Білім беру ұйымы туралы жалпы мәлімет. » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім беру ұйымы туралы жалпы мәлімет.
01
сентябрь
2021

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәлімет.

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәлімет.    

«Еңбекші орта мектебі   мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында орналасқан жалпыға бірдей білім беретін  орта мектеп.

Мектеп алғаш 1981 жылы негізгі білім беретін оқу орны болып ашылды. Мектепте оқу  қазақ және ұйғыр тілдерінде жүргізілді.

Сасыков Ахмет Усманович 1982 – 1989 жылдар аралығында алғашқы директор, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Джылкыбаев Сеит, Якупов Хасан.

Якупов Хасан 1970 жылы «Отличник образования Казахской ССР», 1975 жылы «Отличник образования СССР», 1984 жылы "Отличник образования СССР" медальдармен марапатталған.

1988 – 1989 оқу жылынан  бастап орта мектеп ретінде қайта құрылды.

1988-1989 оқу жылынан бастап Юсупов Абдусалам Садуакасович мектеп директоры болып тағайындалды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Оналбаева Жумагул Оналбаевна, Илиев Аблимит. Мекеме 1990 – 1991 оқу жылы Жаркент қаласы Бусаков көшесі №51 жаңа ғимаратқа көшірілді.

1992-1995 оқу жылдары мектеп директоры  Илахунов Рахимжан Бавдунович, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Мунгалова Роза, Оналбаева Жумагул Оналбаевна.

Илахунов Рахимжан Бавдунович «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», ҚР Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. Оналбаева Жумагул Оналбаевна  "ҚР оқу ісінің үздігі" төс белгісімен марапатталған.

1995 - 2006 жылдар аралығында Бакиев Абдулхаким Аблизович мектеп директоры, директордың орынбасарлары Байрахметова Кулжахан Байрахметовна, Карбузова Каракоз Сейтказиевна.

Бакиев Абдулхаким Аблизович 1978 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен, 1996 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Байрахметова Кулжахан Байрахметовна «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды, «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

2006 - 2018 жылдар аралығында Ахтамова Адалят Нуриевна мектеп директоры. Директордың орынбасарлары Амасупиева Арзигуль Искалиновна, Карбузова Каракоз Сейтказиевна, Джумагулов Абильмажин Ауелханович, Абылгазиев Медет.

Карбузова Каракоз Сейтказиевна 2011 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 

2008 – 2009 оқу жылында мектеп «Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 

2019 жылдан бастап мектеп директоры Рысбаев Галымжан Калиевич. 1999ж «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» медалімен  марапатталды, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің «Алғыс хатымен»  марапатталды.

Директордың оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Асанова Ипарахан Масимовна, Карбузова Каракоз Сейтказиевна, Абылгазиев Медет, Чокпарова Баян Кизатовна.

2020 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Заман талабына сай жабдықталған. Мектеп бойынша 38 сынып комплекті,  әдістемелік кабинет, 13 пән кабинеті, кітапхана, медициналық кабинет, мәжіліс залы, спорт зал, асхана бар.  50 балаға арналған мектеп жанындағы шағын орталық және 30 балаға арналған қысқа мерзімді топ  жұмыс істейді. Барлығы дерлік жоғары білімді педагогикалық ұжым оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру проблемасымен жұмыс жасайды.

Педагогтардың  оқыту   мен  оқуды жетілдіру үшін тиімді әдіс – тәсілдерді тәжірибелеріне енгізуге бағы – бағдар беру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 11 пән бірлестігі құрылды.

«Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, Үйреткеннен не пайда білгенін көпке айтпаса, деп  ұлы тұлғамыз Ахмет Байтұрсынов  айтқандай, қазіргі заман талабына жауап бере алатын педагогикалық технологияларды   қолдану  арқылы сапалы  білім мен   тәрбие берудің тиімділігін арттыру   жолында  аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздар, бірлестік жетекшілері Абубакриева Хуршидам, Молдакынова Бахтыгуль, Вагапов Курванжан, Курабаев Арман, Аметова Саламат, Таипова Сахинур, Турдамова Адалят, Есенова Анархан, Тохтахунова Захидам, Садырова Гулиям. Оқушылардың  ғылыми ой өрісін дамыту  мақсатында халықаралық, республикалық  «Ақбота», «Алтын жабағы», «Кенгуру», «Русский медвежонок», «Британский бульдог» зияткерлік ойындарға, пән олимпиадалары мен әр түрлі тақырыптық байқауларға   оқушыларын дайындап , қатыстырып , жүлделі  орындар иеленуге бағыт – бағдар  беріп жүрген  білікті де білімді ұстаздар: Жұмағұлов Әбілмәжін, Жумалова Лаура, Ахметова Бақытжан, Қазыбаева Ултуган, Таирова Рисалят, Мусазов Джамалдин, Юсупова Сахинур, Асанова Ипарам,  Изимова Гульбаням, Чинибаева Мейрамгүл.

