2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ
04
июнь
2022

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

2021-2022  ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК  ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Ұжымда  83  мұғалім, оның 81 – жоғары, 2 – арнаулы орта білімді.

Осы 83 мұғалімнің 22 жоғары санатты және педагог–зерттеуші,  27 – бірінші санатты және педагог–сарапшы, 22– екінші санаттыжәне педагог–модератор,      9 – жалпы санатты. Педагогтарда оқытатын пәндеріне сай келетін базалық жоғары білімдері бар. Педагогтар арасында оқу жүктемесін педагогикалық мақсатқа лайықты тарату жұмысы үнемі  қадағаланып отырылады. Мектеп педагогикалық кадрлармен толықтай қамтамасыз етілген.  


Мектептің педагогикалық кадрлары туралы мәлімет


Оқу жылы

мұғалімдер  саны

жоғары білімді

орта арнау лы

сапасы%

жоғары санатты/

зерттеуші

І санатты/

сарапшы

ІІ санатты/

модератор

жалпы санатты

сапасы%

2019-2020 

78 

76 

2 

97,4%

12/5 

30/1 

15/6 

61,5%

2020-2021 

79 

77 

2 

98,7%

4/18 

17/10 

11/11 

62%

2021-2022 

8

81 

2 

98,8%

2/20 

6/23 

4/15 

13 

61,4%


2021-2022 оқу жылындағы мұғалімдердің сапалық көрсеткіштерін талдаса, жоғары/педагог-зерттеуші  және бірінші/педагог-сарапшы санаттағы мұғалімдер пайыздық көрсеткішпен алғанда 61,4% құрайды. Былтырғы жылға қарағанда мұғалім санының көбеюіне байланысты динамика төмендеп тұр. Ал білімі бойынша +0,1  пайызға  динамика көтерілгенін көрсетеді.

Мұғалімдердің ұлттық құрамы 

№ 

Ұлты 

жалпы саны 

жоғары санат/ педагог –зерттеуші 

І санат/ педагог –сарапшы 

ІІ санат/ педагог–модератор 

жалпы санат 

 

83 

1 

Қазақ 

41 

1/9 

3/7 

1/8 

11 

2 

Ұйғыр 

41 

1/9 

3/16 

3/7 

2 

3 

Дүнген 

1 

/1 

- 

- 

- 


      Педагогикалық ұжымның көпшілігін, яғни 42,1% пайызының еңбек өтілі 20 жылдан астам мұғалімдер құрайды. Ұжымның басым бөлігі 30-34 және 45-49 жас аралығындағы мұғалімдер.  Барлығы 35 пайызды құрайды. Биылғы оқу жылында 2 зейнеткер мұғалім жұмыс жасады. Келесі оқу жылында 2 мұғалім зейнеткерлікке кетеді.


 

Аттестаттау – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі.  Өткен 2020-2021оқу жылында мектеп ұстаздарының 28% - жоғары санатты және педагог-зерттеуші,   34%  -бірінші санатты және педагог-сарапшы, 28%  - екінші санатты және педагог-модератор, ал қалған 10%  - жалпы санатты  құрады.

2021-2022 оқу жылында  «педагог-модератор» санатына 7 мұғалім, «педагог-сарапшы» санатына 12 мұғалім, «педагог-зерттеуші» санатына 2 мұғалім - барлығы 21 мұғалім өтініш берді. Желтоқсан айында 16 мұғалім аттестаттаудан өтті, ал 1 мұғалім  «педагог-модератор» санатына тесттен қажетті балл жинақтап, аттестаттаудың екінші кезеңіне құжаттарын жинап өткізді, ал 4 мұғалім тест тапсыру үшін өтініш беріп отыр.Қазіргі таңда мектепте барлығы 58 мұғалім, яғни  ұжымның 70 пайызы жаңа форматты біліктілік санатына ие. 

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамында, Талдықорған қаласындағы ПШОда  біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. 2021-2022оқу жылында біліктілік арттыру курсынан 28 мұғалім өтті. Қазіргі кезде мектепте 72 мұғалім білім беру мазмұнын жаңарту курсын,  4 мұғалім тренерлік курсты, 12 мұғалім деңгейлік курстарды аяқтап сертификатталған, ал ДОІЖО И.Асанова – мектеп   үйлестірушісі курсын аяқтаған. 


 

Әдістемелік жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жыл 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген         «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесіне» 2015 жылғы 27 шілдедегі №488 бұйрығымен енген өзгерістер негізінде іске асырылды. 

2021-2022 оқу жылында мектептегі әдістемелік жұмыстар «Жаңартылған білім беру жағдайында әдістемелік инновациялық қызметті тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында жүргізілді.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты:   «Педагогтардың оқыту мен оқуды жетілдіру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру,   әдістемелік көмек көрсету». Осы мақсатқа жету үшін    әдістемелік жұмыстың төмендегідей  міндеттері белгіленді:            

  • Мектептегі әдістемелік қызметті жүргізу, пән бірлестіктері  жұмыстарын ұйымдастыру, көмек  көрсету;  
  • Мұғалімдердің үздіксіз білімін жетілдіруге әдістемелік  көмек  көрсету;
  • Жаңартылған білім мазмұнын үйренуге, АКТ тиімділігін арттыруға, кері байланыс тәсілдерін ұтымды    пайдалануға  әдістемелік көмек көрсету;
  • Жас мамандарды шыңдау;
  • Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің іс - тәжірибелерін тарату;
  • Семинар, коучингтер, пән онкүндіктерін, конференцияларды ұйымдастыру;
  • Мектепте   анықталған мәселелермен нақты жұмыс түрлерін құру (дарынды, үлгермеуші, үлгерімі төмен   оқушылар);  
  •  Білім сапасын арттыруда оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың диагностикасын жүргізу;             


Мектептегі инновациялық жұмыстар ғылыми-теориялық негізбен, озат тәжірибелер мен жетекші идеялармен байланысып, жоспарлы түрде жүзеге асты.


