Дарынды және қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары 2019-2020 оқу жылы » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дарынды және қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары 2019-2020 оқу жылы
02
сентябрь
2019

Дарынды және қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары 2019-2020 оқу жылы

Дарынды және қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары  

2019-2020 оқу жылы

Міндетті: Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау. Баланың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық педагогикалық көмек көрсету


Жұмыс мазмұны

күні

Күтілетін нәтиже 

Жауапты адам

1

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диогностикасын шығару

02-04.09

Қабілетті оқушылар тізімі анықталады.

Пән мұғалімдері мектеп психологтар

2

Қабілетті оқушылардың ата –аналарымен байланыс жасап отыру

үнемі

ата –аналарымен байланыста болу

Пән мұғалімдері

3

Қабілетті оқушыларды үйірме жұмыстарына тарту

Кесте бойынша

Әр түрлі сайыстарға дайындалады. Өз бетімен жұмыстар жасалады.

Пән мұғалімдері

4

Бастауыш сыныптардағы     қабілетті оқушылармен психологиялық тренинг өткізу.

қараша

Психологиялық тренинг жүргізіледі.

Мектеп психологтары

5

Оқушыларды аудан, облыс көлемінде өтетін пәндік олимпиадаларға, интелектуалдық сайыстарға, КҒА, оқуларға, практикалық конфиренцияларға қатыстыру

үнемі

Оқушыларның шығармашылығы артады; жеңімпаздар анықталады.

Пән мұғалімдері

6

Қабілетті балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

Кесте бойынша

Пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылықпен жұмыс жасауды үйренеді.

Пән мұғалімдері

7

Ізденіс жұмыстары

үнемі

Өз бетінше жұмыстар жүргізеді

Пән мұғалімдері

8

Пән мұғалімдері дарынды оқушылардың шыығармашылығын жинақтау, портфолио жасау.

үнемі

Оқушы жетістіктері жинақталады мониторинг шығарылады

Пән мұғалімдері

9

Өлең жаза алатын оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, өлеңдерін басылымдарға беру.

үнемі

Шығармашылық белсенділігі дамиды. Өлеңдері баспасөздерге жарияланады.

Пән мұғалімдері


2019-2020   оқу жылындағы  Дарынды  балалармен жұмысМақсаты:  Жан жақты білімді   іскер өздік ойлау жүйесі дамыған   адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті  жанды қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: интеллектуалды сайыстар, зияткерлік  пән олимпиадалары, ғылыми – зерттеу жұмыстары, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары. Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі. Мектебімізде дарынды балалармен жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Дарынды оқушыларды іріктеп, олармен мынадай жұмыс түрлері жүргізілді:

1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
 2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;

3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды   

    ойындарға дайындау;

4.Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. 
 
            Дарынды  балалармен жұмыс олардың мектепішілік интеллектуалды байқауларға қатысуымен шектелмейді, оқушылардың қалалық, облысытық және республикалық ойындарға қатысуы дәстүрге айналып келеді, оқушыларды олимпиадаға және түрлі зияткерлі сайыстарға қатыстырғанда үздіксіз білім беру жұмысының тиімділігі көрініп тұрады.

          Қыркүйек айында жоспар бекітіліп, жоспарға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектеп психологтары оқушылардың шығармашылықтарын жүргізуде. Интеллектуалды ойындарға, түрлі жарыстарға қатысатын оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізілініп келуде. Қазан айында пән олимридасына қатысатын оқушылармен жұмыс жоспарларын пән мұғалімдер жүйелеп, дайындықты жандандырды. 

