Ата аналарға психолог кеңесі » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2022

Ата аналарға психолог кеңесі


Ата-анаға психологиялық кеңес.

      Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты-баланың,жеке ерекшелігін,психикалық процестрін ескере отырып,жарасымды жетілген ұрпақты тәрбилеу. Аталған нысанаға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді

  • Отбасында баланың өсіп жетілінуіне , денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту, бекіту.Тазалық дағдыларын қалыптастыру.
  • Еңбек сүйгіштікке,  еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті  өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы,үй шарушылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне- өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
  • Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
  • Оқудың, білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.
  • Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. 
  • Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
  • Баланың  ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету. 
  • Бақылау, тексеру, бағалау. 
  • Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т.б. баулу.
  • Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.