 


Оқу жылы барысында 5 әдістемелік кеңес отырыстары, қыркүйек, қаңтар айларында әдістемелік күн, қараша айында «Күнделікті білім беру үрдісінде әлеуметтік желілерді, бұлтты сервистерді, QRкодтау технологиясын тиімді қолдану» тақырыбында семинар практикум, «Білім мен тәрбие егіз» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.

Мектептің әдістемелік қызметінің негізі – бұл пән бірлестіктері. Мектепте 11 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді.

       Әдістемелік бірлестіктің отырыстары өз уақытында өтіп тұрды,  отырыста ұстаздардың қолы жеткен табыстары мен жұмыстары талқыланды. Онда 2021-2022 оқу жылына арналған мұғалімдердің күнтізбелік жоспары құрылып, бекітуге ұсынылды. Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқау хатымен таныстырылды. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары, үйірме, таңдау пәндерінің жоспары талқыланды. Әдістемелік отырыста пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу, ашық сабақтардың жоспары, қабілетті оқушылармен жұмыс, педоқулары тақырыбы, аттестация, курстары жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есеп берілді. 

    Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән онкүндіктерін өткізу жатады. 


Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынды. Пән онкүндіктері өте сапалы әрі қызықты өткізілді. 2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмыс істеу белсенділігін саралай келе, «Өнерпаз» пән бірлестігі, келесі оқу жылында мектепішілік бақылауға қойылды.


 


2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік бірлестіктердің 

жұмыс істеу белсенділігінің көрсеткіштері


Іс-шаралар



                             әдістемелік


                           бірлестіктер

«Заңғар»

«Словесник»

«Достық»

«Назым»

«Зерде»

«Лачин»

«Квант»

«Жерұйық»

«Шежіре»

«Өнерпаз»

«Жастар»



1

Бірлестік жоспары

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

2

Хаттамалар дәптері

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

3

Пән онкүндіктерінің өткізілуі

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

4

Ашық сабақтар

мектепішілік

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

аудан, облыс көлемінде

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

5

Жазба, практикалық, лабораториялық жұмыстардың орындалуы. Көрмелер, президенттік тесттің орындалуы

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

6

Бірлестік мүшелерінің өзара сабаққа қатысуы

4

4

4

4

4

4

4

4

4

5

4

7

Оқушыларды пән олимпиадаларына, түрлі байқауларға, жарыстарға, ғылыми жоба жарыстарына, интеллектуалды ойындарға     қатыстыруы

5

5

5

5

5

5

5

5

5

4

5

8

Ерекше қабілетті балалармен жұмыс жүргізуі

5

4

4

5

5

5

4

4

4

4

4

9

Үйірме, факультатив жұмыстарының жүргізілуі

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

10

Озық тәжірибе тарату

5

5

5

5

5

5

5

5

5

4

5

11

Жас мамандармен жұмыс

5

-

5

-

-

-

5

-

-

-

-

12

Мұғалімдердің түрлі байқауларға қатысуы

Мектепішілік         1

1

1

1

0

1

1

1

1

0

0

1

Аудандық            1

0

0

1

0

1

0

1

0

1

0

1

Облыстық            1

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

1

Республикалық      2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Қ о р ы т ы н д ы

4,7

4,7

4,7

4,3

4,8

4,8

5

4,7

4,7

4,1

5


      Жаңа әдіс тәсілдерді және оқыту үшін бағалауды іс- тәжірибеге енгізе отырып,тәжірибе бөлісу мен алмасуға бағытталған орта құру және сапалы білім жүйесін дамытуға арналған оқу кеңістігін ұйымдастыру мақсатында «Серпін»  желілік қоғамдастығы өз жұмысын жалғастырды.  Қоғамдастық құрамына деңгейлік оқуды аяқтаған сертификатталған мұғалімдер кірді.

2021-2022 оқу жылында «Серпін» жетекші мектептер қауымдастығында Жаркент қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, Б.Назым атындағы орта мектеп және Еңбекші орта мектебі серіктес болып, бірлесіп жоспар құрып, жоспарлы жұмыстар атқарды.


Серіктес мектептермен ортақ өзекті мәселе:  Оқу үдерсінде тиімді сұрақтарды (ашық, жабық, жоғары деңгейлі сұрақтар, жетелеуші сұрақтар және т.б.) қолдана білу білім алушылардың оқу сауаттылығын жақсартуға қалай ықпал етеді?

Мақсаты:   Тиімді сұрақтарды орынды қолдану арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын жақсарту.

Күтілетін нәтиже: 

  •  Сұрақ қою әдіс тәсілін меңгереді.
  • Оқу мен оқытудағы сұрақ қоюдың маңыздылығын түсінеді.
  • Білім алушылардың оқу сауаттылығы артады.

Жоспар бойынша:        

1.Жетекші және оларға серіктес мектептердің деңгейлік курстан өткен мұғалімдерінің сандық, сапалық құрамы анықталды.