Ұстаздың негізгі  құралы – сабақ . Ұстаз – рухы таза , ой өрісі биік , ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп , өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың  бақыты мен кәдесіне жаратушы адам. Жыл сайын осындай   ұстаздарымыздың республикалық   әдістемелік – педагогикалық «Білім кілті» , «Педагог» , « Мектептегі мерекелер», «Психология мектепте»журналдарында, Облыстық  «Білім шапағаты», «Ізгілік», аудандық «Жаркент өңірі» басылым  беттерінде  іс – тәжірибелері жарияланып отырады.

Дәстүрлі аудандық  «Жыл мұғалімі» , «Жыл сынып жетекшісі» , байқауларына қатысып , жүлделі  орындарды иеленген ұстаздар: Курбанова Бувихан, Асимов Алымжан, Құрамаева Жеңіскүл, Қорабаев Арман, Абубакриева Хуршида, Таипова Сахинур. Жоғарыда  аталған   ұстаздардың  озық іс – тәжірибелерін насихаттауға «Ізденуші»   шығармашылық  тобы жетекшісі Молдакынова Бактыгульдың  еңбегі зор.




        «Бітер   істің бағына  , жақсы келер жанына» демекші , жас мамандарға Аметова Саламатхан  үнемі әдістемелік көмек көрсетеді.

Білім  берудегі жаңа инновацияларды ұтымды пайдаланып , нәтижеге қол жеткізген ұстаз Садырова Гулиям.

Салауатты өмір  салтын   қалыптастыру мақсатында АӘД  және дене шынықтыру пәні мұғалімдері  Турдиев Мунаждин , Самылтыров Қуаныш , Ағыбаев Данияр , Ошуров Бегзат, Сағат Шыңғыс  түрлі әскери – патриоттық  ойындар мен   спорттық  жарыстар өткізіп, жеңімпаздарды марапаттап отырады.

Білім негізі – бастауышта .Оқушыларға сапалы білім , саналы тәрбие беруде жеткен жетістіктерін атап  өтетін болсақ , 2010 жылы бастауыш сынып мұғалімі Есенова Анарханның «Балалардың   өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын   қалыптастыру» тақырыбында іс тәжірибесі   әдістемелік жинақ болып  жарық көрді. Икемі жоқ қолға қалам  ұстатып , еркелік пен ойынды   тастатқан  бастауыш   сынып мұғалімдері: Тохтамова Жохаргүл , Турыскелдиева Мариямхан, Наймантаева Гүлшат, Анаятова Бибинур, Ибрагимова Гулинур, Изимова Тохтигүл, Козметова Нигара, Амраева Сахинур, Тохтахунова Захидам, Буланбекова Жадыра, Балабекова Жадыра, Курбанова Бахтинур, Маусымбаева Маржан, Амраева Махинур.

Шағын  орталықтың   тәрбиешілері : Тохтахунова Алиям, Наурызбаева Жазира, Сапарбаева Бағдат, Тохтахунова Гулистан.

Адам   тәрбиелеу –ұлы міндет . Ол міндетті   атқарушы – ұстаз.  Елдің ертеңгі  тізгіні- ұрпақ  тәрбиелеуге   үлес қосып отырған ұстаздарымыз: Бакиев Ялқун, Боталбаева Мая , Юсупов Бахитжан, Наметов Дильшат, Аюпова Зульфия.

Мектептегі  оқушы мен ұстаздар арасындағы  психологиялық   ахуалдың дұрыс  қалыптасуы жолында еңбек етіп жүрген мектеп психологтары Ибраева Айгүл, Разиева Арзигүл.

Осы жылдарда жүйелі жүргізген оқу  - тәрбие жұмысының нәтижесінде «Алтын белгі» иегері атанған оқушылар:

2004-2005 оқу жылы Абдрахимов Ерқанат

2009-2010 оқу жылы Сейтқожаева Фариза.

2017 – 2018 оқу жылы Сетивалдиева Малика

2018 – 2019 оқу жылы Белахан Қуат, Махпирова Сахиба

2019 – 2020 оқу жылы Бекбатур Диас, Абдраимов Абдрим, Улесаева Дильназ, Абдукеимова Дилбирим, Қали Карина, Омарова Мукадас.

Мектеп тарихындағы отыз тоғыз жылдың ішінде  сексеннен астам оқушы «Ерекше» куәлік пен  «Үздік» аттестатқа бітіріп, республиканың әр аймақтанда еңбек етіп, мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуда.

-Міне, менің шәкірттерім осындай, - деп өткенін еске алатын ардагер ұстаздарымыз Бакиев Абдулхаким, Байрахматова Күлжақан, Өмірзакова Сара, Орманбекова Тұрдықан, Ваитова Мая, Байдамбекова  Ақжамал, Розметов Алымжан, Турдиева Саниям, Бейсебекова Нұрғасыл, Самылтырова Разия, Итахунова Арзигуль, Бакиева Мерванам, Искакбаев Дильшат, Белгібаева Бижамал   зор  құрметке ие.