Жылдық есеп Еңбекші орта мектебі 2023-2024 » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Жылдық есеп Еңбекші орта мектебі 2023-2024
20
июнь
2024

Жылдық есеп Еңбекші орта мектебі 2023-2024

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

2023- 2024  оқу жылында   мектеп психологтарының жылдық жүргізген жұмыс жоспары туралы аналитикалық есебі

Мақсаты:

Мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығын сақтай отырып, оқу үрдісі барысында оларға психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу.  Мұғалім-оқушы-ата-ана үштік одақ байланысына психологиялық қолдау көрсету.

 Міндеті:

-         Оқу-тәрбие барысында тұлғаның дамуын қалыптастыру;

-         Оқушының әрбір жас аралығында тұлғааралық, интеллектуалды және профессионалды дамуын қамтамасыз ету;

-         Әр балаға тиісті жеке түрдегі жұмысты қамтамасыз ету;

-         Оқушының интеллектуалды және тұлғалық дамуының ауытқуын психологиялық педагогикалық зерттеу, профилактикалық және коррекциялық жұмыс жүргізу;

-         Балаларды тәрбиелеудегі туатын қиыншылықтар және отбасындағы микроклиматты жақсарту бойынша ата-аналарға кеңес беру;

-         1-ші, 5-ші  сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау және түзету жұмыстарын жүргізу. 

 Негізгі бағыттары:

Психодиагностикалық бағыт

Психопрофилактикалық бағыт

Психокоррекциялық бағыт

Психологиялық кеңес беру бағыты

Әлеуметтік-диспетчерлік бағыт

2023- 2024  оқу жылына мектеп бойынша жылдық жоспар жазылып, бекітілді. Жоспар бойынша   төмендегідей жұмыстар жүргізіліп келеді. 

І. Психодиагностикалық бағыт бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:  

   Керн-Йерасектің 4 субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тесті;

1.«Сұхбат» сұрақ жауап арқылы білім алушылардың мектепке бейімделуін,

мектепке, оқуға  деген көзқарастарын және танымдық үрдістерін анықтау үшін алынды. 

1а сынып оқушыларының сұрақ жауап нәтижесі төмендегідей болды: 

Өте жақсы- 35% , жақсы- 45%, орта – 20%. 









 1ә сынып білім алушылардың сұрақ жауап нәтижесі төмендегідей болды: 

Өте жақсы- 47% , жақсы- 23,5%, орта – 23,5%, жазбағаны – 5,8%







 1 б сынып білім алушыларының нәтижесі төмендегідей болды: 

Өте жақсы – 68,6%, жақсы- 15,7%,  орта- 15,7%.  









1а сынып

1-тест «Нүктелер тобын көшіру», «Мәтінді имитациялау», «Ер адам суретін салу», «Үйшік әдістемесі»  тестілерінің нәтижесі төмендегідей болды: 









1ә сынып

1-тест «Нүктелер тобын көшіру», «Мәтінді имитациялау», «Ер адам суретін салу», «Үйшік әдістемесі»  тестілерінің нәтижесі төмендегідей болды: 













1б сынып 

1-тест «Нүктелер тобын көшіру», «Мәтінді имитациялау», «Ер адам суретін салу», «Үйшік әдістемесі»  тестілерінің нәтижесі төмендегідей болды: 

























































5 сынып сабақтастық және бейімдеу бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді: 

Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама  /Н.Г.Лусканов бойынша/
































                                     

























«Түймедағы» гүлі
 Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген көзқарасын анықтау. 
















































Өмірде қиын жағдайға душар болған жасөспірімдермен   жоспар бойынша

7а,б, 8ә, 11б, 10 в сынып білім алушыларынан «Социометрия» әдісі алынып нәтижесі шығарылды. 

Мақсаты: білім алушылардың өзара қарым қатынасын және сыныптағы көшбасшыны анықтау. 




                                                                                            Көшбасшы - 8 номер. 