           деңгейі

саны

1

Мектеп координаторы

1

2

І деңгей(ілгері)

4

3

ІІ деңгей

2

4

ІІІ деңгей

5

5

Тренер

4

6

зерттеушілер       

21

7

сарапшылар        

23


модераторлар      

15


2.Серіктес мектептермен бірлесіп, зерттеу топтары құрылды. Мектептебімізде үш зерттеу топтары «Оқушылардың  оқу сауаттылығын  оқу дағдылары арқылы арттыру» тақырыбында сабақты зерттеу үдерісін жүзеге асырды.


1-топ мүшелері: Л. Жұмалова, И.Асанова, Г.Ходжамниязова,Т.Изимова 

Зерттелетін сынып 4в, сынып мұғалімі Б.Анаятова


  1. топ Зерттеу сұрағы: «Оқушылардың  оқу сауаттылығын  айтылым дағдысы арқылы  арттыру»
 


    

  

2-топ мүшелері: Ұ.Қазыбаева,Г.Ибрагимова, Ж.Тохтамова ,Я.Бакиев 

Зерттелетін сынып 7ә,сынып жетекшісі А.Турдамова

Пәні ұйғыр тілі мен әдебиеті ,пән мұғалімі А.Асимова


2-топ  Зерттеу сұрағы: Оқушылардың оқу сауаттылығын тыңдалым дағдысы арқылы арттыру

 


    

3-топ мүшелері: Х.Абубакриева, А.Курабаев,Г.Садырова,Ғ.Рысбаев

Зерттелетін сынып 2ә, сынып жетекшісі М.Маусымбаева 


3топ       Зерттеу сұрағы: Оқушылардың оқу сауаттылығын  жазылым дағдысы арқылы арттыру

 



    

  

4-топ мүшелері: Б.Молдақынова, Ж.Мусазов,Қ.Карбузова,З.Сутенова

Зерттелетін сынып 5б,сынып жетекшісі С.Таипова

Пәні қазақ тілі мен әдебиеті,пән мұғалімі А.Базарбаева


4топ       Зерттеу сұрағы: Оқушылардың оқу сауаттылығын  оқылым дағдысы арқылы арттыру

 





     


3.Қазан айында «Ашық – жабық сұрақ бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында    мектепішілік коучинг, желтоқсанда «Мәтін бойынша тест сұрақтарын құрастыруды үйрету» тақырыбында Б.Назым атындағы орта мектептің тренері Ж.Ниязова коучинг өткізді.

Қаңтар айында «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларына оқу мақсаттарына сай оқу сауаттылығының тапсырмаларын еңгізу» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің тренері А.Шатырбаева онлайн түрінде шебер сынып өткізді. 

Сәуір айында «Оқу мен оқыту үдерісінде тиімді сұрақ қою тәсілдері» атты тақырыпта вебинар өтті. 

      26 қаңтар күні  мектебімізде «Серпін» желілік қауымдастық аясында «Зерттеу сұрағына байланысты әдебиеттермен жұмыс»тақырыбында вебинар   өткізілді.Вебинарды Еңбекші орта мектебінің 1 деңгейлі, мектеп тренері,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Молдақынова жүргізді.

      Вебинарға жетекші Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің тренері А.Шатырбаева, мұғалімі Қ.Абылханова, серіктес Б.Назым атындағы орта меткептің тренерлері Ж.Ниязова,Т. Мұхамедова, С.Назарова және мектеп мұғалімдері, серіктес Еңбекші орта мектебінің мектеп тренерлері Қ.Карбузова,Ұ.Қазыбаева, И.Асанова, Л.Жұмалова, Х.Абубакриевалар қатысты.  Б.Молдақынова вебинарда зерттеу сұрағының өзектілігін көрсету үшін әдебиеттермен жұмыстың мақсатын, жүргізілу әдіс-тәсілдерін, қажетті әдебиеттің түрлерін анықтап, мәтінді қолда бар нақты дереккөздерге шолу жасау арқылы көркемдеп қолдану жолдарын көрсетті.

     Дереккөздерден алынған мәліметтердің типтерін анықтау қажеттігіне тоқталды.

Олар интернет көзі,тақырыпқа сай кітаптар немесе электронды кітаптар, журналдар мен газеттер, оқулықтар. Зерттеу сұрақтарын анықтауда әдебиеттерді шолудың үш басты этабын қарастыру керек. Зерттеу сұрағын анықтау, зерттеу сұрағының ауқымдылығын анықтау, нәтижесін анықтау.

Әдебиетке шолудағы негізгі ұсынымдарды атап өтті.

Әдебиетті талдау, логика және ретпен іріктеу таңдаған зерттеу сұрағының ерекшелігімен анықталады.Зерттеу сұрағының тиімділігі әдебиет көлемімен сапасына байланысты.

 Ең алдымен ұсынылған әдебиеттер таңдаған кезде ,ауқымды ақпарат көзін таңдау қажет.

Кейбір мәліметтер мақалалардан,журналдардан,анықтамалық кітапшалардан және интернет көздерінен жинақталады. Әрбір ақпарат көздеріне қысқаша шолу әзірлеу қажет.

Зерттеу сұрақтарына байланысты әдебиеттермен жұмыс әр түрлі болады.

*Сандық      *Сапалық         *Тезистік

Зерттеу сұрақтарына байланысты алынған дәйеккөз қай жерден алынғаны және қандай әдебиеттерден алынғаны, авторы, жыл, ай, баспа орны міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Материалдарды жинақтау зерттеу сұрақтарын қысқа әрі дұрыс жолмен түсінуге мүмкіндік береді. Қорытындылай келе зерттеу сұрақтарына байланысты   әдебиеттерге талдау жасалып, нәтижелері   қорытындыланады. Зерттеу сұрағының мақсаты анықталады.

