2021-2022 оқу жылында оқушылардың жетістіктері » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2022

2021-2022 оқу жылында оқушылардың жетістіктері

Анықтама

       2021-2022 оқу жылының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мектеп оқушылары мектепішілік, аудандық, республикалық пән олимпиадаларына, ,ғылыми жобаларға   қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

Мектепішілік жетістіктер: 

Мектебімізде жылдық жоспарға сәйкес түрлі іс шаралар болды, атап айтсақ 

  • «Құстар қорғауды сұрайды» эко көрмесінде Серікжан Нұрбол 1 орын
  •  «Менің Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу сайысында Нұржанқызы Шырайлым 1 орын, Ербол Мерей 2 орын, Рахимжанова Руфина 3 орын
  • «Туған жерімнің тарихы» атты эссе байқауында Насыруллаева Ранагуль 1 орын, Мадиярова Рамина 2 орын,Абдужалилова Гульмина 3 орын
  • «Тәуелсіз елдің бүлдіршіндері» сүрет байқауында Ахметова Зарина және Насыруллаева Шахноза 3 орын
  • «Тұңғыш президент» тақырыбында өткен мүшайрада Ахметжанова Карина 1 орын
  • «Білімді ұрпақ ел болашағы» атты білімділер сайысында Өмен Анелья жүлделі орынға ие болды.

Мектепішілік пән олимпиадасына 5-6 сыныптар арасында 35 оқушы, ауданға қатысқан 13 оқушы, 8-11 сыныптар арасында 71 оқушы мектепішілік олимпиадаға қатысып, оның 20 оқушысы ауданға жолдама алды.

    «BILGEN ALAMAN» Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 43 оқушы қатысып, 36 оқушы аудандық кезеңіне өтті. 

Аудандық жетістіктер:

  •  Аудандық ғылыми жобаға қатысқандар робототехника пәні бойынша 9 сынып оқушысы Шамиев Ринат,жетекшісі Масимов Пархат, математика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Маркижанов Шахмурат,жетекшісі Вагапов Қурванжан, химия пәні бойынша 8 сынып оқушысы Өмен Анелья,жетекшісі Аспараева Жазира, көркем еңбек пәні бойынша 9 сынып оқушысы Адхамова Гульназ,жетекшісі Садырова Гулиям, тарих пәні бойынша 8 сынып оқушысы Харуллаева Халидам,жетекшісі Курбанова Бувихан, өлкетану пәні бойынша 10 сынып оқушысы Алиш Зере,Құрамаева Жеңісгуль, құқық негіздері пәні бойынша 11 сынып оқушысы Сайдуллаева Дилинур, жетекшісі Абубакриева Хуршидам. 
  •   Робототехника пәні бойынша 9 сынып оқушысы Шамиев Ринат 2 орын, құқық негіздері пәні бойынша 11 сынып оқушысы Сайдуллаева Дилинур1 орын алып, облыстық кезеңде белсенді қатысты деген дипломмен марапатталды.     
  •  Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілген АПФ форматында «Ұшқыр ой алаңы» дебатына 8 сынып оқушылары Игиса Алия, Мұқажан Толғанай, Азаматқызы Дария мектепішілік кезеңінен өтіп, ауданға өтті. Игиса Алия аудандық кезеңде «Үздік спикер» номинациясына ие болып, облыстық кезеңге іріктеп алынды.    
  • Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде математика пәні бойынша Раимджанова Азиза II дәрежелі диплом,Рахимов Салим III дәрежелі диплом, география пәні бойынша Нұртәліп Гулина II дәрежелі диплом, өзін-өзі тану пәні бойынша Алиш Зере III дәрежелі диплом, Қазақстан тарихы пәні бойынша Бұланбек Аружан II дәрежелі диплом, информатика пәні бойынша Тоқтарбек Диас III дәрежелі дипломмен марапатталды.             
  • «Мейірімділік жасауға асығыңыз» атты аудандық сүрет байқауда Пидахметова Айнура 2 орын
  •    М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қазақтың мұзбалақ ақыны» атты оқушылар мүшайрасында Нұрзет Нұргуль 2 орын
  •  Социалистік еңбек Қахарманы М.Ниязованың 90 жылдық мерейтойына арнап өткізілген эссе байқауында Розметова Рамиля 2-орын, Асимжанова Зухра 3-орын
  • Ы.Алтынсарин орта мектебінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «ROBO Altinsarin 2021» олимпиадасында «Alpha» тобы 3 орынға ие болды. 