                                                                                            Шеттеп қалған - 1,16 номерлер 










                                                                                             Көшбасшы – 8 номер 

                                                                                             Шеттеп қалкған – 2,5,12,10 номерлер









                                                                                   Көшбасшы – 6 номер 

                                                                                  Шеттеп қалғандар -5 номерлер  







                                                                                           Көшбасшы – 10 номер 

                                                                                   Шеттеп қалғандар -6,7,12номерлер  







                                                                                           Көшбасшы – 9 номер 

                                                                                   Шеттеп қалғандар – 13,14 номерлер   






6,7, 8    сынып білім алушыларынан  «Мен мектепте.........сезінемін» сауалнамасы алынып нәтижесі шығарылды. Білім алушыларға  16 сезім жазылған бланк беріліп таңдаған сезімнің жанына + белгісін «Өзіңнің метептегі жай-күйіне сәйкес» келетінін белгіле қою ұсынылады.  

Диагностиканың мақсаты: оқушылардың сабақта және мектеп ұжымында өзін қалай сезінетінін анықтау.






































































5-7 сынып  білім алушылары арасында «Зорлық – зомбылық туралы мен не ойлаймын» сауалнамасы алынды.



























7-11 сыныптар арасында 15сұрақтан тұратын   «Буллинг» туралы сауалнама алынып, нәтижесі шығарылды 






























«Жалпы білім беретін орта мектептің 9- сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын диагностикалау бағдарламасы» бойынша: 

  • Сауалнама: Сенің кәсіби ой-ниетің. Мамандақ туралы хабар 

Мақсаты:оқушылардың   9-сынып бітіргеннен кейінгі ой-ниетін анықтау, яғни ересектердің айтқан ақыл-кеңесін, өзі таңдаған мамандығының мазмұны мен оның адамға қоятын талабы туралы не біледі, өзінің қабілеттерін қалай дамытады, жасаған жоспарын қалай жүзеге асырады, қосымша нұсқалары бар ма деген алуан түрлі сұрақтарға жауап іздеу. 



























  • Сауалнама: Табандылықты зерттеу 

Мақсаты: алға қойған мақсатқа жетуде байқалатын табандылық дәрежесін анықтау. 






















Тәуекел топтағы оқушылармен 02.11 күні С. Спилбергер   бойынша  өзін өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы әдістемесі алынды. 

Мақсаты:  білім алушылардың мазасыздану жағдайларын анықтау.








Балашов бойынша «Зунг шкаласы» Т.И. Балашова әдістемесі бойынша тест алынып нәтижесі шығарылды. 











02-03.10 күндері 1-4 сыныптар арасында   графикалық диктант  алынып, нәтижесі шығарылды.  

Графикалық диктанттың мақсаты: білім алушылардың зейін ереркшеліктерін анықтау. 

Нұсқау: тор көзге психологтың айтуы бойынша жүріп «Робот» жасау. ( бір тор көз жоғарыға, екі тор көз төменге т.с.с) 



























































7-8-9-10  сынып білім алушылар арасында оқу түрткісін анықтауға арналған сауалнама алынып, нәтижесі шығарылды. 

1.Оқушылардың оқу түрткісінің көрсеткішін анықтау

Мақсаты: оқушылардың оқу түрткісінің көрсеткішін анықтау

Нәтижені талдау:

Білім алушының атыөні

Оқу -танымдылық түрткілер

Кең әлеуметтік түрткілер

Тар тұлғалық түрткілер

Мазмұнды түрткісі  \11-12\

Оқу үрдісінің түрткісі \14\

Жауапкершілік пен борыш түрткілері \1-2\

Өзіндік анықталу мен өзіндік жетілдіру \3-4\

Денсаулық түрткілері \5-6\

Мәртебе түрткісі \7-8\

Жағымсыздықтан қашу түрткісі \9-10\

1









2









Жоғары   8-9 ұпай

Орташа   5-7 ұпай      

Төмен     3-4 ұпай


Ұсыныс: 7-8-9-10  сынып оқушыларының арасында оқу түртікісінің төмен деңгейінде тұрған оқушылармен түзету дамыту жұмыстарын жүргізу. Сынып жетекшілермен бірлесіп жұмыс жасау. 


  1. «Менің сыныбым»  (6-7 сынып)












Нұсқау: «Балалар! Суретте сендердің сыныптарың көрсетілген. Ортанғы орындықта апайың (мұғалім) отыр, апайдың айналасындағы оқушылар өздерінің жұмыстарымен шұғылдануда. Ал, қалған балалар ауланың сыртында ойын ойнауда. Осы суреттегі оқушылардың ішінен өзіңді тауып алып белгілеп, жанына өзіңнің аты-жөніңді жаз. Өзіңді белгілеп болған соң суреттен өзіңнің досыңды тап та жанына аты-жөнін жаз».