      Мұғалімдер арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастық орнатып, педагогикалық ұжымның ахуалын жақсартты. Мектептегі  педагог қызметкерлердің барлығы дерлік  жаңа форматтағы сабақтар өткізіп, желілік қоғамдастықты дамыту бағытында көптеген жұмыстар жасап өздерінің кәсіби шеберліктерін арттырды. Мектепаралық ынтамақтастықты арттыра отырып, жаңа идеялар мен тәжірибелерді шоғырландыру арқылы  кәсіби дағдыларды дамыту және бағдарламаның жүзеге асырылуына ықпал ету мақсатында және оқушылaр жоғaры жетіcтіктерге қол жеткізу үшін бірнеше серіктес мектеп aрacындa оқыту мен оқу үдеріcтерін жетілдіруге бaғыттaлғaн іc-әрекеттер жоcпaрын іcке acыру және оның мониторингін жүргізу мaқcaтындa мектебімізде шығармашылық топ жұмыс жасады. Қазіргі кезде біздің мектепте пән бірлестіктері немесе  қоғамдастық деп айтсақ та болады, жұмысын тек интернет желіcі aрқылы ғaнa емеc, ынтымaқтacтық жобaлaр aрқылы, яғни жеке кездеcу, өзара коучинг, cеминaрлaр өткізу aрқылы жүзеге асырды. Желілік қауымдастықта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылауына қолайлы ортада жұмыс жүргізілді. 

Оқу жылы барысында жүргізілген жұмыстарды саралай келе, төмендегідей қорытындыға келдік:

1.Идеялармен бөлісті, проблемаларды анықтады, шешті, шынайы қарым-қатынас жасалды; 

2.Өзара сенімділік орнатылды, тәжірибе алмасты, кәсіби білімін жетілдіруге ықпал етті.

3. «Lesson study» үдерісін жандандыру қажет.


      «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін  ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты негізінде мектеп мұғалімдерінің  жаңа білім беру мазмұны жағдайында  кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылығын шыңдау  және  педагогтар мен оқушылар арасында үйлесімді   шығармашыл орта  қалыптастыру мақсатында  мектебімізде «Ізденуші» атты шығармашылық топ құрамы бекітілді.   Б.С.Молдакынова – шығармашылық топ жетекшісі, Х.Т.Абубакиева – тарих пәні мұғалімі, У.А.Қазыбаева – тарих пәні мұғалімі, Л.Т.Жумалова – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  С.А.Таипова-орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Р.Заиров-шет тілі пәні мұғалімі,  А.А.Есенова-

бастауыш сынып мұғалімі, Ж.Қ.Құрамаева-география пәні мұғалімі,   Г.З.Садырова-технология пәні мұғалімі,  Д.З.Мусазов-дене шынықтыру пәні мұғалімі, С.П.Юсупова-ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, П.Д.Масимов-информатика пәні мұғалімі.
 
 

Шығармашылық топ   жұмысынан  күтілетін нәтиже:

- Мамандардың педагогикалық іс – тәжірибесін зерделеу, зерттеу, жалпылау және    тарату жұмыстарын  ұйымдастырады;

- Оқушыларды жобалау, шешімдер қабылдау және шығармашылық жұмыстарды   орындауға баулиды;

- Баспа әрекетін жоспарлап, жариялайды;

- Семинар-конференцияларды бастамашылдық әрекетімен өткізеді;

- Кәсіби сайыстарға қатысып, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде жетістікке   жетеді;

- Шебер-класс ұйымдастырып, онлайн семинарларына қатысып, педагогтың қоғамдағы   оң имиджін қалыптастырады. 

Мектеп мұғалімдерінің  кәсіби және шығармашылық сайыстарға қатысуы

     Мектеп мұғалмдерінің кәсіби білімі мен шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында мектепішілік, қалалық және облыстық деңгейлердегі мұғалімдерге арналған пәндік олимпиадалар мен сайыстарға қатысып, нәтижеге жеткен ұстаздарды атап өтуге болады.

      Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен VI Республикалық қашықтық олимпиада жүлдегерлері З.Т.Сутенова 2-орын, Б.С.Молдакынова 3-орын Диплом.  

КИО.KZ «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жүлдегері ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.П.Юсупова 3-орын,  ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Н.Аметова 3-орын, ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Т.Асимова 3-орын. «Өрлеу» БАҰО ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай С.П.Юсупова Құрмет грамотасы. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігі «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.С.Молдакынова мен ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.П.Юсупова. «Ұлт абырой» медалінің иегерлеріі көркем еңбек пәні мұғалімі  Ғ.Қ.Рысбаев пен Г.З.Садырова.   «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігі «Ғылым және өмір –наука и жизнь» атты ғылыми-практикалық конференциясындағы құнды баяндамасы, ғылыми жобасы үшін З.Х.Тохтахунова, Диплом 1-орын. Аудандық білім бөлімі  ұйымдастырған «Үздік шет тілі сабағы»  А.И.Яхяров 1-орын иеленіп, Құрмет грамотасымен марапатталды. Осан Мағжан математика пәнінен аудандық «Жас маман -2022»   «Мен осылай жасаймын» атты байқауының іріктеу кезеңінен 3-орын, Джумабекова Дариға ағылшын тілі пәні мұғалімі осы байқаудың аудандық кезеңінде 3-орын иеленіп, Құрмет  грамотасымен марапатталды.  

