Рысбаев Галымжан Калиұлы » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Рысбаев Галымжан Калиұлы
02
сентябрь
2019

Рысбаев Галымжан Калиұлы


Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын 1976-80 жылдары көркемсурет-графика факультетінде оқып, суреті және сызу пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Педагог-зерттеуші санатты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі.
1980-82 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Отан алдындағы азаматтық борышын Ковров қаласында өтеді. Запастағы офицер.Еңбек жолын Алматы қаласында Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің жобалау институтында инженер-конструктор болып бастады.1983 жылдың тамыз айынан Панфилов ауданы Суптай орта мектебінде сурет және сызу пәнінің мұғалімі. 1987 жыл аталған мектептің директоры, 2005 жылдан 2013 жылдың тамыз айына дейін Головацский атындағы орта мектептің директоры қызметін абыроймен атқарды.
Ғалымжан Қалиұлы 2013 -2019 жылдар аралығында Алматы облысы білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері ретінде көп жылғы іс-тәжрибесін пайдалана отырып, білім саласының; бейнелеу өнері, технология, АӘД, дене шықтыру пәні бірлестіктерінің жұмыстарын жандандыруға басшылық жасап, әдістемелік көмек көрсетуде жемісті еңбек етті. Облыс көлемінде тақырыптық семинарлар өткізіп, әріптестері тарапынан жоғары бағаланды.
2019 жылдың қаңтарынан бастап Жаркен қаласындағы Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-нің директоры қызметін бүгінгі күнге дейін абыроймен атқарып келеді.
Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі іс-тәжрибесі аудан,облыс, республикалық басылымдарда таратылған. Алматы облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің «Эстетикалық пәндерді оқытуда әдістемелік қызметтің рөлі» озық іс-тәжірибелер жинағында «Натюрморт» 2016 ж., «Ұлы Жеңіске 70-жыл» облыстық шығармашылық көрме байқауы каталогі 2015 ж., « Ең үздік шығармашыл мұғалім» каталогі 2015 ж., «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне -25 жыл» 2016 ж. каталогінде еңбектері жарияланған. Тәрбиелеген шәкірттері бүгінде еліміздің түпкір-түпкірінде жемісті еңбек етуде. Көп жылғы еңбегі ескеріліп, 1999 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен» марапатталған. ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі.
1989-94 жылдары ауылдық Кеңестің депутаты болып сайланып, халық қалаулысы да бола білген.
Ғалымжан Қалиұлы әріптестері арасында үлкен беделге ие, білікті ұстаз, үлгілі отбасының отағасы.