7-11 сынып білім алушылары арасында интернетке тәуелділік шкаласы,  интернетке тәуелділікті анықтау үшін немесе интернеттегі мінез-құлықты анықтау мақсатында   «Интернет қауіпсіздігі» тест алынып, нәтижесі шығарылды. 

Нұсқаулық: Шкала 7 мәлімдемені қамтиды, зерттелуші интернеттегі субъектінің мінез-құлқының сипаттамасына сәйкес келетін жауапты таңдауы керек. Интернеттегі мінез-құлқыңызды жақсы сипаттайтын екі опцияның (A немесе B) бірін таңдап, оны белгілеңіз.  

Білім алушылар өз ойларын нақты және шынайы белгіледі. 

  7а сынып 14 бала. Тест нәтижесі бойынша  екі оқушы интернетке тәуелділікке бейім. 

7ә сынып  19 бала төрт оқушы интернетке тәуелділікке бейім. 

7б сынып 18 бала  бес оқушы интернетке тәуелділікке бейім. 

8а сынып 20 бала бес оқушы интернетке тәуелділікке бейім. 

8ә сынып 15 бала екі оқушы интернетке тәуелділікке бейім 

8б сынып 17 бала  екі оқушы интернетке тәуелділікке бейім. 

8в сынып 16 бала  екі оқушы   интернетке тәуелділікке бейім. 

9а сынып 25 бала  екі оқушы интернетке тәуелділікке бейім. 

9ә сынып   19 бала алты оқушы интернетке тәуелділікке бейім. 

9б сынып   12 бала Интернетке тәуелділікке бейім оқушы анықталмады. 

10а сынып10 бала  бір оқушы интернетке тәуелділікке бейім. 

10ә сынып   8 бала бір оқушы интернетке тәуелділікке бейім. 

10б сынып 10 бала  Интернетке тәуелділікке бейім оқушы анықталмады.  

10 в сынып 11 бала Интернетке тәуелділікке бейім оқушы анықталмады.  

Ұсыныс: сынып жетекшіге: Интернетке тәуелділікке бейім оқушылардың ата аналарымен байланысып айту.

Оқушылармен әңгімелесу, түсіндіру. Түзету жұмыстарын жүргізу.  

5-сыныптар   арасында «Мектептегі буллингтің алдын алу»  бойынша түсін дірме  жұмыстарын жүргізіліп, сауалнама алынды. Сауалнамада 7 сұрақ берілген, білім алушылар сұрақтарға толық, шынайы жауап берді. 












                           










ІІ. Психопрофилактикалық бағыт бойынша: 

Білім алушыларемн, педагогтермен, ата-аналармен «Жеке  тұлғалар арасындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы психологиялық құқықтық алдын алу»  жұмыстары, сенім жәшігі,сенім телефондарымен жұмыстар, 5-11 сыныптар арасында «Қауіпті сайттардың алдын алу» мақсатында  Аналитикалық интерннет карта  сайт мониторинг жүргізілді. 

8-11 сынып білім алушылары арасында суицидке бейімділіктің  алдын алу мақсатында «Аутодеструктивті мінез-құлық» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

5-11 сыныптар  «Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатында  «Буллинг, кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,  2-11 сыныптар                     «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу», «Буллинг. Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?». 























11 сынып оқушылары «ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?»;   «Емтихан кезінде стресстен қалай арыламыз?»;  «Емтихан кезінде стресстен қалай арыламыз?»; «Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі»; «Емтихандағы өз-өзіне сенімділік»

Білім алушылардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында 5-8 сынып   9-11 сынып  «Өмірді сүйе білейік» "Мен өмірді таңдаймын!", бастауыш сынып ата-аналарымен «Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктерінің теориялық негіздері»,  Ата-аналар  «Мектеп, оқушы, ата-ана: ынтымақтастық қырлары", Ата-ана және педагогтармен   «Бірінші сынып оқушыларының мектепке оқуға бейімделуі» туралы  «Баланың бас ұстазы ата-ана» семинар-тренинг өткізілді, ата-аналармен баланың ата-ананың махабатына бөленуіне ықпал ету үшін «Отбасы махаббаты неде?» тақырыбында пікір талас жүргізіліді.  Ата-аналар мен педагогтар Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін   «Бала өміріндегі жәбірлену"  тақырыбында әңгіме жүргізілді. 