     Мектебімізде дәстүрлі  мектепішілік «Жыл мұғалімі-2022» байқауы өткізілді. Осы күні білікті ұстаздарымыз педагогикалық  шеберліктерін сынау сайысына түсті.  Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген  байқауға биылғы жылы шеберліктерін шыңдау үшін қатысқан мұғалімдер: Наймантаева Гүлшат, Курбанова Бахтинур, Чокпарова Баян, Ибрагимова Феруза, Абдукаримова Айгерім, Турсунов Арман, Сағат Шыңғыс. «Жыл мұғалімі-2022» сайысында ұстаздар маңызды жағдаяттарды, әдістемелік тиімді істерді, шығармашылық ізденістер нәтижелерін ұсынды.        «Жыл мұғалімі-2022» сайысының жеңімпазы дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сағат Шыңғыс  атанды. «Үздік педагог» номинациясын Тұрсынов Арман, «Үздік сынып жетекші» номинациясын   Ибрагимова Фируза, «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» номинациясын Наймантаева Гүлшат Мұқашқызы иеленіп , ақшалай және заттай сыйлықтар алды. 

   


Бастауыш сынып мұғалімі Наймантаева Гүлшат Мұқашевна аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2022» байқауына қатысып 3-орын иеленді.                              Республикалық «BILGEN»ұлттық олимпиадаларына үздік шәкірт дайындаған мектеп директоры Г.К.Рысбаев, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.С.Карбузова, бастауыш сынып  мұғалімі А.А.Есенова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.С.Молдакынова, ағылшын тілі   пәні мұғалімі А.Яхияров, А.Турдамова,   бастауыш сынып мұғалімдері Г.Ходжамниязова, Б.К.Курбанова, Б.Анаятова, Ж.Буланбекова, Г. Келтірбай, Ж.Тохтамова, Ж.Балабекова, М.Маусымбаева  дипломдарымен марапатталды.

 

Тәжірибе тарату жұмыстары


       Мектеп  мұғалімдері қазіргі таңда  тәжірибе тарату жұмыстарымен үзбей айналысып келеді. Биылғы оқу жылында «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан  «Білім сапасын арттыру-тұлғаны білімдік, тәрбиелік тұрғыдан дамыту кепілі» атты әдістемелік жинақ құрастырылуда. Әдістемелік жинақты құрастырушылар А.А.Есенова, Қ.С.Карбузова.   




Авторлық  бағдарламалар, жинақтар

   


 


Мектеп мұғалімдерінің жетістіктері туралы мәлімет


Оқу жылы 

Облыстық 

Республикалық 

Халықаралық 

1

2019-2020

7

9

4

2

2020-2021

10

10

4

3

2021-2022

3

12

4


 

Қорытынды:

- Мамандардың педагогикалық іс – тәжірибесін зерделеу, зерттеу, жалпылау және   тарату жұмыстары  ұйымдастырылды;

- Жоспар бойынша барлық жұмыстар өткізілді;

- Мұғалімдердің облыстық кәсіби сайыстарға, конференцияларға қатысып, жетістікке   жетуін қамтамасыз ету.


Дарынды  балалармен жұмыс мақсаты:  Жан жақты, білімді,  іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған,  адамгершілігі жоғары, дені сау, барынша қабілетті  жанды қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: интеллектуалды сайыстар, зияткерлік  пән олимпиадалары, ғылыми – зерттеу жұмыстары, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары. Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі. 2021 – 2022 оқу жылындағы бекітілген жұмыс жоспары негізінде мектеп психологтары дарынды оқушыларды анықтау мақсатында   лонгитюд әдісі арқылы әр оқушыны сырттан бақылап, бойындағы жеке дара қасиеттерін анықтап, шығармашылық қабілеттерінің диагностикасын шығарды. Мектеп психологтары дарынды оқушылар тізімін анықтап, олармен психологиялық тренинг өткізілді. 


  


Оқушы жастардың шығармашылық бірлестігі құрылып, өздерінің атауы, девизі  мен эмблемасы жасалынды.  Пән мұғалімдері тарапынан оқушыларды ұйымдастырып  мектепішілік, аудандық, республикалық пән олимпиадаларына, ғылыми жобаларға  қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:Мектепішілік жетістіктер: 

  •  «Құстар қорғауды сұрайды» эко көрмесінде Серікжан Нұрбол 1 орын
  •  «Менің Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу сайысында Нұржанқызы Шырайлым 1 орын, Ербол Мерей 2 орын, Рахимжанова Руфина 3 орын
  •  «Туған жерімнің тарихы» атты эссе байқауында Насыруллаева Ранагуль 1 орын, Мадиярова Рамина 2 орын,Абдужалилова Гульмина 3 орын
  • «Тәуелсіз елдің бүлдіршіндері» сүрет байқауында Ахметова Зарина және Насыруллаева Шахноза 3 орын
  • «Тұңғыш президент» тақырыбында өткен мүшайрада Ахметжанова Карина 1 орын
  • «Білімді ұрпақ ел болашағы» атты білімділер сайысында Өмен Анелья жүлделі орынға ие болды.

   Мектепішілік пән олимпиадасына 5-6 сыныптар арасында 35 оқушы, ауданға қатысқан 13 оқушы, 8-11 сыныптар арасында 71 оқушы мектепішілік олимпиадаға қатысып, оның 20 оқушысы ауданға жолдама алды.

  «BILGEN ALAMAN» Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 43 оқушы қатысып, 36 оқушы аудандық кезеңіне өтті. 