30 қазан әдістемелік кеңесте «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту үшін оқудағы кедергілерді жеңу мақсатында педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау» тақырыбында коучинг өткіздім. Коучингтің мақсаты: Оқудағы кедергілерді анықтау; оқудағы кедергілерді (қиындықтарды, проблемаларды) жеңу үшін педагогикалық тәсілдер туралы ойларымен бөлу; талантты және дарынды балаларды оқыту әдіс тәсілдерімен танысу болатын. Сол мақсаттарға жету үшін келесідей әдіс-тәсілдерді қолдандым: Кедергілер” қабырғасы, Оқудағы кедергілерді қалай жеңеміз? Ой толғау әдісі, сұрақ-жауап, пайдалы ақпараттармен бөлістім. Коучингтің соңын Александр Владимировтің сөзімен аяқтадым: “Бізге туғаннан берілген дарын өңделмеген алмазға ұқсайды. “Сібір кенінен” алынған мөлдір, қатты тас тәріздес (бірақ алмаз қаншалықты тамаша болса да, маржан тас екеуінің айырмашылығы жер мен көктің айырмашылығындай). Маржан тас деп- ерен еңбекті қажет ететін тегістелген алмазды айтамыз”. 


2019 жылдың 29-қазан күні мектепішілік пән олимпиадасына  қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша  44 оқушы,  жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша  25оқушы,  барлығы – 69 оқушы  қатысты.  Өткізілген олимпиаданың қорытындысы бойынша  2019  жылы желтоқсан айында өткізілетін аудандық пән олимпиадасына  29 оқушы  жіберілді.


2019  жылы 5-6 желтоқсан күндері Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің базасында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы, Б.Момышұлы атындағы орта мектеп – гимназиясының базасында өткізілген жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер  бойынша аудандық пән олимпиадасында төмендегі оқушылар жүлделі орындарды иеленді.

Р/с

Оқушының аты-жөні

қатысқан пәні

сыныбы

жетекшісі

орны

1

Розметова Рамиля

Қазақ тілі мен әдебиеті

9 «Ә»

Молдақынова Б.

І 

2

Манап Шұғыла

География

10 «А»

Құрамаева Ж.

ІІ

3

Палтиев Бахтишат

Адам. Қоғам. Құқық

11 «Ә»

Курбанова Б.

ІІ

4

Минирдинова Айнура

Ұйғыр тілі мен әдебиеті

11 «Ә»

Асимова А.

ІІ

5

Омарова Муқадәс

Химия 

11 «Ә»

Қасымова С.

ІІ

6

Ярмухаметова Замира

Биология

9 «Ә»

Юсупова М.

ІІ

7

Абдукеримова Дильбирим

Қазақ тілі мен әдебиеті

11 «Ә»

Жумалова Л.

ІІІ

8

Абдраимов Аблемит

Ұйғыр тілі мен әдебиеті

9 «Ә»

Юсупова С.

ІІІ

9

Улесаева Дильназ

Ағылшын тілі пәні

11 «Ә»

Яхияров А.

ІІІ

10

Бекбатур Дияс

Биология

11 «А» 

Молдаш М.

ІІІ

11

Азаматқызы Жазира

География

11 «А»

Құрамаева Ж.

ІІІ

12

Арсланова Альфия

Қазақстан тарихы

11 «А»

Қазыбаева Ұ.

ІІІ


  Келесі 2020 – 2021 оқу жылында барлық пән мұғалімдерінен пән олимпиадасына дайындық жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуі ескертілді. 

Сонымен қатар «Білген Аламан» ,  «Білген Бәйге» конкурсына 80 ге жуық оқушы қатысып, аудандық, облыстық  және 10 оқушы  республикалық деңгейге өтіп,белсенді қатысып жүлделі орындармен марапатталды, олар:

1

Нұрлығазы Алибек

2

Манап Нұрасыл

3

Нұрзет Сандуғаш

4

Бейсенбай Ұлболсын

5

Сағатали Санжар

6

Бекқали Абылай

7

Болат Шыңғыс

8

Бурабай Жанура

9

Нұртәліп Гүлина

10

Улесаева Дильназ

Мектеп оқушылары оқу жылының екінші жарты жылдығында да әртүрлі пәндік конкурстарға белсене қатысып отырды. Атап айтсақ, 

  1. “British Bulldog”  ағылшын тілі пәнінен-6 оқушы;
  2. «Ақ бота»  конкурсына - 97 оқушы;
  3. «Архимед»  конкурсына - 33 оқушы;
  4. «Ақ бота»  конкурсына - 97 оқушы;
  5. «Астра»  конкурсына -7 оқушы;
  6. «Русский медвежонок»  конкурсына - 29 оқушы;
  7. «Тілмаш»  конкурсына - 25 оқушы;

8. «Адам және табиғат» - география, биология пәндерінен - 61 оқушы;

  1. «Кенгуру-математика»- интеллектуалдық ойынына - 3 оқушы; 
  2. «Пони»  интеллектуалдық ойынына 41 оқушы қатысты.


