2017-2018 оқу жылының тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2017-2018 оқу жылының тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі
11
июнь
2018

2017-2018 оқу жылының тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі

Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген 26 жыл ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік  экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады. Қазақстандық жастар жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, өзара ақпараттық және мәдени алмасудың белсенді қатысушысы болды. Қазіргі қазақстандық балаларда, жастар ортасында сапалы білім алу уәжінің өсуі, жаңа кәсіптерді және ақпараттық – коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы,коммуникативтілік, мәдениетаралық қарым – қатынастың артуы, әлеуметтік белсенділігін жандандыру сияқты жаңа позитивті трендтер пайда болды. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр.

Мектебімізде жалпы адамзаттық және ұлттық, құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 28 тамыздағы «Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесін одан әрі реформалау жөнінде шаралары туралы» №812 қаулысын және Панфилов аудандық білім бөлімінің 2015 ж       01.08-01.10 аралығындағы «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы №01-1-12-3/2307 хатын орындау мақсатында Қамқоршылық кеңесінің жылдық іс-шара жоспарына сәйкес 2017 жылдың 1тамызынан 30 қыркүйек  аралығында мектебімізде  «Мектепке жол» акциясы өткізіліп, акция барысында мектепке келетін жетім,жартылай жетім,аз қамтылған, көп балалы отбасынан келетін 12 оқушыға кәсіпкер Гүлжахрам өз атынан 15мың теңгелік  мектеп формасын үлестірді және мектептегі шағын орталықтың кәріз /канализация/ жүйесінің жөндеу жұмысына 60 000 теңге берді. Сонымен қатар мектеп ұстаздарынан қамқоршы кеңесінің мүшесі Д.Мусазов оқушыларға 100 қалам,100 қарындаш,100 дәптер беріп өз көмегін көрсетті..

Бағдарлама негізінде мектебімізде 2017 – 2018 оқу жылдарына арналған іс – шаралар жоспары жасалып, бекітілген. Жыл басында арнайы бұйрықпен мектептегі барлық құжаттардың, іс – қағаздардың, хаттамалардың сауатты, мемлекеттік тілде жазылуына жауапты тұлға ретінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Б.Ахметова мен Б.Молдақыноваға бекітілген. Мектепте жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуі, құжаттарының қазақ тілде толтырылуын үнемі қадағалап отырады. Мектепте сабақтар бағдарламаға сай өткізіліп, мектеп мұғалімдері, оқушылары түрлі жарыстарға қатысады. Жауапты мұғалімдер түрлі іс – шаралар өткізеді. Мектеп құжаттары, іс – қағаздар қазақ тілінде толтырылады. Тілді қолдану мақсатында ай сайын мерейтой иелеріне «арналған іс – шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда А.Құнанбаевтың М.Мақатаевтың Ж.Жабаевтың туған күндеріне арналып әдеби кештер, байқаулар ұйымдастырылады. 

   2017 жылдың 18.09-18.10 аралығында «Мәңгілік Ел-мәртебелі тіл» атты айлық жоспар құрылды. Айлық барысында кітапханашылар «Тілім менің- тірлігімнің тірегі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Оқушы жастар ұйымының басшылығымен «Тіл және тәуелсіздік егіз ұғым» атты қабырға газеттері шығарылды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты мәнерлеп оқудан жарыс өткізіліп, қорытындысы шығарылды. Ұйғыр тілінің мұғалімі А.Асимова      5-8 сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл қазақ тілі,ұйғыр тілі ана тілім» атты мәнерлеп оқу жарысын өткізді. 4 «б» сыныбының жетекшісі Ж.Тохтамова «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында ашық журнал өткізсе, 9-11 сыныптар арасын Б.Ахметова «Мемлекеттік тіл-ұлт мерейі» тақырыбында дөңгелек стөл өткізді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі З.Мусаева 8 – 11 сынып оқушыларымен «Mu centru- mu land» эссе жазғызды. Қазақ тілі пән бірлестігі «Тіл және Тәуелсіздік егіз ұғым! » тақырыбында мерекелі кешпен айлықтың жабылу салтанатын өткізді.