   Мектепішілік «Жыл оқушысы 2022» байқауына 15 оқушы қатысып, 8 сынып  оқушысы Өмен Анелья «Жыл оқушысы-2022»  атанды. 








Аудандық жетістіктер:

  •  Аудандық ғылыми жобаға қатысқандар робототехника пәні бойынша 9 сынып оқушысы Шамиев Ринат,жетекшісі Масимов Пархат, математика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Маркижанов Шахмурат,жетекшісі Вагапов Қурванжан, химия пәні бойынша 8 сынып оқушысы Өмен Анелья,жетекшісі Аспараева Жазира, көркем еңбек пәні бойынша 9 сынып оқушысы Адхамова Гульназ,жетекшісі Садырова Гулиям, тарих пәні бойынша 8 сынып оқушысы Харуллаева Халидам,жетекшісі Курбанова Бувихан, өлкетану пәні бойынша 10 сынып оқушысы Алиш Зере,Құрамаева Жеңісгуль, құқық негіздері пәні бойынша 11 сынып оқушысы Сайдуллаева Дилинур, жетекшісі Абубакриева Хуршидам. 
  •   Робототехника пәні бойынша 9 сынып оқушысы Шамиев Ринат 2 орын, құқық негіздері пәні бойынша 11 сынып оқушысы Сайдуллаева Дилинур1 орын алып, облыстық кезеңде белсенді қатысты деген дипломмен марапатталды.     
  •  Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілген АПФ форматында «Ұшқыр ой алаңы» дебатына 8 сынып оқушылары Игиса Алия, Мұқажан Толғанай, Азаматқызы Дария мектепішілік кезеңінен өтіп, ауданға өтті. Игиса Алия аудандық кезеңде «Үздік спикер» номинациясына ие болып, облыстық кезеңге іріктеп алынды.     
  • Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде математика пәні бойынша Раимджанова Азиза II дәрежелі диплом,Рахимов Салим III дәрежелі диплом, география пәні бойынша Нұртәліп Гулина II дәрежелі диплом, өзін-өзі тану пәні бойынша Алиш Зере III дәрежелі диплом, Қазақстан тарихы пәні бойынша Бұланбек Аружан II дәрежелі диплом, информатика пәні бойынша Тоқтарбек Диас III дәрежелі дипломмен марапатталды.            
  • «Мейірімділік жасауға асығыңыз» атты аудандық сүрет байқауда Пидахметова Айнура 2 орын
  •    М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қазақтың мұзбалақ ақыны» атты оқушылар мүшайрасында Нұрзет Нұргуль 2 орын
  •  Социалистік еңбек Қахарманы М.Ниязованың 90 жылдық мерейтойына арнап өткізілген эссе байқауында Розметова Рамиля 2-орын, Асимжанова Зухра 3-орын
  • Ы.Алтынсарин орта мектебінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «ROBO Altinsarin 2021» олимпиадасында «Alpha» тобы 3 орынға ие болды. 
  • 7-8 сынып оқушылар арасында Жаратылыстану математикалық бағыты бойынша аудандық олимпиадада информатика пәнінен Чажабаева Айым 3-орын, физика пәнінен Абдулжанова Анелья 2-орынға ие болды.

Облыстық жетістіктер: 

  • «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Облыстық География пәнінен оқушылар арасындағы онлайн олимпиадасының жеңімпазы Абдукеримова Гульмина. 

Республикалық жетістіктер:

  •   Бастауыш сыныптар арасында өткен Республикалық «Көркем жазу» Байқауына белсенді қатысқан Масимов Наиль, Нурмухамедова Нигара
  •  «Тәуелсіздік ұландары» балалар шығармашылық байқауына 12 оқушы қатысып,1-2-3 орындарға ие болды. 
  • Республикалық «Зерде» желілік басылымның ұйымдастыруымен өткен шығармашылық байқауда Бекдаулет Алтынбек III дәрежелі димломмен марапатталды.
  • «Тәуелсіз елдің тарихы» атты оқушылар арасындағы Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары Арынбек Айым және Бекбатыр Ажар. 
  •  «Көкжиек» Республикалық білімділер сайтының ұйымдастыруымен өткізілген шығармашылық байқауда, «Қазақстан республикасының 100 үздік дарынды оқушысы» Республикалық байқауында және «Үздік бастауыш сынып оқушысы» қашықтық олимпиадасының жеңімпазы Отарбек Айша. 
  • Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» балалар шығармашылық байқауының жеңімпаздары Смаилова Мадина,Абдукеримова Гульмина, Вагапова Гульмина. 
  • Қазақ тілі пәнінен Республикалық олимпиада жеңімпазы Именьязова Феруза
  • Ақын М.Жалиловтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мәнерлеп оқуының 2 орын иегері Садыкова Адиля. 
  • Математика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпазы Азизова Кальбинур. 
  • Қазақ тілі, математика және информатика пәндері бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері Курванжанов Ислам, Баситов Ришат, Маркижанов Шахмурат, Умар Айым.
  •  «Үздік бастауыш сынып оқушысы» қашықтық олимпиадасында Қайрат Айдана I дәрежелі диплом, Ануарбек Айзере мен Молдахмет Дидар II дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • «Қызықты математика және логика» атты Республикалық онлайн олимпиадасында 3 орын алған Абдыкеримова Дильхума.   
  • Физика пәнінен «TIO KZ»  Республикалық Дәстүрлі интернет олимпиадасында Амина Баратова және Дильназ Исраилова I дәрежелі диплом, Адилям Смаилова және Азиза Ибраимжанова II дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • «Жас ғалым» ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы Исрапулова Дильназ. 
  • «Елімнің еркіндігі-тәуелсіздік» атты Республикалық мәнерлеп өлең оқу сайысының жеңімпазы Именьязова Феруза. 
  • «BILGEN ALAMAN» Республикалық пән олимпиадасының Республикалық кезеңіне 31 оқушы өтті, 1-8 сыныптар арасында математикадан 24 оқушы, қазақ тілінен 4 оқушы, ағылшын тілінен 3 оқушы қатысты. 

