуға, сонымен бірге заңмен қарастырылмаған әскери құрамалар құруға бағытталған қоғамдық ұйымдарды құруға, әрекет етуіне тыйым салынады» делінген. Соңғы жылдары лаңкестіктің бір түрі – діни экстремизм кеңінен таралуда. Діни ұйымдардың басқа мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына, адамдардың психологиясына әсер етуге әрекеті қауіпті сипат алып келеді. Оның қауіптілігі сол, діни экстремистік ұйымдар қандай-да бір елдегі қалыптасқан тәртіпті бұзуға әрекет жасайды және бұл істе өзінің қатарына жастарды тартады. Осы қауіптің алдын-алу мақсатында 2018-2019 оқу жылында мектебімізде діни экстремизмге қарсы үгіт-насихат жұмыстарының  іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. 

«Дін және әлем» тақырыбында   10-11сыныптар арасында дінтану пәнінің мұғалімі Ж.Құрамаева  бейнеролик көрсетті. Діни экстремизмге қарсы үгіт насихат жұмысын  жүргізу мақсатында экстремизм, терроризм туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абилгазиев Медет тоқталып өтті. Өз сөзінде иман деген сөздің мәнін қалай түсінетіндіктерін сұрай отырып,өмірден мысалдар келтірді.

Қойылым соңында  тарих пәнінің мұғалімі Б.Қурбанова «Орта Азиядағы экстремизм, терроризм туралы түсінік» атты баяндамамен толықтырып түсінік берді. 

Мектебімізде жыл сайын өтілетін 2018  жылы 1-қазан   Қарттар күніне байланысты іс-шаралар жасалып, жоспар бекітілді. «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында 5-10-сыныптар арасында  қабырға газеттер шығарылды. Мектебіміздің мөлтек ауданына қарасты 20 қарт тұрғындары анықталды. Анықталған мөлтек аудан қарттарын құттықтау үшін 5,6,7,8,9,10,11 сынып оқушыларына бөлініп берілді. Бөлінген сыныптар сынып жетекшілерімен   1-қазан күні қарттардың үйлерін аралап, мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар мен гүл шоқтарын тапсырды. 11 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі: Молдақынова Бақытгүл бастауымен 11ә сынып Ыбраймолдаев көшесінің тұрғыны  Алиев   Аблиз ағаға барып үй жұмыстарына көмек көрсетті.   Мектебіміздің оқушы жастар ұйымының бөлінген оқушылар, сынып жетекшілер көмек беру жұмысы өз жалғасын табады.

Ұлттық тәрбие


Мақсаты: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.

Мемлекеттік тілдерді қолдану аясында тіл мамандарының ұйымдастыруымен оқушылар және ұйғыр мұғалімдер арасында деңгейге бөлініп жоспар құрылып, жоспар бойынша әр түрлі іс – шаралар ұйымдастырылып жүргізіліп отырады. Тілдер мерекесіне 17-27 қыркүйек аралығында онкүндік іс –шара жоспары жасалды. Онкүндік  «Тіл мерейі – ел мерейі» тақырыпта ашылды. 5-10 сыныптар арасында қабырға газеттер шығарылды. Осы тақырыпта 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттар өтілді. «Ең бірінші бақытым- тілім менің» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында эссе, конкурс чтецов на тему «Бескрайние степи Казакстана» 6-11 сыныптар арасында сайыс, «Знай и изучай, руский язык» сыныптан тыс 10 сыныптар, «Тил бар иәрдә, халиқ бар» 9-11 сыныптар арасында тәрбие сағаты, Brain-rinq intellectual game 8-11 сыныптар арасында сайыс «Кітапхана көшбасшысы» интеллектуалды сайыстар өткізілді. Онкүндік аталған іс-шаралармен аяқталды. 

Отбасы тәрбиесі

Мақсаты: ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру, отбасылық өмірдің рухани адамгершілік негіздерін ашу.


Қыркүйек айында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысын өткізіп «Шаңырақ» ата-аналар отауын құрып, ата-ана комитетін және комитет мүшелерін сайлап, әр тоқсанда өткізілетін ата-аналар жиналыстарында қаралатын мәселелер бекітілді. 2018-2019 оқу жылында ата-аналар комитеті мүшелері және сыныптағы ата-аналар комитеті мүшелері және сыныптағы ата-аналар үштігімен бірлесе отырып көптеген іс-шаралар жүргізілді. «Жасыл - шырша» демеушілік іс-шаралары ұйымдастырылды.. 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.


Қыз балалармен жұмыс жүргізетін «шебер қолдар» үйірмесі, «Жас эколог» үйірмелерінің жылдық жоспары құрылды және 5-11 сыныптарды мектеп айналасын тазартуға сыныптарды бөліп, әр аптаның жұмасын тазалық күні етіп бекітіп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Еңбек тәрбиесі бойынша ақысыз үйірмелер жоспары құрылды. Күзгі, қысқы,  демалыс кездерінде іс-шаралар жасалып әр түрлі ойындар мен жарыстар өткізілуде.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі


Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын ақпараттық мәдениетін дамытудағы кеңістікті қалыптастыру.


