Тренинг «Мамандық магазині» 9 - сыныптар » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тренинг «Мамандық магазині» 9 - сыныптар
20
апрель
2023

Тренинг «Мамандық магазині» 9 - сыныптар

Анықтама

Уақыты: 21.04.2023ж 

Сыныбы: 9- сыныптар 

Жұмыс түрі: жаттығу сабақ 

Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз – өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Жоспар бойынша 21 сәуірде «Мен таңдаған мамандық» тақыырыбында жаттығу сабақ өткізілді. Оқушыларға мамандыққа байланысты ойын жаттығулар жүргізілді. Оқушылар заманауий мамандықтар туралы қосымша ақпарат алып, ойындарға белсене қатысты.
 
І.Тренинг «Мамандық магазині»

Жұмысымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, “Мамандық магазині” атты тренинг өткізейік . бұл жерде магазинді дүкен деп ойлап қалмаңыздар, магазин- мылтықтың оқшантайы, осы сияқты  қазір кез — келген оқушыға бір мамандықты атаймын , келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтарды айтып шығу.

Мысалы: Мұғалім, механик, кондитер, ревизор, тәрбиеші, сварщик, шофер т. б, осылайша мылтықтың магазиніндей тоқтамастан мамандық атауларын шатаспай айналдырамыз

ІІ. Ой қозғау. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға жауап беру. 

ІІІ. Пікір бөлісу. Сыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді?

ІҮ. Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?

  • ата — ананың ақылы
  • достарыңның ақылы
  • мұғалімнің ақылы
  • қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
  • дарының, мүмкіндігің, қабілетің
  • жақын аймақтағы оқу орнының болуы
  • жалақысының көп болуы

Ү.Ой бөлісу

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелдеМамандық бір — ақ рет біржола таңдалады. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

Мамандық таңдау – күн көріс қамы

Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

Жауаптар:

–         Компьютерді білу;

–          Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.

–          Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.

–          Өз тауарын, қызметін өткізе білу.

–          Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.

–          Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.

Сұрақ- жауап :

топқа сұрақ :Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?

топқа сұрақ : Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

ҮІ. Тестік тапсырмалар:

ҮІІ. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін – өзі тану:
 
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез – келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
 
 ҮІІ. Дәйексөз.

Көк жүзіне алаулы,
 Міндет емес ай болу.
 Ең бастысы қалаулы,
 Кәсібіңе сай болу!- Ж. Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек,  егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Бекіту сұрақтары:

Осы күннен не алдыңыз?

Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?


«Ой қозғау» сұрақтарға жауап беру кезеңі                     «Психогеометриялық тест»  жүргізу кезеңі



Қорытынды.  Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі сабақ  сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.

Көк жүзіне алаулы,
 Міндет емес ай болу.
 Ең бастысы қалаулы,
 Кәсібіңе сай болу!
 Ж. Аймауытов айтқандай
 Жүректен-жүрекке. Жүрек жарды тілектерін білдіреді. Мына менің қолымдағы сиқырлы гүл, яғни бұл гүлге жақсы тілектер сыйласаңыз олда сізге өз жүрек жылы сөздерін тілейді. 

Мектеп психологтары Ибраева А  Разиева А