Халықаралық жетістіктер:

  •  Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бәйтерек» тақырыбындағы кезекті Республикалық «Үркер» күзгі марафонына 0 сыныптан 10 бала қатысып, 4 бала III дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшілері Трускелдиева Мариямхан және Амраева Сахинур. 
  •  Ағылшын тілі пәнінен Халықаралық «British Buldog» пән олимпиадасына 25 оқушы қатысып, 1,2,3 орындарға ие болды. 
  • Ағылшын тілі пәнінен «Мегамозг» халықаралық қашықтық пән олимпиадасының жеңімпазы Отарбек Айша. 
  • «Русский медвеженок» халықаралық байқауында Алиш Зере 1 орын, Сейткожа Дармен 1 орын, Азизова Ирада 1 орын, Мадьярова Мадина 1 орын, Камилжанова Сахиба 2 орын, Аухадиев Зульфар 1 орын, Дүстекова Диана 1 орын, Разиева Азиза 1 орын, Раимджанова Азиза 2 орын алды.
  • «Пони» халықаралық интелектуалды ойын марафонына 0-4 сыныптан 80 оқушы, «Пони Пифагорда қонақта»халықаралық  интелектуалды ойын марафонына 2-4 сыныптан 43 оқушы қатысып, сертификаттар алды,жетекшілері Бастауыш сынып мұғалімдері. 
  • «Пони бірінші сынып оқушыларының көктемгі сайысы» атты байқауға 13 оқушы қатысып, сертификаттар алды.  

  

 

 




Мектеп оқушылары жетістіктерінің салыстырмалы көрсеткіші 

 

Оқу жылы

Оқушы саны

Мектепішілік

%

Аудандық

%

Облыстық

%

Республикалық

%

Халықаралық

%

3

2019 – 2020 

620

48

7,7%

14

2,2%

6

0,9%

118

19%

31

5%

4

2020 – 2021 

650

18

2,7%

27

4,1%

18

2,7%

26

4%

23

3,5%

5

2021 – 2022 

699

33

4,7%

19

2,7%

13

1,8%

38

5,4%

12

1,7%

 


Қорытынды:   

  • Дарынды балалармен жұмыс істегенде мұғалім өте қарапайым, әрі зерек болуы тиіс;
  • Баланың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оның шығармашылық және өнімді ойлауын құптап, таңдаған тақырыбын терең қайта өңдеуге көмектесу;
  • Жұмысты жоспар бойынша жүйелі жалғастыру;
  • Келесі оқу жылында дарынды оқушыларды Облыстық оффлайн байқауларға көп қатыстыру.


Жас маман – әдетте, жоғары оқу орындарының бағдарламалары бойынша педагогика негіздерін игерген, өз қабілет – қарымын одан әрі жетілдіруді қалайтын, іске жаңадан кіріскен мұғалім.

 Мектеп тәлімгерлігі – білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметте еңбек стажы жоқ мұғалімдермен жеке тәрбиелік жұмыс жүргізудің бір түрі.


2021-2022 оқу жылының тамыз айынан бастап бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес іс шаралар , отырыстар өз уақытында өткізілді. Қаңтар айындағы кезекті отырыста тәлімгерлер  «Оқушы білімін әділ бағалау» тақырыбында кәсіби кеңес берді , ал жас мамандармен жұмыс жетекшісі С.Аметова             1-жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. 

Жоспарланған  жұмыстар қатарында ақпан айында «Білім мен тірбие егіз» атты дөңгелек стол, «Жарқыра, жайна, жас маман» атты апталықтар өз дәрежесінде өткізілді. Апталық барысында жас мұғалімдер ашық сабақтар өтті. Ол сабақтарға тәлімгердері мен мектеп ұстаздары, мектеп әкімшілігі қатысып өз пікірлерін айтты. Сабақтар өз дәрежесінде өтілді. Сабаққа қатысқан ұстаздар оған талдау жасау нәтижесінде жас мамандардың сабаққа тиянақты дайындалып, жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, оқушыларды сабаққа қызықтыра білетінін көрді.    Сабақтың талдауы мен өзін өзі талдауы  жас мамандарға жаңа күш, жаңа ой, идея берді.  


  

5 А сыныбында Осан Мағжанның   «Статистикалық деректерді көрсету тәсілдері» тақырыбындағы сабағы.

  

4 В сыныбында Келтірбай Гүлімнің   «Заманауи көлік» тақырыбындағы ашық сабағы


  

5 Б сыныбы, Нұрқасым Динара  өткен «Ер есімі ел есінде» атты ашық сабағы.


  


3 Б сыныбындағы Джумабекова Дариғаның   «Fun places» атты ашық сабағы.

     Сәуір айында өткізілген кезекті отырыста мектеп психологтары ұстаздарға оқу жылы барысында кездескен қиыншылықтар болса ,шешуге жол көрсетіп  әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып психологиялық тренингтер жүргізді.   Сонымен қатар әр жас маман өзінің жыл бойы істеген жұмысына есеп берді.

