2022- 2023 оқу жылында мектеп психологтарының жарты жылдық жүргізген жұмыс жоспары туралы аналитикалық есебі » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022- 2023 оқу жылында мектеп психологтарының жарты жылдық жүргізген жұмыс жоспары туралы аналитикалық есебі
09
январь
2023

2022- 2023 оқу жылында мектеп психологтарының жарты жылдық жүргізген жұмыс жоспары туралы аналитикалық есебі

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

2022- 2023  оқу жылында   мектеп психологтарының  жарты жылдық     жүргізген жұмыс жоспары туралы аналитикалық есебі 

Мақсаты:

Мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығын сақтай отырып, оқу үрдісі барысында оларға психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу.  Мұғалім-оқушы-ата-ана үштік одақ байланысына психологиялық қолдау көрсету.

 Міндеті:

-         Оқу-тәрбие барысында тұлғаның дамуын қалыптастыру;

-         Оқушының әрбір жас аралығында тұлғааралық, интеллектуалды және профессионалды дамуын қамтамасыз ету;

-         Әр балаға тиісті жеке түрдегі жұмысты қамтамасыз ету;

-         Оқушының интеллектуалды және тұлғалық дамуының ауытқуын психологиялық педагогикалық зерттеу, профилактикалық және коррекциялық жұмыс жүргізу;

-         Балаларды тәрбиелеудегі туатын қиыншылықтар және отбасындағы микроклиматты жақсарту бойынша ата-аналарға кеңес беру;

-         1-ші, 5-ші  сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау және түзету жұмыстарын жүргізу. 

 Негізгі бағыттары:

Психодиагностикалық бағыт

Психопрофилактикалық бағыт

Психокоррекциялық бағыт

Психологиялық кеңес беру бағыты

Әлеуметтік-диспетчерлік бағыт

2022- 2023  оқу жылына мектеп бойынша жылдық жоспар жазылып, бекітілді. Жоспар бойынша  төмендегідей жұмыстар жүргізіліп келеді. 

1.Жаңа оқу жылында үйден оқытуға 10 бала шығарылды. Жалпы бағдарламамен –  Тельманова Дильназ, Нақысбек Руслан, Алимжанов Турғанжан. ЗПР бағдарламамен - Итахунов Турғанжан, Машуров Ясинжан.  Көмекші бағдарламамен - Исраилова Русалина, Абдумажитова Гузель, Ақан Қарақат, Ақан Нұрқанат, Ахметова Паризат. Оның ішінде сегіз оқушы облыстық педагогикалық- медициналық- психологиялық – консультациядан өтіп, қорытындысы алынды. Екі оқушы ВКК анықтамасымен шығарылды.  Облыстық педагогикалық- медициналық- психологиялық – консультациясының   қорытындысы негізінде мектептің бұйрығы, сабақ кестесі, сабақ беретін мұғалімдер бұйрықпен бекітілді.  Барлығы жоғары білімді мамандар. Осы аталған оқушыларға жылдық жоспар бекітіліп жұмыстар жүргізіліп келеді. Таным процестерін анықтау үшін диагностикалық жүргізілді. Диагностика нәтижесі бойынша он баланың ішінде үш бала орта деңгей, қалған жеті бала төмен деңгей көрсетті. Төмен деңгей көрсеткен оқушылармен қосымша дамыту жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесі бір шама жақсарып қалды.  Баланың диагнозына байланысты лайықты тесттер алып, ойындар ойнатылды: «Мейірім шағы» тақырыбында жаттығу сабақ өткізілді. Үйден оқитын оқушылармен және олардың ата-аналарымен   сұхбат жүргізіліп, кеңестер берілді. 




2. Ұлттық Біріңғай Тестілеуге  екі  бала қатысуға өтініш жазды.  Жылдық жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді: Оқушылардың темпераментін типін анықтау (Айзенк тесті) Мінез – құлық акцентуациясын анықтау (К. Леонгард) Шмишек тесті алынып нәтижесі шығарылды.  Нәтижеге байланысты оқушылармен түзету сабақтары жүргізілді «ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?»тақырыптарында жаттығу-сабақтар жүргізілді. Жаттығу-сабақтар нәтижесінде оқушылардың көңіл- күйі көтеріліп, бойындағы мазасыздық, қорқыныш сезімдері төмендегендігі байқалды. 

3. 5 сынып сабақтастық және бейімдеу бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді: 

Оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі-бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі. Біріншіден бастауыш сыныпта бірнеше жыл бойы бір мұғалімнен ғана білім алып, қалыптасып қалған оқушыларға бұл кезеңге психологиялық жағынан өту қиындық туғызса, екінші жағынан оқу бағдарламасына жаңа пәндердің енгізілуі жекелеген пәндерде әр түрлі пән мұғалімдердің сабақ жүргізуі оқушыларға зор әсер етеді. Оқушылар жеке бас ерекшелігі мен даму психологиясына, қабілетіне орай бейімделу процесі әр түрлі жағдайда өтеді, сондықтан ата-анамен ұстаздар алдында 5-сыныптың орта буынға көшкен кездегі қиындықтарды бірге шешіп, оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Психологиялық бейімделу бағдарламасы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құралған.10-11 жастағы балалар аңқау, ашық, алаңсыз келеді. Өзі және басқа туралы ойларын жасырмай, бүкпесіз айтып береді. Орта буында «Үлкен болып кеттім» деген сезіммен үнемі ел көзіне түссем, мені көрсе, «Маған барлығы көңіл бөлсе деген» қызығушылық, таң қалдыру сияқты сезімдер байқалады. Осы кезеңдерде алаңдаушылық деңгейі басым болады, жаңа пән мұғалімі алдында жауап бере алмау немесе барлығына үлгеріп, жан-жақтылы болып көріну сияқты өзгерістер білім сапасының түсуіне, уақтылы сабаққа қазығушылықтың әлсіреуіне әкеліп соғады. Мектеп психологінің мақсаты бала бойындағы үрейді игерту, өзіне деген сенімділікті арттыру, өз уақытын тиімді пайдалануға көмек көрсету. Бағдарламада баланың 5-сыныпқа үйренісіуі бойынша топтық және жеке жұмыстар жоспарланған. Оқу жылының басында мектеп психологы 5 сынып оқушыларымен жұмыс жасады. Бесінші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімдеулерін, қалыптасу деңгейлерін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалынып, көмек көрсетілді. «Бесінші сынып дегеніміз не?», «Мен және менің отбасым»,«Біз және біздің сынып» атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.Треннингке 5 сынып оқушылары белсене қатысты.

Сыныптағы көшбасшыны анықтауға «Социометрия» әдісі, баланың мінез-құлқын, сыныптағы орнын  анықтауға «Темпераментті анықтау»,  «Өзін-өзі бағалау» тесттері алынып нәтижесі шығарылды. 



5-сынып оқушылармен пәнге деген қызығушылық, өтілу сапасына қанағаттануы және мұғаліммен өзара қарым-қатынасын анықтау мақсатында сауалнама алынып, нәтижесі шығарылды. Оқушылар  Қазақстан тарихы, математика, орыс-тілі және ағылшын тілі пәндерінен аздап қиналып жатқандарын көрсетті. Тест нәтижесі бойынша оқушылармен, пән мұғалімдерімен әңгіме сұхбат жүргізіліп, білім алушыларға қосымша тапсырмалар беруге кеңес берілді. Сабақ барысында оқушылар өздерінің бір саты болса да үлкейгендіктерін, жауапкершілікті  сезінді. 

4. 1-сынып  оқушыларынан  балалардың   мектепте оқуға  даярлық деңгейін зерттеу мақсатында: Сұхбат әдісі бойынша оқушылардан 20 сұраққа жауап алынып, нәтижесі орташа  болды. Мектеп бойынша 1- сыныпта 57 оқушы бар. 1 а,ә,б сынып оқушыларының мектепке дайындығын анықтау мақсатында  20 сұрақтан тұратын сұхбат жүргізілді. Жалпы оқушылардың мектепке дайындығы жақсы. 

1а сыныбында 2 баланың «Р» әріпіне тілі келмейді;

1ә сыныбында 1 оқушының «Р,Л» әріптеріне тілі келмейді, айта алмайды. 

 1б сыныбында барлық оқушылар әріптерді дұрыс айтады.   Көп оқушылар  сұрақтарға орыс тілінде жауап береді. Психоәлеуметтік жетілгендік деңгейін зерттеу мақсатында  Керн –Йерасектің  «Мәтінді имитациялау», «Нүктелер тобын көшіру» тесттері,  ой-қиялын анықтап, дамытуға «Ер адамның суретін салу» графикалық тесті,  зейін тұрақтылығын анықтауға «Үйшік» әдістемесі алынды. Осы жұмыстардың нәтижесі   сыныптың ата-аналар жиналысында айтылды. Тыңдалым үрдісін зерттеу. «Моншақ» әдісі, Оқушылармен топтық түзету-дамыту сабақтары   жүргізілді.

         1 «А» сыныбымен  жүргізілген   психодиагностикалық жұмыстың    

                                 психологиялық  сараптамасы

Зерттеу себебі: 1-сынып оқушыларына бейімделі кезінде психологиялық-педагогикалық бағыт беру.

Зерттеу мақсаты: 1-сынып оқушыларының мектепке деген дайындықтарын анықтау.

Зерттеу жоспары: 

Психологиялық диагностика

Қатысқан оқушы саны: 20

Өткізілген уақыт: 12.09- 16.09. 2022ож 

Диагностика жүргізген: мектеп психологтары Ибраева А, Разиева А  

Сынып жетекші:  Ж. Буланбекова 


Қорытынды: Оқушыларға 21 сұрақ қойылып, жауаптар алынды. Сұрақ жауап барысында көп оқушылар   мекен жайын, әке шешесінің кім болып істейтінін айта алмады.  Қойылған сұрақтарға  өте қысқа жауап береді. Оқушылардың  уақыт, жыл мезгілдері және қоршаған орта  туралы түсінігі бар. Оң солды ажырата алады. Үй хайуанаттары және аңдар туралы, үлкен - кіші, аз - көп  ұғымдарын біледі. Тура және кері санауды біледі. Жалпы оқушылардың мектепке дайындығы жақсы. 