Оқушылармен Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Буллинг және кибербуллингтен қалай қорғанамыз?» туралы   сұхбат жүргізіліді. 7-11 сынып қыздары  Қыз баламен ұл балаларға туындайтын әртүрлі қауіптіліктің алдын алу  жұмыстары жүргізілді. 

 Ата-аналар   Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізілді. 1- 4с қыздары-мен 5- 9 сынып қыздарымен  «Жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу», тәуекел топтағы оқушылармен Баланың рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында әңгіме жүргізілді. 

ІІІ. Психокоррекциялық бағыт бойынша:

1- сынып  оқушыларының   мектепке бейімделуіне бағытталған түзету-дамыту сабақтары. 

5-сынып білім алушылармен 1-дамыту сабағы. «5-сынып дегеніміз не?»;  «Өзіңді таны»;  «Орта мектептегі жаңа оқушы»; «Біз бір-бірімізді түсінеміз бе?»;   «Сезім әлемі»; «Біздің мұғалімдеріміз»; «Дос іздеп жүрмін»;  «Біз және біздің сынып» 







Педагогтармен  Ұжымда жағымды  қарым-қатынас орнату мақсатында  «Құпия дос» ойын-жаттығуы ойнатылды. Барлық ұжым мүшелері өздерінің құпия достарына сыйлықтар табыстады. 


























Мектепке келген жас мамандармен өзара танысып, жақсы қарым қатынас орнату мақсатында «Менің жаңа ұжымым» тақырыбында жаттығу сабақ өткізілді. 











Мектептегі жас мамандармен «Алға, жас маман!» тақырыбында тренинг сабақ өткізілді. Жас мамандар өте белсене қатысты. Өзара қарым қатынастары өте жақсы деңгейде. 




























Жоспар бойынша қазан айында 1,5 сынып жетекшілермен алынған диагностикалық жұмыстардың  нәтижесін хабарлау үшін сынып жетекшілермен консилиум өткізілді. 






















9 сынып оқушыларымен  түзету дамыту сабақтары  9-11 сыныптар мен «Менің болашақ мамандығым», 

Дөңгелек стол 4 сынып оқушылары 4 сынып оқушыларымен түзету дамыту сабақтары,




















9-11 сыныптар «Мамандық өмір таңдауы» тренингтер жүргізілді. ББЖМ ға қатысатын 4-9 сынып білім алушыларымен мотивациялық ойын-жаттығулар өткізілді. Қажеттілігіне қарай кеңес беру жұмыстары жүргізілді. 

















































Ата аналармен  және оқушылармен бірлескен «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында жаттығу сабақ жұргізілді. Ата аналар, оқушылар сабаққа өте белсене қатысты. 









































 «2а» сынып жетекшісі  Жадыра Буланбекованың сұранысы  бойынша ата аналармен білім алушылардың «қалай оқуға қызығушылығын арттыруға болады?» сұрағына психологиялық тұрғыда жаттығу сабақ, сауалнама, тесттер алу арқылы, кеңестер беру арқылы ата анларға түсіндірілді. 









































Күні: 16.01.2024 ж

Тақырыбы: «Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады»  

Мақсаты: ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.

Қатысқаны: 15  





1- сынып ата аналарымен  психологтар білім алушылардан алынған «Керн- Йерасек»   тестінің, сұхбат әдісі, «Үйшік» әдістемесінің, «Ер адамның суретін сал» тестілерінің нәтижелері айтылды.  «Р», «Л», «В» әріптерін айта алмайтын оқушыларды мектеп дефектологы және логопед мамандары жұмыс жасайтыны ескертілді. Ата налараға баламен өзінің мекен жайы, үй және жабайы аңдар, құстар, оң, солды ажыратуға көп көмектесуге кеңес берілді. 