2021-2022-оқу жылында, әсіресе 2 –жарты жылдықта жас мамандар әр түрлі аудандық, республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар шәкірттеріде  байқауларғы қатысып грамота, дипломдармен марапатталды.

      Атап айтқанда ағылшын тілі пәні мұғалімі Джумабекова Дариға аудан көлемінде жас мамандар арасында өткен «Мен осылай жасаймын» атты байқауға қатысып 3-орынға ие болды.

Сонымен қатар математика пәні мұғалімі Осан Мағжан «Мен осылай жасаймын» атты математика пәні мұғалімдері арасында өткен аудандық іріктеу кезеңінде 3-орынға ие болып мақтау қағазымен марапатталды.

  


 2021-2022-оқу жылының екінші  жарты жылдығында жас мамандар тәлімгерлердің сабақтарына қатысып, әдіс-тәсілдерді пайдалануды, және басқа да әдістемелік көмектер алды.

Жас мұғалімдердің  іскерлік көрсеткіші

Мұғалімдердің

аты-жөні




Күнтізбелік

жоспарлары


Сабақ

жоспарлары

Сабақтың

Қ      құрылымын сақтауы

                   Жаңа әдіс-тәсілдерді

         сабаққа енгізуі

Ресурстарды

пайдалануы

                Оқушы жетістіктері

Мектепішілік шараларға

қатысуы





Жалпы


             Орын



1

Келтірбай Гүлім

5

5

4

4

5

  5

5

        33

ІІ

2

Осан Мағжан

5

5

5

4

5

  5

5

\       34

І

3

Нұрқасым Динара

5

5

4

4

5

5

5

       33

ІІ

4

Джумабекова Дариға

5

5

5

5

4

5

5

       34

І

5

Мусаев Амангелді

5

5

4

4

4

5

5

32

IІІ















Қорытынды:

Жас мамандар бейімделу кезеңінен сәтті өтті. Жас маманға мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгерлер теориялық білімді жүзеге асыру сұрақтарында, кәсіби шеберлігін арттыруға көмек көрсетілді.

Келесі оқу жылына қойылатын міндеттер:

• Уақытпен жұмыс көлемін өлшей білуге дағдыландыру;

• Оқушыларды ынталандыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды үйрету; 


     2021-2022 оқу жылында мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар «Kundelik.kz» электронды журнал жүйесіне тіркелді. 40 сынып және үйде оқытылатын балаларға сыныптар құрылды. Әр сыныпқа 1 – ші ауысым және 2-ші ауысым бойынша мектептің қоңырау, сабақ кестелері енгізілді. Пән мұғалімдері өз пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын енгізді.
 Оқушылардың электрондық күнделіктерін ата-аналар және оқушылар өз пайдаланушының аты және құпия сөз арқылы көріп отырды. Сынып журналдарында қойылған бағалар негізінде үлгерім бойынша есептілік автоматты түрде қалыптасады. Электрондық оқыту жүйесін қолдану кезінде білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы ата-аналардың болуы өте маңызды.
 Ата-аналар күнделікті өз балаларының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы сенімді ақпараттарды ала алды, мектеп әкімшілігі мен  педагогикалық құраммен байланыста болды. 

Әр апта сайын  мектептер арасындағы пайыздардың жоғарғы төмен болатын жайлы есеп жіберіліп отырды. Осындай есептер мектеп мұғалімдерінің, ата- аналар және оқушылардың белсенділігі туралы апта сайын шығарылып, тиісті ескертулер жасалынып отырды.


Қорытынды:

  • «Kundelik.kz» платформасын пайдалануда, сабақтың өтілуі туралы белгінің уақтылы қойылмауы;
  • Кейбір ата-аналар мен оқушылардың күнделікке жүйелі кірмеуі;
  • Мұғалімдердің интернет желісі арқылы «Kundelik.kz» жүргізілуі туралы қосымша ақпараттарды алып отыруы.



2021 – 2022 оқу жылындағы әдістемелік  жұмысты   қорытындылай келе,

2022 – 2023 оқу жылына келесі ұсыныстар жасалады:



-Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін пән мұғалімдерінің жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қалыптастырып жетілдіруге жағдай жасау.


-Мұғалімдердің облыстық кәсіби сайыстарға, конференцияларға қатысып, жетістікке    жетуін қамтамасыз ету.


-Дарынды оқушыларды Облыстық оффлайн байқауларға көп қатыстыру


  • Жас мамандарға қушыларды ынталандыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды үйрету


  • «Lesson study» үдерісін жандандыру


  • «Күнделік.KZ» ережеге сай толтыруын қадағалау 





























 


2021-2022 оқу жылы 


Күшті жақтары

  • - Жоспарланған жұмыстардың жоспар бойынша орындалуы;
  • - пән онкүндіктерінің жоғары деңгейде өтілуі;
  • - жас мамандар арасында өткізілген сайыстардың нәтижелі болуы;
  • - мұғалімдердің өз сабақтарында оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін меңгеруі

Әлсіз жақтары

«Lesson study» үдерісін жандандыру;

Дарынды оқушыларды Облыстық  байқауларға     қатыстыру;

- «Күнделік.KZ» ережеге сай толтыруын қадағалау 



Қауіптер

- Оқушылардың  шығармашылықпен жұмыс істеу деңгейінің төмен болуы

- Интернет желісінің тұрақты жұмыс істемеуі. 

Мүмкіндіктер

Оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандырып, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу.

Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін пән мұғалімдерінің жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қалыптастырып жетілдіруге жағдай жасау.