Жоғарыдағы аталған конкурстардың нәтижелері әлі белгілі болмады, келесі оқу жылының басында белгілі болады деп күтілуде.

Мектеп ішілік мектептің «Үздік оқушы-2020» конкурсы 20-ақпан күні  өткізілді,      5-11 сыныптың барлық оқушылары   байқаудың бірінші кезеңінде Абай Құнанбайұлы туралы 15 сұрақтан тұратын тестке қатысты. Екінші кезең Абай атамыз жайлы эссе жазуға 40 оқушы қатысты. Ақтық кезеңге 12 оқушы қатысып, бұл кезеңде қатысушылар өздерін әр қырынан көрсете білді. Ақтық мәреге қатысқан 7,8,9,10 сынып оқушылары арасынан                    «Жыл оқушысы-2020» анықталды. Нәтижеге сәйкес:

1 орынды- 10 «А» сынып оқушысы-Өрлеубек Қайсар;

2 орынды- 7 «Ә» сынып оқушысы- Абдрахманов   Диляр;

3 орынды- 7 «А» сынып оқушысы- Қабдунасыр Ұлжалғас иеленді;

«Жыл оқушысы-2020»
«Тілмаш»  конкурсының жеңімпаздары

Қорытындылай айтқанда, 2019-2020 оқу жылы, оқушылардың конкурсқа қатысуы қанағатандырарлық деңгейде деп айтуға болады. Келер, 2020-2021 оқу жылында оқушылардың оқуға деген ішкі мотивациясын ояту үшін, оларды түрлі пәндік конкурстарға, олимпиадаларға және ғылыми жұмыстарға мектебіміздің әрбір ұстазы өз үлесін қосады деген үміттемін.


2019-2020 оқу жылында оқу жоспары бойынша белгіленген оқу бағдарламасы толық игерілді. Әр сынып бойынша мемлекеттік бағдарламаны игеруі туралы мәлімет жиналып, Күнделік КZ  сәйкестігі тексерілді. Қолданбалы, таңдау курстары, факультативтік курстар бойынша барлық сағаттар өтіліп, журналдарға жазылып отырды. Бақылау, зертханалық, практикалық жұмыстар белгіленген кесте бойынша өтті. Оқушылардың сабаққа келуі күнделікті бақылауда болды. Оқу жылы  барысында әр апта сайын Күнделік КZ уақытында толтырылуын тексеріліп ұсыныстар мен ескертулер пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне уақытында айтылып, кемшіліктер дер кезінде жойылып отырды. 

      Әлемде орын алған пандемия жағдайында еліміздің ұстаздары сияқты  мектеп мұғалімдері 4-тоқсанда қашықтықтан сабақ өткізді.  9, 11 сынып оқушылары қорытынды аттестаттаудан босатылды, Негізгі және Орта білім туралы аттестатқа жылдық бағалар қойылды. Кездескен қиыншылықтарды жеңе отырып, ұстаздарымыз өз міндеттерін абыроймен атқарып шықты.   Әрине, жұмыс бар жерде кемшілік болады, демекші өз жұмыстарын баяу жасап, салғырттық танытқан ұстаздарға дер кезінде ескертулер беріліп отырды. Бәрімізге белгілі, 2020-2021 оқу жылын қайта қашықтықтан оқу форматында бастағалы отырмыз. Мұғалімдер 100% АТҚ қамтылған, қашықтан оқыту әдіс-тәсілдерін меңгерген, жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастауға дайын.