 Ата аналармен көңілді  ойындар ойнатылды. Ата аналар сынып жетекшімен тығыз байланыста болу керектігін түсінді және балаларына көмектесуге дайын екендіктерін жеткізді. 
















































YПсихологиялық кеңес беру бағыты

1-сынып және мектеп алды даярлық тобы ата-аналарына «Мектепке бейімделу кезіндегі кездесетін қиындықтар»  бойынша;

5- с оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері мен психологиялық өзгерістері   туралы; 

 «Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері»  бойынша; 

Ата-аналар, педагогтар, білім алушылармен қажетіне қарай жеке кеңестер берілді; 

5 - 6 - 7 -8 сыныптар Жеткіншектерге психологиялық кеңес: -жеткіншекке жадынама; 

9 -10 -11 сыныптар Мамандық таңдауға байланысты жаднама құрастырылып, кеңестер берілді; 

 1. «Мамандық таңдаудағы негізгі мотивтер» 

2. «Мамандық таңдаудағы ең кең таралған қателіктер» 

3. «Таңдалған шешімге жеті қадам» 

4. «Мамандық таңдау бойынша ата -аналарға арналған жаднама»  тарқатылып, депрессия, стресс, агрессияға  байланысты алынған тест, сауалнамалар бойынша психологиялық кеңес берілді. 

1. Адам қалай өзіне сенімді бола алады.

 2. Депрессиядан қалай арылуға болады.

 3. Жоғары сынып оқушыларын ҰБТ алдында дайындау жөнінде ұстаздарға ұсынылатын кеңестер .

 4. Өзіңе сенімділік неден құралады (Луиза Хейдің кеңесі) 

5. Күйзеліс кезіндегі психологиялық көмек  

Пән мұғалімдеріне  -Ойды қалай дамытамыз?

 -есте сақтаудың кейбір заңдылықтары;

 - «бала сізден қорықпасын, жалықпасын десеңіз» таұырыптары бойынша; 

-Джон Карнеги ережесі;

Педагогтарға:

 -педагогикалық қабілеттің түрлері жайлы.

 - қолайсыз жағдайлар болғанда не істеу керек? 

-адам және оның қасиеттері, көңіл-күй туралы

 -күйзелісті жеңу үшін не істеу қажет? деген сұрақтар бойынша психологиялық кеңес; 

11 -сынып білім алушылары  

-Мектеп бітірушілерге емтихан тапсыруға дайындық бойынша ақыл -кеңес;

 -емтихан қарсаңында; 

-ҰБТ-ға қатысу; 

-тестке қатысты кеңес;

 -емтиханға дайындық-ты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес; 

-тесті сәтті орындау үшін қажет жаднамалар тарқатылды. 

11 -сынып ата -аналарына ҰБТ -ға дайындық жөніндегі ұсыныстар, кеңестер беру:  

Ата -аналарға кеңес: 

-«Баланы қалай тәрбиелеу керек?» 

-«ҰБТ қарсаңында ата -аналар балаларына қалай қолдау көрсетуі тиіс?»; -«Ата-аналарға ҰБТ -ға дайындық жөніндегі ұсыныстар»; 

-«Суицидке кімдер бейім?»; 

-«Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады?»;

 -«Депрессия»

5 сынып ата-аналары  «Сіздің балаңыз 5 -сынып оқушысы» бесінші сыныптардың кейбір қиындықтары; 

-оқушының бейімделе алмауының белгілері; «Ата-аналарға арналған тәрбиенің алтын ережелері»; 

-«Ата-аналарға арналған салыстыру сауалнамасы»

Ата-аналар Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы  кеңестер беру

«Баланың бастапқы ұстазы ата -анасы» 

Ата-аналар «Аутодеструктивті мінез -құлықтың алдын алу» тақырыбында ата -аналардың жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарымен таныстыру.  

6-11 сынып оқушылар  Диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық кеңес  Суицидтік бейімі мен мазасыздық деңгейі жоғары оқушылармен жекелей және топпен кеңестер беру  жұмыстары жүргізілді. 


YI. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыт

 1,5 с жетекшілерімен және пән мұғалімдерімен  отырыс өткізіліп, алынған тест, сауалнама нәтижелері туралы айтылды. .

Оқушылар «Өмір сен ғажапсың»  тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылыды. 

І жарты жылдық бойынша сараптама жасау2023-2024  оқу жылының бірінші жарты жылдығына  аналитикалық есеп жазылды.


Мектеп психологтары                  Ибраева А 

                                                         Разиева А