Алғашқы әскери дайындық пәнінің жылдық есебі 2020 жыл » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алғашқы әскери дайындық пәнінің жылдық есебі 2020 жыл
25
май
2020

Алғашқы әскери дайындық пәнінің жылдық есебі 2020 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына сәйкес 77-қосымша Жалпыға  білім беру деңгейінің 10-11 сыныптары үшін Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім  берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген білім стандартының талаптары:

1. 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» атты Қазақстан Республикасының Заңы:

2. 2013 жылдың 11 ақпан айындағы «Азаматтарды әскери қызметке бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  №118 қаулысының және «Алғашқы әскери дайындық ұйымдастыру және жүргізу , сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығының күші жойылды, оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығымен ауыстырылды оқу бағдарламасының  мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ , әскери істің негіздері бойынша тараулар. Жалпы білім  беретін    мекемелердегі  сабақ  берудің  негізгі ерекшеліктері  туралы» № 3 ережесінің негізінде алғашқы әскери дайындық пәнін мектепте 2018-2019 оқу жылында оқытушының білім беруді ұйымдастыруында әскери патриоттық тәрбие беру мақсатында 1 қыркүйек 2018 жылғы № 52  бұйрығына сәйкес 2018-2019 жылы мектепте АӘД сабағы бағдарламаға сәйкес толық өткізілді. АӘД сабағы барысында бірінші мәселе болып оқушыларды Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қорғауға,  Қазақстан Республикасының Президентіне адал болуға, отансүйгіштікке, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу туралы түсініктерін тереңдету мақсатында жұмыстар жүргізілді. АӘД сабағына қажетті оқулықтар, көрнекіліктер, ЖЖҚ арналған құралдармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ  мектеп ауласында  АӘД сабағына арналған саптық алаң бар.

 Мектепте жалпы үш 11сынып,үш 10 сынып оқиды.

 Мектеп директорының 1 қыркүйек 2018 жылғы 53 бұйрығына сәйкес әр сынып взвод деп аталып, взвод пен бөлімше командирлері тағайындалды.


11 А    сыныбы командирі Ахметов Е

11 Ә   сыныбы командирі  И Разиев

11 Б    сыныбы командирі  И Адилов

10 А   сыныбы командирі  Ж Ахметқали   

10 Ә   сыныбы командирі  М Мухтаров 

10 Б    сыныбы командирі  Р Абдулжанов

Бөлімше командирлеріне жоспар жасалып  жеке сабақтар өткізілді нұсқаулар берілді.

Тақырыптық күнтізбелік жоспарына сай оқушыларға АӘД пәнінің негізгі мақсаты Отанды қорғау мемлекеттің маңызды міндеті екендігі, ҚР ҚК-де қызмет ету патриотизм және интернационализм мектебі, Қазақстанның қазіргі армиясы, ҚР ҚК қару  түрлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары, тактикалық даярлық, азаматтық қорғаныс міндеттері топографиялық карта туралы түсінік тақырыптарында сабақтар өткізілді.

Негізінен сабақ барысында саптық даярлыққа, қарауыл және гарнизон қызметіне, қару түрлеріне, қаруды шашып жинауға, атуға, ЖЖҚ қарсы құралдарды оқытуға баса көңіл бөлінеді.

Әр  тоқсанда аптаның 3-ші күні болатын оқыту бағдарламалары  бойынша мектепшілік қала және аудан көлемінде әріптестердің өткен семинар сабақтарына қатысып  тәжірибе алмастық 

Азаматтық Қорғаныс жоспарына сәйкес Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында сейсмо жаттығулары 1-11 сыныптар арасында әр тоқсан сайын өткізілуде.

Аз жылда кең етек алып кеткен нашақорлық пен маскүнемдік, шылымқорлық, жезөкшелік, кісі өлтіру, қарақшылық, жастардың жыныстық қатынастарға ерте араласуы, қылмыстық әрекеттердің көбеюі және т.б ата-аналар мен тәрбие ісімен айналысушы көпшілік қауымды алаңдатуы заңды құбылыс. Өйткені мұның бәрі тәрбиенің «нәтижесі» әрі жіберген кемшілігі екені түсінікті. Осыған орай мектебімізде жас өспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында мұғалімдерден және сынып жетекшілер ата-ана комитетінен жедел жастар тобы құрылып кестелері бекітілді.

Жоспар бойынша әр сенбі, жексенбі күндері кезекшілікте болып , түнгі рейдке шығады. Рейд кезінде ұсталған оқушыларға шара қолданылып және ата-аналарымен жұмыс жүргізілуде. «Жасөспірім түнгі қалада», «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанының «Түнгі қаладағы балалар», «Көше» тақырыбында және Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай, күзгі қысқы демалыстарында өз жұмыстарын атқаруда.