Оқушылардың мектепке деген көз қарасы жақсы қалыптасқан. Сабақ оқуға ынталары жақсы қалыптпсып келеді.

Ұсыныс:мектепке бейімделуі төмен оқушыларға ерекше зейін аударып, оларда оқуға деген жағымды қатынас орнату, өзін-өзі бағалауы төмен оқушыларда өзіндік бағасын жоғарылату үшін қолдап, жағдай жасауға көмектесу, төмен ұпай жинаған оқушыларда танымдық мотивацияны дамыту, оқушылардың мектепке деген қатынасын оң арнаға түсіру, мектептік өмірге үйрету қажет, ол үшін бала мектепке білім алып тәрбиелену үшін келетінін үнемі айтып отыру қажет, оқушыларда кеңістіктік байланыстар орнату қабілетін, көрнекілік қабылдау дәлдігін дамытқан жөн. 

Керн-Йерасик әдісі: 

1) Нүктелер тобын  көшіру 

Мектепке дайындығы өте жақсы

Мектепке дайындығы жақсы

Мектепке дайындығы орта

Мектепке дайындығы төмен


Қортынды:   білім алушыларға «нүктелер тобын көшіру» тапсырмасы берілді. Оқушылар тапсырманы жақсы орындап берді. Білім алушылар тор көздерді тастап көшіріп  жазуды біледі. 

2. «Мәтінді имитациялау»

Мектепке дайындығы өте жақсы

Мектепке дайындығы жақсы

Мектепке дайындығы орта

Мектепке дайындығы төмен







Қортынды:  білім алушыларға «мәтінді имитациялау» тапсырмасы берілді. Оқушылар тапсырманы жақсы орындап берді. Білім алушылардың көбі мәтінді  көшіріп  жазуды біледі. 

Ұсыныс: төмен балл алған  және орындамаған оқушылармен қосымша түзету жұмыстарын жүргізу. 

3. Үйшік әдістемесі 

Мектепке дайындығы өте жақсы

Мектепке дайындығы жақсы

Мектепке дайындығы орта

Мектепке дайындығы төмен

1












Қортынды:   білім алушыларға «үйшік» әдістемесін орындауға тапсырма  берілді. Оқушылар тапсырманы жақсы орындап берді. Білім алушылар   көшіріп  сурет салуды  біледі.

4. тест: «Ер адамның суретін салу» 

Мектепке дайындығы өте жақсы

Мектепке дайындығы жақсы

Мектепке дайындығы орта

Мектепке дайындығы төмен













Қортынды:   білім алушыларға «Ер адамның суретін салу» әдістемесін орындауға тапсырма  берілді. Оқушылар тапсырманы жақсы орындап берді. Білім алушылар    сурет салуды  біледі. Адам туралы түсінігі бар. Ойлау, қиялдау, елестету  қабілеттері жақсы. 

Ұсыныс:  орта балл алған оқушымен  түзету-дамыту   жұмыстарын жүргізу. 


Жалпы тест бойынша 


Мектепке дайындығы өте жақсы 

 Мектепке дайындығы жақсы 

 Мектепке дайындығы орта 

 Мектепке дайындығы төмен 








Қорытынды: жалпы оқушылардың мектепке деген дайындығы жақсы. Білім алушылар мектеп, оқу, тәртіп туралы хабары бар. 

Ұсыныс, кеңес: жалпы төрт   тест бойынша төмен балл алған оқушылармен түзету дамыту жұмыстарын жүргізу. 

5. Өмірде қиын жағдайға душар болған жасөспірімдермен «Мен өмірді сүйемін!» атты республикалық науқан аясында  төмендегідей жұмыстар жүргізілді: 

Акция барысында мектеп көңіл - күйді көтеретін және жағымды эмоцияларға көңіл бөлетін жарқын позитивті «мотиватор» хабарландыруларымен безендірілді. 

Мектебіміздің 9-11 сыныптары арасында «Өмірге «ИӘ» деп айт!» тақырыбында психологиялық жаттығу-сабақ өткізілді.  Оқушылар сабақ барысында берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап, өз ойларын ашық айтып жағымды көңіл-күймен қайтты. Әлемге әйгілі  мотиватор Ник Вуйчич туралы видеороликтен алған әсерлері жоғары дәрежеде болды. Қатысушылар өздірне жоғары мотивация алып шықты. Қандақ қиындық, сәтсіздіктер болса да түңілмей, қорықпай одан әрі тұрып ұмтылу керектігін түсінді. Оқушылар өмір, өмір сүру туралы  өздерін   қызықтырған сұрақтарға  аталған видео арқылы жауап алғандарын айтып өтті. 




7-8сыныптар арасында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді. Қатысушылар: 

Адам не үшін өмірсүреді?   

Өмірден өз орнын табу деген не?

Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? деген сұрақтарға өте жақсы жауап берді, өз ойларын  жеткізе білді. 

Келесі қойылған мынадай сұрақтарға: 

1. Қандай телесериалдарды білесің?

2. Қандай компьютерлік ойындарды білесің?