5 – қазан  ұстаздар күніне орай 9 «а» сынып жетекшісі Ж.Құрамаева «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағатын өткізссе, оқушы жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Ұстаз деген ұлы есім» атты салтанатты жиын өткізді.

    Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып,қыркүйек айында 2017-2018 оқу жылына жоспар жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша мектеп кітапханасында«Болашаққа   бағдар:Рухани  жаңғыру» атты  кітап   көрмесі   ұйымдастырылды.Еліміз  жаңа тарихи  кезеңге  аяқ   басты. Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтің  «Әлем Қазақстан туралы.  Президент туралы», «Қазақстан Республикасының  тұңғыш Президенті»  атты   кітаптар басылымдарға  шыққан материалдары  қойылды. Мектеп оқушыларына   «100 жаңа есім» жобасы  бойынша   өзіміздің  жерлесіміз  Бағдат Айтмұқаева,Нұрбақыт Теңізбаев,Бахтияр Адамжан, Нұржан  Жанпейісовтар кіргені туралы  айтылып  өтті.Мектеп кітапханашылары жоспар бойынша рухани мәтениетіміздің бір парасы ретінде «Бір ел-бір кітап акциясы»аясында С.Торайғыровтың «Қамар  сұлу» «Кім жазықты» романдарына, «Айтыс», «Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларына, уытты  жырлары мен төгілген лирикалық  өлеңдеріне шолу жасады. 

   Педагог ұйымдастырушы Ж.Еркин лездемеде оқушыларға мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » атты мақаласын насихаттады. Мектебімізде латын әліпбиінің алфавиті жасалынып,қойылды. Педагог ұйымдастырушы «2025 жылға қарай іс қағаздарын,мерзімді баспасөзді,оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз» деген елбасының сөзін оқушы жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

6б сынып оқушыларымен сынып жетекшісі З.Аюпова «Туған жер»бағдарламасы бойынша «Туған жерің тұғырың» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.11а сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ұ.Қазыбаева төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтын қайта жаңғырту бағытында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» атты дөңгелек стөл   өткізді. Жоспар бойынша іс шаралар жалғасын табуда.

Аз жылда кең етек алып кеткен нашақорлық пен маскүнемдік, шылымқорлық, жезөкшелік, кісі өлтіру, қарақшылық, жастардың жыныстық қатынастарға ерте араласуы, қылмыстық әрекеттердің көбеюі және т.б ата-аналар мен тәрбие ісімен айналысушы көпшілік қауымды алаңдатуы заңды құбылыс. Өйткені мұның бәрі тәрбиенің «нәтижесі» әрі жіберген кемшілігі екені түсінікті. Осыған орай мектебімізде жас өспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында мұғалімдерден және сынып жетекшілер ата-ана комитетінен жедел жастар тобы құрылып кестелері бекітілді.

  Жедел жастар тобының жетекшісі АӘД пән мұғалімі Д.Ағыбаев тағайындалды. 

Жедел жастар тобының жылдық жоспары бекітіліп жоспар бойыншаәр сенбі, жексенбі күндері кезекшілікте болып , түнгі рейдке шығады. Рейд кезінде ұсталған оқушыларға шара қолданылып және ата-аналарымен жұмыс жүргізілуде. «Жасөспірім түнгі қалада», «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанының «Түнгі қаладағы балалар», «Көше» тақырыбында және Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай, күзгі қысқы демалыстарында өз жұмыстарын атқаруда.

   Ата Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу-заман талабы. Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие бойынша «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» демекші құқықтық оқулар әр айдың 3-ші жұмасында өткізіледі. Құқықтық оқуларды ата-аналар арасында  Абубакриева Хуршидам, мұғалімдер арасында  Курбанова Бубухан, оқушылар арасында Бакиев Ялқун,бастауыш сыныптар арасында Буланбекова Жадыра  жүргізеді. Бұл оқулардың жоспары жасалынды«Тәуелсіздіктің алтын діңгегі-Ата заң» «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбындағы дөңгелек стөл, «Жаңа қоғам» тақырыбында    тренинг, 10-желтоқсан адам құқығы күнін атап өту сынып сағаттары 1-11сыныптар арасында жоспар бойынша жүргізілуде. «Ата-ана құқығы мен міндеттерін білесіз бе?...» атты сауалнаманы мектеп психологтары жүргізді.

ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан

Діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерін болдырмау арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық адамзаттың маңызды міндеті.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын, аталған көріністерді анықтап, жолын кесудің нәтижелілігін арттыруды, сондай-ақ экстремистік және террористік әрекеттердің салдарын барынша азайту мен жою шараларының жүйесін жетілдіру мақсатында мектебімізде Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу іс-шара жоспары жасалып ұстаздар, техперсоналдар және оқушылар арасында қауіпсіздікпен таныстыру жұмыстары жүргізілді.«Дін және әлем» тақырыбында 10-11 сыныптар арасында арасында тарих пәнінің мұғалімі Х.Абубакриева    «Орта Азиядағы экстремизм,тероризм туралы түсінік» атты баяндамасымен таныстырды. Оқушылар экстремизм, тероризм туралы өз ойларымен бөлсіті. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Д.Ағыбаев Азиядағы әскери жағдайлар туралы әңгімелеп берді. 11а сынып оқушысы А.Бейсенбаева күнделікті болып жатқан жаңалықтарға шолу жасады. ДТІЖО орынбасарлары терроризм туралы мағлұмат беріп өтті.

15 – 25 қараша аралығында тәрбие ісі жөніндегі орынбасар М.Әбілгазиевтің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз дөңгелек – 2017» онкүндігі өткізілді. Бағдаршамға назар сал! Абай бол, балақай!, Жол ережесін білейік, аман – есен жүрейік» атты тәрбие сағаты, жол полициясы қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, сурет көрмесі, сайыстар ұйымдастырылып, оқушылардан сауалнамалар алынды. 1 – қазан қарттар күніне 8 «а» сынып жетекшісі З.Мұсаева «Қарттарым- аман саумысың » атты ашық тәрбие сағатын өткізссе, 1-11 сынып жетекшілері «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп, мөлтекте тұратын қарттарға көмек көрсетіп, құтықтаулар ұйымдастырылды.

Кеңесте оқушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сұхбат, сауалнама жүргізілді. Аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар бөлімшесінің мектеп инспекторлары тақырыптық кездесулер өткізіліп тұрады.Қыз балалармен, ұлдармен жүргізілетін жұмыстар «Жедел Жастар» тобының есебі, сынып жетекшілердің құқықтық тәрбие бағытында істеген жұмыстарының есебі тыңдалады.

Мектеп әкімшілігі, ата – аналар, мектеп мұғалімдерінен жасақталған «Жедел Жастар» тобы бекітілген кесте бойынша тұрақты рейт жүргізеді. Рейд кезінде беймезгіл уақытта жүрген оқушылардың ата – аналары, сынып жетекшілері шақырылып, түсініктеме алынып, ескерту жұмыстары жүргізіледі. Ауданда, мектепішілік есепте оқушылар тіркелмеген.

Тәрбие – ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтары кәмелетке толмағандар арасындағы 2017-2018 оқу жылындағы суицидтік мінез – құлықтың алдын алуға арналған іс-шаралар жоспарын бірлесе отырып жасалған. Мектепте сенім почтасы орнатылған, оған түскен хаттарға талдау жасалып отырады. «Үйірменің үйретері көп» тақырыбында кесте бойынша 25-түрлі ақысыз үйірме жұмыс жүргізеді. Үйірме жетекшілері белгілі бір тақырыптарды таңдап алып, бір жылға жұмыс жоспарын құрып, оны мектеп басшыларына бекіттіріп, сабақтан тыс кезде үйірмелерін өткізеді.