Ақпан айының басында мамандық таңдау мақсатында  шекара қызметі академиясының  2 курс курсанттарымен   9-11 сынып оқушыларымен кездесу кеші өткізілді.


Рухани жаңғыру аясында Ауған соғысы аяқталуының 30 жылдығын атап өту мақсатында АӘД пән мұғалімі  ұйымдастыруымен «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. 

Азамат ел жүгін атқарар ол,

Асулардан аттайтын қатпары мол!

Ауғанның ащы дәмін татқан бауырым

Алаштың арқа сүйер мақтаны бол! деп ақындарымыз жырлағандай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлықпен ерен ерлігін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз Ауған соғысының ардагерлері мектеп ұжымында бірнеше жыл еңбек еткен бақилық болған Қорғасбаев Сакеннің отбасы және Исмаилов Жағда Манапұлы мен Әділбеков Құрманғазы Нұрахметұлы осы кездесудің қонағы болды. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп басшысы Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы бастады. 

    Бұдан соң ардагерлеріміз мәжіліс залына өтіп оқушылармен кездесті. Алдымен Ауған соғысында қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, оқушыларымыз қонақтармен сұхбат жүргізді. Ардагер ағаларымыз балалаларға ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғалары жайлы, соғыстың қаншалықты ауыр, қиын екенін толық айтып түсіндірді. Жауынгерлердің әңгімесінен әсерленген  жас балалардың көзінен ерекше ұшқын байқалды. Жауынгер сөзі жас буынның санасына ой салды, жүрегіне жетті. Бұл – ұйымастырылған шараның мақсаты орындалды деген сөз. Шара мектебіміздің жас өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен және мектеп оқушыларының С.Қорғасбаевті еске алу эстафеталық сайысымен жалғасын тапты.

  Сөз соңында, кездесуге келген мектебіміздің ардагер ұстазы Байрахметова Күлжахан Байрахметқызы жылы лебізін білдірді. Мектеп басшысы Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы ардагер ағаларымызға  шексіз алғысын айтты.

   Аман жүріңіздер, жауынгер ағалар! Ауған соғысының ардагерлері! Кеуделеріңіздегі орден-медальдар ерлік пен батылдықтың  белгісіндей, жас ұрпаққа қоңырау болып, сыңғырлап тұра берсін! Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулуға шақыру



1 наурыз –Дүниежүзілік   азаматтық қорғаныс күніне орай өткізілген іс-шаралардан

        Табиғи апаттар қауіптілігін азайту мәселесі білім беру үрдісі жайында өте маңызды мектеп жағдайында баланың денсаулығы   ғана емес,сонымен қатар оның қауіпсіз әрекеттер мен салауатты  өмір сүру дағдылары қалыптасады.Әлемде болып жатқан ғаламдық өзгерістер мен  табиғи апаттарының қауіптілігі осы жұмыстың қажеттілігін арттырады.Қазіргі уақытта мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі көп нәрседен құралатындығын есте сақтаумыз керек,оның ішінде балалар үшін қауіпсіз   мектепті қамтамасыз ету-кез келген өркениетті қоғамның мақсаты болып табылады.қазақстандық білім беруді дамыту тұжырымдамасы бала құқығын қорғау,қауіпсіз білім және тәрбие беру ортасын құру мәселесін қамтиды.Табиғи және техногенді сипаттағы табиғи апаттар қауіптіліігн өсу жағдайында мұғалімдердің,ата-аналар мен оқушылардың әр қайсысы өз өмірі мен денсаулықтарын қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Осы мақсатта   26 ақпан   «Азаматтық қорғаныс және  айналаны қорғау » тақырыбында  1-11 сынып  жетекшілер   сынып сағаттар өткізілді 27.02 Табиғи апаттар жөнінде және төтенше жағдай кезінде  құтқару шараларын өткізу туралы деректі фильмдер 1-11 сыныптар арасында көрсетілді 27.02 «Табиғи сипатта пайда болған төтенше жағдайларда » 10-11 сыныптар арасында  ДТІЖО. М.Әбілғазиев және АӘД пәнінің мұғалімі Д.Ағыбаев  құтқару жұмыстарын және зардап шеккендерге бірінші медициналқ көмек көрсету туралы  сейсмо жаттығулар өткізілді.      5-11 сыныптар арасында «Төтенше жағдайда мен не істеуім керек »деген   баяндама  АӘД  пәнінің мұғалімі Д.Ағыбаев  оқылды. 2019 жылы    наурыз айының  4    күні сағат 10.55 те  мектепішілік төтенше жағдай жаттығу  өткізілді  ҚР. «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы   «Азаматтық қорғаныс» туралы (23 бабы) заңдардың талаптарын орындау мақсатында сейсможаттығу өткізілді.