3. Сәнге айналып жатқан ұялы телефондар мен оның түрлері – деген сұрақтарға жақсы жауап беріп,  ойындардың, телефондардың, сериалдардың өз өмірлеріне өте қажет емес екендігін түсінді. Керісінше білім алу, оқу, жұмыс істеу керектігін, өз өмірлерін мәнді, сәнді етіп өткізу керектігін білді. Оқушылар өмір, өмір сүру туралы   өздерін  қызықтырған сұрақтар қойып, жауап алып отырды.




Акция   сәтті өтті, оқушылар оған қызығушылықпен қатысты және көптеген позитивті  эмоциялар мен әсерлер алды. 

Жоспар бойынша  9-11 сыныптар мен графикалық тест «Жаңбыр астындағы адам» алынып, нәтижесі шығарылды.   

Қорытынды: 

-  суреттегі жаңбыр адамның күнделікті өмірде кенеттен кездестіретін қиындықтарын және өзін ол қиындықтардан қашып құтыла алмайтындығын білдіреді. Яғни барлық білім алушылар жаңбырды салған. 

- Аспандағы бұлттар жайсыздықты немесе бақытсыздықты күту деп түсіндіріледі. Он үш оқушы бұлтты бейнелеген. 

- Көп алаңдайтын адамдар көлшіктер мен балшықтың суретін салады. Он бес оқушы көп алаңдайтынын білдірген. Мұнымен қатар көлшіктердің адамның қай жағында (алдында, артында, айналасында, турақты жеңгені. Алдында болса, өзіне-өзі жайсыздық тудырып жүргені. аяғының астында) орналасқандығына мән беріңіз. 

- Егер адамның бір орында тұрғанын емес, жылжып келе жатқандығын бейнелесеңіз, қиындықтан қашқаныңыз. Жеті оқушы қиындықтан қашады. 

- Айналасындағылардан сақ жүруді жөн көретін адамдар суретке теріс қарап кетіп бара жатқан кейіпкерді салады. Он бір оқушы айналасындағылардан сақ жүруді жөн көреді. 

- Найзағай адам өмірінде үлкен өзгерісті күтетіндігін білдіреді. Тоғыз оқушы өз өмірлерінде жақсы өзгерістерді күтіп жүргендерін білдірді.  Аспандағы күн мен кемпірқосақ игі істерге ұмтылуды, әлемде тек жақсылық атаулының болуын ғана қалау. Кемелділікке ұмтылу.

- Қолшатырды қоршаған ортадан психикалық деңгейде қорғануды жөн көретін тұлғалар салады. Оның суреттегі кейіпкерді қорғап, қорғамай тұрғандығына да мән беріңіз.

- Өзге де қосымша үй, ағаш, көлік немесе қолдағы сөмке, гүл, кітап сынды детальдар осылардың жетіспеушілігімен және оларға қол жеткізем деген үлкен талпыныспен түсіндіріледі.

- Суреттегі кейіпкердің қандай көңіл-күйде (қуаныш, реніш, өкпе, наз, ыза, шаттық және т.б.) екендігін анықтаңыз. Ол өзіне көмектескенін қалай ма әлде қиындықтарды еңсесін көтеріп қарсы алуда ма? Ол қиындықтарға мүлдем мән бермеуі тағы бар.

Ұсыныс:  найзағай, көлшік, балшықтың суретін салған оқушылармен жеке дара жаттығу сабақтарын   жүргізу. 


7,8,10 сынып  білім алушыларынан  «Сіздің өлім туралы ойларыңыз»  тесті алынды. 

Тест  мақсаты: өмірге құштарлығын, өмір сүйгіштігін және аутоагрессияға бейімділігін  анықтау. Тест  14 сұрақ берілген, оқушылар сұрақтарға өз ойларын ашық жазған. 



Қорытынды: тест нәтижесі көрсеткендей білім алушылардың  өмірге деген құштарлығы, өмір сүйгіштігі жоғары. Балалар өздеріне және өз өмірлеріне көңілдері толады. Ата анасымен, достарымен, мұғалімдермен өзара қарым қатынасы өте жақсы.  Сонымен қатар мектепте бір біріне қоқан лоқы көрсетіп, ақша талап ететіндер анықталмады. Егерде өзі бір қиындыққа  тап болса, сол жағдайдан шығу үшін  ата анасынан  көмек, кеңес сұрайтынын жазған. Келесі сөйлемдерді білім алушылар өздерін дәл қазір, бүгінгі өмірлерімен бақытты екендіктерін жазған. Жаман сезімдердің отбасы мүшелерінің біреуі ауырып қалса немесе өздері ауырғанда, жақындарынан айрылғанда болатындығын білдірген.  Балалар өздерін өте бақытты  екендіктерін ата анасының, бауырларының және жанына жақын жандардың бар болғанымен бақытты екендіктерін жеткізді. 
7 а сынып 

Қорытынды: тест нәтижесі көрсеткендей білім алушылардың  өмірге деген құштарлығы, өмір сүйгіштігі жоғары. Балалар өздеріне және өз өмірлеріне көңілдері толады. Ата анасымен, достарымен, мұғалімдермен өзара қарым қатынасы өте жақсы.  Сонымен қатар мектепте бір біріне қоқан лоқы көрсетіп, ақша талап ететіндер анықталмады. Егерде өзі бір қиындыққа   тап болса, сол жағдайдан шығу үшін   ата анасынан және мұғалімнен көмек, кеңес сұрайтынын жазған. Келесі сөйлемдерді білім алушылар өздерін дәл қазір, бүгінгі өмірлерімен бақытты екендіктерін жазған. Жаман сезімдердің отбасы мүшелерінің біреуі ауырып қалса немесе өздері ауырғанда, жақындарынан айрылғанда болатындығын білдірген.   Балалар өздерін өте бақытты   екендіктерін ата анасының, бауырларының және жанына жақын жандардың бар болғанымен бақытты екендіктерін жеткізді. 


