АӘД пән мұғалімі ұйымдастыруымен «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АӘД пән мұғалімі ұйымдастыруымен «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.
02
февраль
2021

АӘД пән мұғалімі ұйымдастыруымен «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Анықтама


     Рухани жаңғыру аясында Ауған соғысы аяқталуының 30 жылдығын атап өту мақсатында АӘД пән мұғалімі  ұйымдастыруымен «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. 

Азамат ел жүгін атқарар ол,

Асулардан аттайтын қатпары мол!

Ауғанның ащы дәмін татқан бауырым

Алаштың арқа сүйер мақтаны бол! деп ақындарымыз жырлағандай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлықпен ерен ерлігін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз Ауған соғысының ардагерлері мектеп ұжымында бірнеше жыл еңбек еткен бақилық болған Қорғасбаев Сакеннің отбасы және Исмаилов Жағда Манапұлы мен Әділбеков Құрманғазы Нұрахметұлы осы кездесудің қонағы болды. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп басшысы Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы бастады. 

    Бұдан соң ардагерлеріміз мәжіліс залына өтіп оқушылармен кездесті. Алдымен Ауған соғысында қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, оқушыларымыз қонақтармен сұхбат жүргізді. Ардагер ағаларымыз балалаларға ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғалары жайлы, соғыстың қаншалықты ауыр, қиын екенін толық айтып түсіндірді. Жауынгерлердің әңгімесінен әсерленген  жас балалардың көзінен ерекше ұшқын байқалды. Жауынгер сөзі жас буынның санасына ой салды, жүрегіне жетті. Бұл – ұйымастырылған шараның мақсаты орындалды деген сөз. Шара мектебіміздің жас өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен және мектеп оқушыларының С.Қорғасбаевті еске алу эстафеталық сайысымен жалғасын тапты.

  Сөз соңында, кездесуге келген мектебіміздің ардагер ұстазы Байрахметова Күлжахан Байрахметқызы жылы лебізін білдірді. Мектеп басшысы Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы ардагер ағаларымызға шексіз алғысын айтты.


   Аман жүріңіздер, жауынгер ағалар! Ауған соғысының ардагерлері! Кеуделеріңіздегі орден-медальдар ерлік пен батылдықтың  белгісіндей, жас ұрпаққа қоңырау болып, сыңғырлап тұра берсін! Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулуға шақыру