  1. Төтенше жағдай басқармасы органдарына, апаттан құтқару органдарына  және хабарлау.
  2. Халыққа қорғаныс шаралары туралы ақпарат беру.
  3. Қалыптасқан жағдайдың дәлдігін анықтау.
  4. «Баршаңыз назар сал!» -сигналы туралы.
  5. Зілзала туралы ақпарат беру.
  6. Қажет болуы мүмкін материалдық қорларды жасау.
  7. Назар салыңыздар! Дабыл берілгенде мысалы: Панфилов аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.....
  8. Мектеп көлемінде сейсможаттығу өткізілді.

Сейсможаттығу барысында мұғалімдер, тех қызметкерлер, 7-11 сыныптар дер кезінде сыныптан шығып қауіпсіз орынға жиналды. 1-6 сынып оқушылары және шағын орталық тәрбиеленушілері кешігіп шықты. Кешігіп шыққандарға қосымша түсініктемелер, нұсқаулар берілді.


7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай   «Жас ұлан »әскери патриттық клуб сайысында  аймақтық   қала мектептер  атап айтқанда Б.Назым, Х.Хамраев ,Луначарский,Жамбыл  арасында 1орынды иеленіп ауданға жолдама алды.Аудандық  «Жас ұлан »әскери патриттық сайыста 4 орынға иеленді.


Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай уйымдастырылған«Ер намысын ел қорғайды»  атты жігіттің сұлтаны байқауы мамырдың алтыншы жулдызында өткізілді. Мақсаты:

Тәуелсіз еліміздің тірегі бола білетін, елін, жерін Отанын сүйетін жігіттерімізді          батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа  егемен елдің ұландарын тәрбиелеу. Міндеті:

1.Оқушылардың тақырып бойынша білімін дағдыларын анықтау.

2.Шығармашылық ізденістері мен қабілеттерін қалыптастыру .

3.Оқушылардың құзыреттілігін анықтау.

4. Оқушылар   шеберлігін көрсету үшін қолайлы жағдай туғызу

Халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.Байқауға 8-ші   сыныптан Еркін Есіл, Абылкайров Р   9-ші сыныптан ,Тұрғынбай Тлепберген,10-шы сыныптан Бекбатыр Диас,  10ә сыныбынан Ахметов Зайнидин ,11ші сыныптан Абдушакиров Аманжан  қатысты.

Байқауға қазылық еткен әділ-қазылар алқасы: 

1-Мектеп директоры Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы  2-ДТІЖ орынбасары  Абылғазиев Медет   3-Әлеуметтік педогог  Советхан Жанар 

Сайыс 7 кезеңнен турады. 

1-ші кезең «Таныстырсам өзімді» - таныстыру  2-ші кезең «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету 3-ші кезең «Білекті бірді жығады» денені жоғары төмен көтеру

4-ші кезең «Күш атасын танымас» - кір тасын көтеру   5-ші кезең «Құралайды көзге атқан» - Дартс ату (мергендер сайысы) 6-ші кезең «Биологиялық қарудан қорғану» Газтұмылдырық кию 7-ші кезең  «Әскерде жүрген жауынгердің үйіне хат жазуы» Үйге хат.Байқауымыздың соңында мектебіміздің директоры  Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы сөз сөйлеп оқушыларды марапаттады.Бас жүлдені 8 а сынып Еркін Есіл ,бірінші орынды  10ә сыныбы Ахметов Зайнидин,екінші орынды Тұрғынбай Тлепберген үшінші орынды Абдушакиров Аманжан иеленді. 


2019 жылдың 27 мамырынан 31 не дейін 5 күндік  оқу аландық  жаттығуға 10сынып ұлдар арасында  өткізілді.74261 әскери бөлімінде 30 мамыр күні АК-74 автоматын атуға 12 оқушы оқ атар жатығу орталығына барды.


Аудандық кестеге сәйкес 3 маусымнан 7 маусым аралығында әскери палаткалык лагерь 10 сыныптар қыз ұлдар   арасында ұйымдастырылды.   


Жалпы мектеп бойынша АӘД  пәнін 70 оқушы оқиды, оның 36-сы 10-сынып оқушылары, 34-і 11 сынып оқушылары. Олардың 23-і өте жақсы, 39-ы жақсы, 6 оқушысы қанағаттанарлық деген бағаларға аяқтады

10а 100 пайыз

10ә 100 пайыз

10б  86 пайыз

11а 100 пайыз

11ә 75 пайыз

11б 100 пайыз