10 б сынып 



     Қорытынды: тест нәтижесі көрсеткендей білім алушылардың   өмірге деген құштарлығы, өмір сүйгіштігі жоғары. Балалар өздеріне және өз өмірлеріне көңілдері толады. Ата анасымен, достарымен, мұғалімдермен өзара қарым қатынасы өте жақсы.  Сонымен қатар мектепте бір біріне қоқан лоқы көрсетіп, ақша талап ететіндер анықталмады. Егерде өзі бір қиындыққа  тап болса, сол жағдайдан шығу үшін  ата анасынан және мұғалімнен көмек, кеңес сұрайтынын жазған. Келесі сөйлемдерді білім алушылар өздерін дәл қазір, бүгінгі өмірлерімен бақытты екендіктерін жазған. Жаман сезімдердің отбасы мүшелерінің біреуі ауырып қалса немесе өздері ауырғанда, жақындарынан айрылғанда болатындығын білдірген.  Балалар өздерін өте бақытты  екендіктерін ата анасының, бауырларының және жанына жақын жандардың бар болғанымен бақытты екендіктерін жеткізді.

6.  Кәсіби бағдар бойынша Сенің кәсіби ой-ниетің. Мамандақ туралы хабар «Табандылықты зерттеу»  сауалнамалары, Д. Голландтың тұлғаның типтерін анықтау тесті,   «Мен қаладым» саралуашы- диагностикалық сұрақнамасы алынып нәтижесі шығарылды. Алынған сауалнамалардан білім алушылардың  өздері таңдаған мамандық туралы хабары бар, мақсат-міндеттері, қойылатын талаптары   туралы білетіндігі анықталды. 
№1 сауалнама 9а-сынып   

Қорытынды: Сауалнама нәтижесі бойынша сыныптағы 4 оқушы 10 сыныпта оқиды,  Көпсалалы колледжде 3 оқушы, 11 оқушы әр түрлі колледждерге баратындығы анықталды. 

Ұсыныс: колледждер туралы толық ақпарат беру. 

№2 сауалнама 

Қорытынды:  екінші сауалнама бойынша бес сұрақ берілген. Білім алушылар өз ойларын ашық, айқын білдірген. Сұрақтарға ойланып, шынайы  жауап берді. 

Ұсыныс (оқушыларға): мамандық туралы қосымша ақпарат беру. 

№3 сауалнама 

Қорытынды: сауалнама қорытындысы бойынша он оқушының табандылық деңгейі жоғары, бес оқушының табандылық деңгейі орта көрсеткіш көрсетті. Жалпы табандылық деңгейлері жақсы. 

Ұсыныс: орта деңгей көрсеткен оқушылармен түзету дамыту жұмыстарын жүргізу

№4 сауалнама 

9 ә сынып №1 сауалнама 


Қорытынды: Сауалнама нәтижесі бойынша сыныптағы 4 оқушы 10 сыныпта оқиды,  Көпсалалы колледжде 1 оқушы, 10 оқушы әр түрлі колледждерге баратындығы анықталды. 

№2сауалнама 

Қорытынды:  екінші сауалнама бойынша бес сұрақ берілген. Білім алушылар өз ойларын ашық, айқын білдірген. Сұрақтарға ойланып, шынайы  жауап берді. 

«Дарынды, қабілетті»  оқушылармен: 

    Мектеп бойынша дарынды оқушылармен «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін диагностикалау» тақырыбында жаттығу-сабақ жүргізілді. Сабақ барысында төмендегідей тесттер алынып, нәтижесі шығарылды. шығармашылықты анықтауға  арналған тесттер  көру арқылы еске сақтау    

Мақсаты:   оқушылардың шығармашылық қабілеттерін диагностикалау 

             Мектеп бойынша дарынды оқушылармен «Оқушылардың еске сақтау  қабілеттерін диагностикалау» тақырыбында тест алынды. Мектебіміздің дарынды оқушыларды анықтау мақсатында психологтар диагностикалық жұмыстар жүргізді:    «Дарындылықты анықтау тесті», «Оператиквті ес», «Көру арқылы еске сақтау», «Ақпаратты қабылдау» тестілері алынды. Тест нәтижесі  төмендегідей көрсеткіш көрсетті. 

  1. Жаттығу. Санды көру арқылы есте сақтау

Мақсаты: білім алушылардың есте сақтау қабілеттерін анықтау. 

Нұсқау: оқушыларға  оқушыларға 30  сан көрсетіледі. Әр суреттің арасы 3 секунд. Оқушылар есте қалған суретті ақ параққа салуы керек. секунд. Оқушылар есте қалған суретті ақ параққа салуы керек. 3минут уақыт беріледі. 