Мектепте әр тоқсан сайын педагог ұйымдастырушының ұйымдастыруымен өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылып өткізілуде. Білім министірлігі мектепте смартфонға тыйым салуға қатысты іс-шаралардың жоспары құрылып, оқушылар арасында жұмыс жүргізілді.

Дене тәрбиесі пән мұғалімдері және секция жетекшісі А.Курабаевтың басшылығымен «Біз өмірді таңдаймыз» атты 7-8 сыныптар арасында эстафеталық жарыстар өтқізді.

Әр айдың үшінші жұмасы құқықтық оқулар күніне «Әр бала Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыбында оқушылар арасында тарих пәнінің мұғалімдері Ұ.Қазыбаева мен Б.Курбанова құқықтық оқулар жүргізеді.«Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?» тақырыбында ата-аналар арасында мектеп психолгы баяндама оқыды. Айлық барысында «Өмір тамаша» тақырыбында оқушы жастар ұйымы 5-8 сыныптар арасында фото байқаулар өткізді. Отбасы – балаға өмір мақсаты мен құндылықтары туралы мағлұмат беретін және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыратын алғашқы ұжым. Отбасында балаға алғашқы адамгершілік дағдыларын игерту мақсатында «Өнеге отбасынан» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. «Өмір сүру – ғажап құбылыс» оның әр сәтін тек игілікке, жақсылыққа жұмсау керектігін ұғындыру негізінде «Маған өмір керек, мен өмірге керекпін» атты психологиялық тренинг өткізілді.«Отбасындағы қыз тәрбиесі» Оқушылар арасындағы болып жататын келеңсіз немесе өмірлеріне қауіп тудыратын жағдайларды болдырмау тұрғысында ата-аналар жиынында қысқаша баяндама оқылды. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ екендігі айтылды. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр екендігін ескерілді. 

Оқушылар арасындағы болып жататын келеңсіз немесе өмірлеріне қауіп тудыратын жағдайларды болдырмау мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында «Жас Ұлан» ұйымының жиынында қысқаша баяндама оқылды. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ екендігі айтылды. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер  көбінесе отбасында дамып, қалыптасатындығы белгілі. «Менің отбасым» сурет байқауы 5-6 сыныптарда сурет пәнінің мұғалімі Б.Юсупов өткізді. «Конвенция- менің қорғаушым» атты баяндамасын Я.Бакиев оқыды. «Заң-Құқық және міндет» атты тақырыбында 5-11 сыныптар арасында Б.Ушуров,Ф.Ибрагимова ашық әңгіме өткізді. 




Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие


Мақсаты:Тұлғаның жалпы мәдени мінез-құлық  дағдыларын  қалыптастыру,өнерде  және   болмыста эстетикалық нысандарды   қабылдау,меңгеру  және бағалау  әзірлігін дамыту,білім беру  ұйымдарында көпмәдениетті  орта құру.



«Қоғамдық ортада өзіңді  ұстай   білесің  бе?»атты  тақырыпта 5-8

сыныптар арасында сауалнамалар жургізіліп, қорытындысы шығарылды.1-4 сыныптар арасында «Алтын  күз»мерекесі,5-8 сыныптар «Гулдер»мерекесін  9-11 сыныптар «Күзгі балл»мерекелерін атап өткізіп,жүлделі орын алған сыныптар  марапатталды.Қала мектептері арасында ұйымдастырылған «Күз ханшайымы»атты байқауға 10 «А» сынп оқушысы,оқушы жастар ұйымының президенті Кали Карина қатысып жүлделі бірінші орынды  жеңіп алды.

Ата-аналар комитеті мен  оқушы жастар ұйымымен бірігіп «Кел жаңа жыл, жаңа жыл»мерекесін өткіздік  және  аудандық мүмкіндігі  шектеулі   балаларға  жаңа  жыл шыршасын   ұйымдастырдық.Ұстаздар күніне байланысты іс-шаралар жасалды. Мұғалімдерге арналған концерт өткізілді. Концертке  5,6,7,8,9 сыныптар және ОЖҰ қатысты. 

 «Кел Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий жасалып, бұйрық шығарылды. Бастауыш сынып мұғалімдері мен ата аналар  бірігіп, Жаңа жыл мерекесінің жақсы өтуіне ат салысты.Оқушылар Аяз атаға дайындаған өлеңдерін, ән, билерін  көрсетсе, 28 желтоқсан  9-11 сыныптар аралығында өткізілді. 29 –желтоқсан қысқа мерзімді топ, балабақшаның шыршасы өтті.

31 желтоқсан орталық алаңда жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламада мектебіміздің жас мұғалімдері ән айтып, би биледі. 


Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Қысқы демалыс «Көңілді старт» тақырыбында «Шахматтан» мектепішілік жарысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Қорабаев, стол теннисі жарысын М.Турдиев өткізді. Жарыс қызықтыда, тартысты өтті.Жарыс соңында жеңімпаздар жүлделі орындарымен марапатталды.


 Ұсыныс: 2018-2019оқу жылының бірінші жарты жылдықта жүргізілген тәрбие жұмысының   қорытынды есебіне талдау жұмыстарын сараптай келе, алдағы уақытта ақысыз үйірме және «Азамат» ұл балалар, «Айгерім» қыздар клубы жоспар бойынша бекітілген іс-шараларды жүйелі жүргізуге және берілген  уақытта тапсырмаларды орындаса.