     25-28.12.2017 жылы сынып жетекшілердің жас мұғалімдердің педагог ұйымдастырушының қатысуымен «Жаңа – жыл 2018» мерекесіне арналған ертеңгіліктер, балмаскарад өткізілді. Жаңа жылды қарсы алу, мерекелік  тамаша безендіру жұмыстарын жүргізді


Мектеп ұжымының ауыз бірлігінің, ынтымағының арқасында биылғы мереке ерекше дайындықпен өткізілді. Мектебімізде ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арнап 1-11 сынып оқушылары, ата – аналар мен біріге отырып мектеп алдына қазақ үй тігіліп «Армысың әз – Наурыз» атты наурызнама өткізілді. Мектеп директоры А.Н.Ахтамова сөз сөйлеп ашылуын жасап, келген қонақтармен таныстырды. Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Қ.Құрманалиева келіп, наурыз мерекесімен жиналған қонақтар мен оқушыларды құттықтап, соңында оқушы жастар ұйымы мен мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарлама көріп, наурыз көжеде дәм татты.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 іс – шара» жоспары барысында 6 – мамыр 2016 жылы мектебімізде «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында «Көк тарландар» атты әскери – патриоттық спорттық сайыстар өткізілді. Болашақ ұрпағымыз ұлтжанды, ел намысын қорғап, ер тұлғалы азамат болсын деген мақсатты жүзеге асыру барысында ұйымдастырылды. Сайысқа жоспар құрылып сол жоспар бойынша оқушы жастар ұйымы ашылу салтанатын өткізіп, концерттік бағдарлама қойып, топ арасында саптық жаттығу, түрлі жарыстар өз дәрежесінде өткізілді. Жарысқа қатысқан және басқада оқушылар осы жарысты болашақта жандандырып, келесі жылдада жарыстың өтілуін бір ауыздан қолдады. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы №228 қаулысын орындау мақсатында жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырдық.

1 – 4 сыныптар арасында 28.05. – 05.07 аралығында үш ауысымды «Балдырған» атты жазғы сауықтыру лагеріне 75 оқушы қамтылды.

5 – 8 сыныптар арасында ата – ана есебінен баратын оқушылар саны 15, жалпы білім беру қоры есебінен 6 оқушы, кәсіподақ есебінен 1 оқушы, санаториге яғни мектеп мейірбикелерінде тіркеуде тұратын денсаулығына байланысты демалатын оқушылар 8 – 9 сыныптар арасында дебат лагеріне барып демалатын 1 оқушы. Жалпы мектеп бойынша  оқушы қамтылды.

Тәрбие жұмысында оқушылар мен оқу міндеттерін жүзеге асыра отырып, кешенді тәрбие беру арқылы 1 – 11 сынып жетекшілерінің өткізген ашық тәрбие сағаттарының сараптамасы.

01.09.2015 жылы «Білім күні» алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Осы күні 1 – 11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен әр сыныпта «Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 

«Мемлекеттік рәміздерді қастерлейтін Конституцияға және қоғамға жат қылықтардың қандайына болсын төзбейтін, адамгершілік қасиеттері жоғары эстетикалық және этикалық жағынан әзірленген, білімді кез – келген істе табысқа жетуге бағдар алған мәдениетті, шығармашыл, нәтижеге бағдарланған ашық тәрбие сағатының алатын орны өте зор.

Сыныптардағы ашық тәрбие сағаттарына тоқталсақ 22 – қыркүйек «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты 11 «ә» сынып жетекшісі З.Аюпова кеш өткізссе,      4 «а» сынып жетекшісі А.Есенова 23 – қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ауызша журнал аудан көлемінде ұйымдастырылды. «Қарты бар ел – қазыналы ел» 7 «а» сынып жетекшісі С.Жаматаева 1 – қазан қарттар күніне орай ұйымдастырды. 03 – қазан күні 9 «б» сынып жетекшісі Б.Курбанова «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты кеш өткізді. 2 «а» сыныбында «Менің Отаным – Менің Қазақстаным!» атты, жетекшісі М.Боталбаева, 2 «в» сыныбында «Сәлем сөздің анасы» жетекшісі Б.Анаятова сынып сағаттары өтілмеді. 8 «б» сынып жетекшісі Д.Мусазов 1 – желтоқсан тұңғыш президент күніне арналған «Елбасы біреу, халқы оған тіреу» тақырыбында «Жауынгерлік Даңқ мұражайында» ашық – тәрбие сағатын өткізіп алғыс хатқа ие болды.

Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы жалықпа» атты ашық тәрбие сағатын өтті. Тәуелсіздік мерекесіне орай 5 «б» сынып жетекшісі Г.Садырова «Ар намысым, мақтанышым – Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатын ата – аналарымен бірігіп кең көлемде, өз дәрежесінде ашық тәрбие сағатын көрсетті. 5 «а» сынып оқушыларымен жетекшісі Л.Жумалова «Ауғаныстан жүректе жара» тақырыбында Ауған соғысына қатысқан интернадционалист жауынгер Сәкен Қорғасбаевтың жанұясымен үлкен кездесу кешін өткізді. «Адам және табиғат» тақырыбында 1 «ә» сынып жетекшісі Н.Козметова, «Көктемді қондырып қанатына, құс қайтып оралды Алматыма» 1 «а» сынып жетекшісі Г.Наймантаева, 10 «ә» сынып жетекшісі А.Разиева «Олар неге қорғансыз жандарға айналады» 9 «ә» сынып жетекшісі М.Юсупова «Салауатты өмір салты саулығының кепілі» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізбеді.

Мектебімізде жүргізіліп жатқан іс – шаралар аудан көлемінде ұйымдастырылған әр түрлі іс – шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Алматы облысы мәдениет басқармасы «Жауынгерлік Даңқ мұражайы» мемлекеттік мекемесінің алғыс хатына мектебіміздің педагог – ұйымдастырушысы Сагинбаева Нуршат, 9 «а» сынып жетекшісі Ұ.Қазыбаева алғыс хатқа ие болды. Дене шынықтыру мен спорт саласының мамандары Президенттік тестілердің Қазақстан Республикасының барлық халқы үшін аса маңызды екендігін іс жүзінде дәлелдеуі қажет. Мектебімізде дене тәрбиесі салауатты өмір салты бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жақсы көрсеткіштер көрсетуде.

Атап өтер болсақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Спорт – дені сау ұлтқа жол» тақырыбында өткен аудандық семинарда үздік сабақ көрсеткені үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Д.Мусазов, М.Турдиев, Қ.Самылтыров ие болды. 

Аудан оқушыларының ХХІV спартакиасында асық атудан І орын алғаны үшін мектебіміздің командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды жетекшісі Д.Мусазов. Аталған спартакиаданың дала жарыстарынан ІІІ орын алғаны үшін мектебіміздің командасы дипломмен марапатталды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық мектеп пен колледж оқушыларының ХІІІ жазғы спартакиасында асық атудан топтық жарыста 8 «а» сынып оқушысы Зикирьяров Баги ІІ орынмен марапатталды.

Самбо күресінен «Ауған соғысы ардагерлері Е.Коншібаевты, Қ.Өміралиевті, М.Наурызбаевты іске алуға арналған 2001 – 2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен аудандық турнирде 48 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын алған 9 «а» сынып оқушысы Түктібаев Мадияр марапатталды.

2015 – 2016 оқу жылындағы тәрбие саласы бойынша өткізілген іс – шараларды қорытындылай келе жіберген кемшіліктерді ескере отырып мынандай міндеттерді алға қоямын.

  • Сыныптан тыс өткізіліп жатқан іс – шараларға оқушылардың толық қатысуын қамтамасыз ету.
  • Үштік қоғамдық ұйым, ата – ана, мұғалім, оқушы үнемі байланыста тығыз қарым – қатынаста болуын қадағалау:
  • Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға және қоғамдық ортада өзін – өзі ұстауға және мәдениеттілікке үйрету.Педагог ұйымдастырушы Ж.Еркин оқушы жастар ұйымы мүшелеріне мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » атты мақаласын насихаттауда

               




11 а сыныбының өткізген «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары»тақырыбында  дөңгелек стөлден көрініс

«Бір ел-бір кітап акциясы» тақырыбында Сұлтанмахмұт Торайғыров   шығармаларына  шолу