50 8 82 64 19

2 40 7 33 26

24 56 81 9 11

98 68 85 47 99

57 78 65 72 8

5 88 9 77 9


Қорытынды: мектеп бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Анықталған он екі оқушыдан есте сақтауды анықтау тесті алынды. Жалпы қатысқан оқушылардың есте сақтау қабілеттері орташа. Төмен, нашар көрсеткіш көрсеткен оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу қажет етеді.

Ұсыныс: төмен, нашар көрсеткен оқушылармен түзету сабақтарын жүргізу. 

2. Ақпаратты қабылдау

Эксперименттатор сөздерді тез оқиды, оқушылар бұл сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазуы қажет. 2 рет оқиды. 1 минут беріледі. Кестеде 5 қатар бар:

1) Аңдар

2) Құстар

3) Ағаштар

4) Гүлдер

5) Ыдыстар

32 сөз оқылады:

Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқар, Қасық, Роза, Қарағай,

Тарелка, Емен, Орман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Қаз, Шырша, Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, Аққу, Бүркіт, Күркетауық, Тауық, Қалақ, Жираф, Стакан.

Оқушылардың жазып үлгерген сөздерін санайды. Егер жазылған сөздердің саны 32 болса - ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31- 29 орташа. 28 төмен болса қабылдай алмайды деген сөз .



Қорытынды: мектеп бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Анықталған он екі оқушыдан есте сақтауды анықтау тесті алынды. Жалпы қатысқан оқушылардың ақпаратты қабылдаулары жақсы. 


3. «Оперативті ес» әдістемесі

Қысқа уақыт ішіндегі есті зерттеуге арналған әдіснама. Зерттелушіге бірінші баланкі беріледі. Кейін әдістеме құрлымы айтылады. 1 минут.

ҚҰРЛЫМЫ: Саған сандарды оқимын. 10 қатар әр біреуінде 5 саннан.Сіздің мақсатыңыз: сол 5 санды есіңізде ұстап сосын 1- ші санды 2 - шіге қосып, 2-шіні 3-ге қос, 3 - 4- ке қосып 4-ші 5-ге қосып, барлығын қосқандағы жалпы санды сол қатарға жазып қой. Мысалы: 6, 2, 1, 4, 2, 6+2=8 жазамыз, 2+1=3 жазамыз, 1+4=5 жазамы, 4+2=6 жазамыз. 15 сек беріледі. Дұрыс тапқан сандарды санап сол бойынша бағалаймыз. 

         Нұсқауы: сізге 5 ретті сан тізбегі  оқылады. Сіздің міндетіңіз бұл сандарды оқылу реті бойынша еске сақтауыңыз қажет.  Бұдан кейін ойша бір санды екінші,  2-ші 3-ші,  3-ші 4-ші, 4-ші 5-ші, ал алынған төрт қосындыны жауап парағына жазу. Оперативті ес кестесінің тізбегі бойынша. Оқылатын сан тізбегіне назар аударыңыз. Соңғы сандардағы екпінге мән беріңіз.  Мысалы, оқимын: 2,5,3,1,4. Қосамын: 2+5=7, 5+3=8, 3+1=4, 1+4=5.

         Жазасыз: 7,8,4,5. Бұл операцияларды сіз ойша орындауыңыз керек. Қазір сізге сандар оқылады. Карныдаш алыңыз! Зейін бөліңіз!

  Әдістеме мазмұны және қолдануы: әдістеме оперативті есті  анықтауға (көлемі, тұрақтылығы, нәтижелілігі) арналған.

Зерттелушіге  бір ретті сандар оқылады. Міндеті бұл  сандарды  есте сақтау, бірақ бұл ойша  жүзеге асады, алдыңғы санның  қосындысы қағаз  бетінде тіркеледі. 5 тізбекті 10 рет  беріледі.



Қорытынды: мектеп бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Анықталған он екі оқушыдан есте сақтауды анықтау тесті алынды. Жалпы қатысқан оқушылардың есте сақтау қабілеттері жақсы. 


«Дарындылықта анықтау»

Қорытынды: мектеп бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Анықталған он екі оқушының бағыты анықталды.  Тест нәтижесі бойынша оқушылардың басым көпшілігі шығармашылық пен айналысқанды жақсы көретіндігі көрініп тұр. 

оқушылар бойындағы дарындылықты анықтау 

5. Дарындылықты анықтау тесті

Сізге баланың қабілеттерін дамытуда нақты кеңестер мен ұсыныстар айту үшін біз алдымен баланың бейімділігі туралы мағлуматтардан хабардар болуымыз керек. Сізге 35 сұрақ беріліп отыр, ойлана отырып, балаңыздың мүмкіндігін асырып немесе кемітпей жауап беруге тырысыңыз. Жауабыңыз шындыққа жанасуы үшін балаңызды өз құрбыларымен салыстыра отырып жауап беріңіз.Жауап парағына аты-жөніңізді жазыңыз. Жауаптарыңызды ретіне қарай түсіріп отырыңыз. Егер сұрақ мазмұны сізге ұнамаса «-», ұнаса «+», егер өте ұнаса»++» белгілерін қойыңыз. Егер қандай да бір себептермен жауап беруге қиналсаңыз, сол жауап ұяшығын бос қалдырыңыз.