Облыстық жетістіктер: 

  • «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Облыстық География пәнінен оқушылар арасындағы онлайн олимпиадасының жеңімпазы Абдукеримова Гульмина. 
  • Республикалық жетістіктер:

    •   Бастауыш сыныптар арасында өткен Республикалық «Көркем жазу» Байқауына белсенді қатысқан Масимов Наиль, Нурмухамедова Нигара
    •  «Тәуелсіздік ұландары» балалар шығармашылық байқауына 12 оқушы қатысып,1-2-3 орындарға ие болды. 
    • Республикалық «Зерде» желілік басылымның ұйымдастыруымен өткен шығармашылық байқауда Бекдаулет Алтынбек III дәрежелі димломмен марапатталды.
    • «Тәуелсіз елдің тарихы» атты оқушылар арасындағы Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары Арынбек Айым және Бекбатыр Ажар. 
    •  «Көкжиек» Республикалық білімділер сайтының ұйымдастыруымен өткізілген шығармашылық байқауда, «Қазақстан республикасының 100 үздік дарынды оқушысы» Республикалық байқауында және «Үздік бастауыш сынып оқушысы» қашықтық олимпиадасының жеңімпазы Отарбек Айша. 
    • Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» балалар шығармашылық байқауының жеңімпаздары Смаилова Мадина,Абдукеримова Гульмина, Вагапова Гульмина. 
    • Қазақ тілі пәнінен Республикалық олимпиада жеңімпазы Именьязова Феруза
    • Республикалық «Поэзия, менімен егіз бе едің?» өнер байқауының жеңімпазы Еркін Есіл.
    • Ақын М.Жалиловтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мәнерлеп оқуының 2 орын иегері Садыкова Адиля. 
    • Математика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпазы Азизова Кальбинур. 
    • Қазақ тілі, математика және информатика пәндері бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері Курванжанов Ислам, Баситов Ришат, Маркижанов Шахмурат, Умар Айым.
    • М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген шығармашылық байқауының жеңімпаздары Насыруллаева Ранагуль, Аркенова Имханам, Исрапулова Дильназ. 
    • «Үздік бастауыш сынып оқушысы» қашықтық олимпиадасында Қайрат Айдана I дәрежелі диплом, Ануарбек Айзеремен Молдахмет Дидар II дәрежелі дипломмен марапатталды.
    • «Қызықты математика және логика» атты Республикалық онлайн олимпиадасында 3 орын алған Абдыкеримова Дильхума.   
    • Физика пәнінен «TIO KZ»  Республикалық Дәстүрлі интернет олимпиадасында Амина Баратова және Дильназ Исраилова I дәрежелі диплом, Адилям Смаилова және Азиза Ибраимжанова II дәрежелі дипломмен марапатталды.
    • «Жас ғалым» ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы Исрапулова Дильназ. 
    • «Елімнің еркіндігі-тәуелсіздік» атты Республикалық мәнерлеп өлең оқу сайысының жеңімпазы Именьязова Феруза. 
  • Халықаралық жетістіктер:

    •     Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бәйтерек» тақырыбындағы кезекті Республикалық «Үркер» күзгі марафонына 0 сыныптан 10 бала қатысып, 4 бала III дәрежелі дипломмен марапатталды,жетекшілері Трускелдиева Мариямхан және Амраева Сахинур. 
    •  Ағылшын тілі пәнінен Халықаралық «British Buldog» пән олимпиадасына 25 оқушы қатысып, 1,2,3 орындарға ие болды. 
    • Ағылшын тілі пәнінен «Мегамозг» халықаралық қашықтық пән олимпиадасының жеңімпазы Отарбек Айша. 
    • «Русский медвеженок» халықаралық байқауында Алиш Зере 1 орын,Мадьярова Мажина 1 орын, Камилжанова Сахиба 2 орын,Аухадиев Зульфар 1 орын, Дүстекова Диана 1 орын, Разиева Азиза 1 орын, Раимджанова Азиза 2 орын алды.
    • Халықаралық қазақ тілі пәнінен 5 сыныптар арасындағы олимпиады жеңімпазы Вагапова Гульмина.
    •  «Пони» халықаралық интелектуалды ойын марафонына 0-4 сыныптан 65 оқушы, «Пони Пифагорда қонақта»халықаралық  интелектуалды ойын марафонына 2-4 сыныптан 43 оқушы қатысып, сертификаттар алды,жетекшілері Бастауыш сынып мұғалімдері. 

  •         Қорытындылап айтқанда, 2021-2022 оқу жылында еңбекші орта мектебінің оқушылары мектепішілік, аудандық, облыстық,Республикалық,Халықаралық пәндік олимпиадаларға, оқуларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Болашақта бұл көрсеткіштенде көп оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болады деген сенімдеміз!



Мектепішілік «Жыл оқушысы 2022» байқауы