Қорытынды: мектеп бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Анықталған он екі оқушыдан дарындылық бағытын анықтау тесті алынды. Тест нәтижесі көрсеткендей оқушылардың бағыттары әртүрлі болды. 

Ұсыныс:  сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне оқушылардың қызығушылықтарны ескере отырып пән олимпиадаларына қатыстыруға кеңес берілді. 

6. «Анаграмма» сөз құрастыру оқушылардың зейінін анықтау.  


Қорытынды: мектеп бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Анықталған он екі оқушыдан зейінін анықтауға анаграмма яғни әріптерден сөз құрастыру  тесті алынды.  Төмен  көрсеткіш көрсеткен оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу қажет етеді. 

Ұсыныс: төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу.




«Құқық бұзушылықтын алдын алу»  бағыты бойынша:  


       Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын – алу,  кәмелетке толмағандардың  арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.  Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін іс шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сай іс шаралар өткізіліп келеді. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу мақсатында мектебімізде құқықтық оқулар күні жұмыс жасайды. Мектебiмiзде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары  талаптарға cай жұмыcтар жүргiзiлуде.  

   Жоспар бойынша білім алушылардың   құқықтық сауаттылығыны арттыру мақсатында  9-11 сыныптар арасында  «Дін туралы не білесіз?»  тақырыбында сауалнама, 7-8  сыныптар арасында бопсалау, әлеуметтік желі, әлеуметтік желідегі ойындар және дін туралы «Құпия сауалнама»   алынып нәтижесі шығарылды.  

Қорытынды: Жалпы 9-11 сынып оқушыларының әр түрлі діндер туралы хабары бар.  Әр бір сұраққа білім алушылар ойланып жауап берді. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылар өздерінің жүз пайыз ислам дініне жатқызықтындықтарын білдірді. Соңғы жылдарда дінге келушілердің санын өскендігін, мешіттерге діни мейрамдарғана баратындықтарын жазған. Дін туралы, ислам діні туралы және оның әртүрлі ағымдары туралы діни мейрамдарда мешітке барған кезде тыңдайтынын білдірген.  

Ұсыныс: Діни экстремизмнің алдын алу және  оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарымен лекция, әңгіме, түсіндіру жұмыстары жалғастырылсын.

  Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін іс шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сай іс шаралар өткізіліп келеді.  Мектебiмiзде   зорлық – зомбылықтың  алдын- алу жұмыстары  талаптарға cай жұмыcтар жүргiзiлуде.  

   Жоспар бойынша білім алушылар   7-8  сыныптар арасында бопсалау, әлеуметтік желі, әлеуметтік желідегі ойындар туралы  «Құпия сауалнама»  алынып нәтижесі шығарылды. 


 


Қорытынды:  сауалнама нәтижесі көрсеткендей мектебімізде бопсалаушылық, қорқыту, күш көрсету фактілері анықталмады. Әлеуметтік желілер ішінде «Whats apр»,   «Instagram»  желілерін  көп қолданады. Әлуметтік желідегі ойындардың ішінде  «Майнкрафт», «Кальмары» ойындарын ойнайтындықтары анықталды. Қазіргі қоғамда жастар арасындағы жиі болатын қақтығыстарға (ұрып соғу, төбелес, күш көрсету) не себеп  деп ойлайсың? деген сұраққа оқушылар «ақша үшін, өзара түсінбеушілік, бірін бірі тыңдамаушылық» тан болады  деп өз ойларын жеткізген.   

Ұсыныс: дін, діни ұғымдар және діни әдет ғұрыптар туралы қосымша ақпарат беру. 

Тәуекел топтағы және тәрбиеде қиындық келтіретін оқушылармен диагностикалық жұмыстар жүргізілді: 

  «Темпераментті анықтау» (А. Белов бойынша) 

Темпераменттің  әр түрлі типтерінің белгілі  бір пайыздық   мөлшері болатынын анықтау.

Орындау тәртібі: Темперамент  формуласын   анықтау  әдістемесі  тест  арқылы   берілген таблицаны "паспорт" ретінде толтыру кажет. Темперамент  типтерінің  төрт топқа (А1,А2,АЗ,А4,) бөліп  көрсетіп, әр типтің өзіндік белгілері мен  қасиеттері көрсетілген.Әр топта көрсетілген қасиеттің қайсысы сізге жақын болса,  соған «+» белгісін  қойып  шығыңыз


Флегматик

Сангвиник

Холерик







Қорытынды: тәуекел топтағы оқушылардың ішіндегі бес оқушыдан бала бойындағы темпераментті анықтау мақсатында тест алынып, нәтижесі шығарылды.  Білім алушыларға берілген бланк бойынша жауап жазып, өз бойларындағы мінез құлық ерекшелігін біліп отырды. 

тест: «Өзін өзі бағалау» Мақсаты: білім алушылрадың өзін өзі бағалауынанықтау

Нұсқау:  Кез келген Адам өз қабілеттілігін, мүмкіндігін, мінезін т.б. қасиеттерін өзінше бағалайды. Адам сапасының өсу деңгейі әр түрлі, ол адамзат қоғамында ең төменгі дәрежеден, ең жоғары нүктеге дейін бағаланады, сендер төмендегі берілген 7 қасиет бойынша өзіңіздің қасиеттеріңізді 100 балдық шкала бойынша бағалаңыз және әрбір шкалада қасиетіңіздің байқалу деңгейін белгілеңіз. Осыдан кейін әр шкала бойынша балдарды қосыңыз және 7 санына бөліп, орташа арифметикалық мәнін табыңыз.


Қорытынды:  жалпы білім алушылардың өзін өзі бағалауы жоғары. Тестке қатысқан үш оқушы өздерін жоғары, бес оқушы орта  бағалайды. 

Г.Айзенктің “Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау” сұрақнамасы 


Есеп бланкі.

Деңгей/ шкала

Үрейшілік 

Фрустрация 

Агрессия 

Икемсіздік 

Қалыпты  0 - 10





Орта        11 -15





Жоғары   15 -20






Қорытынды: Сұрақнамада   зерттелінген шкалалар келесі түсініктемені қамтиды.

  • Үрейшілік шкаласы – үрей жағдайы  төмен кезде де, бейберекет мазасызданады. 
  • Фрустрация шкаласы – мақсатқа жетудегі нақты немесе нақты емес тосқауылды сезінуден туындайтын психологиялық жағдай. 
  • Агрессия шкаласы - өзгеге күш көрсету арқылы лидерлікке ұмтылудың, көтеріңкі психологиялық белсенділік көрсеткіші.
  • Икемсіздік шкаласы – кезкелген әрекетті өзгертуге талап қойылғанда субъектің қиналуының көрсеткіші.

Жалпы сұрақнама қорытындысы бойынша білім алушылардың үрейшілік және икемсіздік деңгейлері қалыпты. 


Мектеп ұжымымен төменегідей жұмыстар жүргізілді:  «Басшы біліктілік сауалнамасы» мектеп ұжымымен қатысқан 43 мұғалім

Мақсаты: Мектеп әкімшілігінің  кәсіби әрекетін ұжым мүшелерінің бағалауы

Жоспар бойынша мектеп ұжымынан жоғарыда аталған тест алынып, нәтижесі шығарылды. Нұсқау бойынша ұжым мектеп басшыларын 12 параметр бойынша бағалаулары керек. Ұжым нақты, шынайы жауап берді.

Қорытынды: сауалнама   құпия түрде жүргізілді. Мектеп басшылары 12 параметр бойынша өте жақсы көрсеткіш көрсетті. Ұжымның ойыша барлық параметрлер бойынша яғни мұғалімді жақсы түсінетін, адал, тәртіпті, сынды дұрыс қабылдайды, шыдамды екенін көрсетті. 

   Сонымен қатар кейбір мұғалімдер ең соңғы «басшыларға тілегіңіз және кеңесіңіз» дегенде сабырлылық және төзімділік керек деп жазған.  


 «Мектеп  басшысы   мұғалімдердің көздерімен»  мектеп ұжымы Қатысқаны: 34 мұғалім

Мақсаты: ұжым мүшелерінің мектеп басшысына деген көзқарсын анықтау. 

   Жоспар бойынша ұжым мүшелерінен мектеп басшысына деген көзқарасын анықтау мақсатында «Мектеп  басшысы  мұғалімдердің көздерімен»  тақырыбында құпия сауалнама алынды.  Сауалнама 20 сұрақтан тұрады. Ұстаздар нұсқау бойынша берілген тұжырымдамалармен келісетін болса «+» белгісін, келіспейтін болса «–» белгісін қоюы керек. Мұғалімдер өз ойларын айқын және нақты жеткізе білді. Тұжырымдамаларға шынайы жауаптарын берді. 


Қорытынды: Мұғалімдердің арасында төрт мұғалім 20 сұрақтың ішіндегі 7- сұрағына  Егер «кімде-кімді сапқа тарту» керек болса, ұжымның көмегіне шебер сүйенеді, 10 сұрақ  Педагогикалық шеберлік тәсілдерін көрсете біледі.11- сұрақ  Квалификациялы  әдістемелік көмек көрсетеді деген сұрақтарға келіспейтіндіктен көрсетті. Жалпы сауалнама қорытындысы өте жақсы нәтиже көрсетті. Мектеп басшысының өте ақылды, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары, мектеп ұжымымен өзара дұрыс қарым қатынас жасай алатын және қандай да бір жағдай болмасын ұжымды алып шыға алатын басшы ретінде қабылдайтындықтарын көрсетті. 

Жас мамандармен «Жаңа оқу жылын- жалынды жастық жігермен бастайық!»

 психологиялық тренинг

Мақсаты:
 
Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту.

Міндеті:

¢Бір – біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру

¢Психологиялық қолдау көрсету

¢Шығармашылыққа бағыт беру

Шағын орталық бүлдіршіндерімен: Бөлшектерден тұтас суретті құрастыру қабілеттерін анықтау «Қиылған суреттерді құрастыр» (шағын орталық) 

Шағын орталықтағы 4-5 жастағы бүлдіршіндермен  жоғарыда аталған тақырыпта жаттығу сабақ өткізілді. Бүлдіршіндер сабаққа өте белсене қатысты.





 

Мектеп психологтары   Ибраева А, Разиева А