2019-2020 оқу жылының тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2019-2020 оқу жылының тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі
16
март
2022

2019-2020 оқу жылының тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі

Мектепте:

  • 2019-2020 оқу жылында – 35 сынып жетекші, 625 оқушымен тәрбие саласы бойынша жұмыс жүргізіп келеміз.

Мектебіміздегі әр бір сынып жетекші оқу жылының басында сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жоспарын «Атамекен» бағытын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің 2015-2020  жылдарға арналған кешенді бағдарламасына сүйеніп,талапқа сай,тәрбиенің 8 саласы қамтылған айлық- жылдық жоспарларын жасап, осы жоспар бойынша сынып жетекшілік жұмыстарын атқарып, апталық, айлық жоспарларын басшылыққа ала отырып , жұмыстарын сәтті жүргізіп келед деп ойлаймын. Енді жұмыс болған соң кемшіліктер де болады, мысалы кейбір сынып жетекшілер жоспарларына мүлдем қарамады деп айтсам да болады,себебі әрбір жетекші күнде сыныбына кіріп оқушыларын түгендеу керек,сыныптың гигиеналық талаптарына көңіл бөлу  керек,себепсіз  сабақ тастаған оқушыларды анықтап, олармен түзету жұмыстарын жүргізу керек, сол жұмыстар өз дәрежесінде жүрсе сыныптардағы тәрбие жағы және білім сапасы жақсарады деген сенімдемін. Мектепшілік шараларға сыныптардың қатысуы да ерекше. Атап өтер болсақ 10 «а» сыныбы сынып жетекшісі  Замира Мусаева. 9 «а» сыныбы сынып жетекшісі  Лаура Жұмалова, 9 «б» сыныбы сынып жетекші Гулиям Садырова, 8 «А» сыныбы сынып жетекші  Айгерім Абдукаримова, т.б сынып жетекшілерін айта кетпесем болмайды, себебі осы сыныптар мектепте өтілген іс-шараларға өте белсенді қатысты, енді өткізілген әрбір шараға тоқталсам.  

Жылдағы үрдіс бойынша мектебімізде қараша айында 5-9 сыныптар арасында «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал мерекесі өткізілді. Оқушыларға алдын ала өткізілетін байқаудың бағдарламасы беріліп, барлық сыныптар жақсы дайындықпен ат салысты. Аудандық «Күзгі бал» байқауына мектебімізден 10 «А» сынып оқушысы Манапова Шұғыла қатысты. 

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай іс шара құрылды. Іс-шара бойынша «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында 2 «Б» сыныбы,сынып жетекшісі Тохтамова Жохаргул. 8«А» сыныбы,сынып жетекшісі Абдукаримова Айгерім. 8«Ә» сыныбы,сынып жетекшісі Аметова Саламаттың ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесуге Сынып жетекшілер және ата-аналардың бірлесе жұмыс жасауының арқасында шараға жан-жақты дайындалып,оқушылар белсенді қатысты. Бір айта кететін жері «Менің елбасым-менің Президентім» тақырыбында қабырға газеттері шығарылмады. 

Еліміздің Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай «Елімнің ертеңі- Мен, Жас Ұлан!» атты Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшылығымен ұйымдастырылған іс-шараға орай мектебімізде, салтанатты жиын өткізілді. Жиынға мектеп әкімшілігі, ата-ана комитеттері, мектеп ұжымы толықтай ат салысты. «ЖАС ҰЛАН», «ЖАС ҚЫРАН» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына 93 оқушы қабылданды, оның ішінде «ЖАС ҰЛАНДАР» қатарына 46 оқушы, «ЖАС  ҚЫРАНДАР» қатарына 47 оқушы салтанатты түрде қабылданды. 

4. Құқықтық тәрбие

Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Тәуелсіздігіне 28 жыл толып отыр.
 Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
 Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған.    
Құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады.Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады

Оқушылар арасындағы болып жататын келеңсіз немесе өмірлеріне қауіп тудыратын жағдайларды болдырмаудың алдын алу мақсатында ІІ тоқсан бойынша мектепшілік қыздар жиналысы Жеке бас гигиенасы\кеңес\ «Ибалы адам иманды қоғам»\баяндама» «Әдептен озбайық»\қыздар психологиясы туралы кеңес\ 2-рет , «Менің қояр сұрағым...» құқық қорғау инспекторымен кездесу Дуниежүзілік темекіден бас тарту күні ұлдар жиналысы «Ұлдарға кеңес» пікір алмасу 2-рет Ауыл ақсақалдарымен кездесу жоспар бойынша өткізілу керек болған, жауапсыздық салдарынан аталған мәселелер өткізілмей қалды. Оқу мен тәрбие, білім барлығы адам санасының психикасының даму үстінде қалыптасып, игеріліп, өмірге құлаш ұрған жастардың болашақтағы жейтін нандарына септігін тигізетін маңызды мәселенің бірі.
 Осы орайда мемлекетіміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде 11 жылдық мектепте үздіксіз білім беруде еңбек етіп жүрген ұстаздардың тарапынан оқушыға қойылатын ескертпенің бірі әр оқушыдағы ұялы телефондағы Whats App.
 Ұялы телефон арқылы  instaqram жүйесімен тілдесу оқушылардың және жастардың сүйікті ісіне айналды. Whats App ауруы – аз - аздап ақыл жинап жатқан жас ұрпақты алдап, арбауда. Денсаулығын жеп, қаражатын пайдасыз жұмсауда. mail. ru instaqram instaqram парақшасына кіру арқылы бала әр секунд сайын түрлі ақпараттың әсеріне тап болады.
 Білім мен қарулану бұл болашақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың міндетті парызы болса, сол білімді беру, оқушының санасына құю ұлағатты ұстаздардың міндеті. Ал, осы екі ортада шешілмей жүрген мәселенің бірі осы телефон. Ұстаздар қауымы оқушыларға: «Телефонды қой!, Ұстама!, Сабағыңды оқы!, «ҰБТ» - ға дайындал!»,- дейтін болса оқушылар қауымы ұялы байланыссыз тұра алмауда.
 Телефон ең алдымен байланыс яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедім, көптеген бала - шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып жүр. Осылайша олардың алтын уақыттары осы ұялы телефонмен өтеді. Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12 - 13 сағатын осы қалтателефонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының көбі, оны сабақ үстінде пайдаланады. Әуен тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге еліктеп ұйқылы - ояу маужырап сабақта отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір - біріне Whats App арқылы «хат» жазып, сабаққа тіпті көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталана береді. Әр түрлі біз үлкендер көруге ұялатын порнографиялық сайттарға кіру арқылы жастардың санасы бұзылуда.

Осындай келеңсіздіктің арқасында тоқсан соңында 11 «Б» сыныбындағы мәселе бойынша жалпы мектепішілік қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ . Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер  көбінесе отбасында дамып, қалыптасатындығы белгілі. Жыныстық жағынан жетілмей тұрып басталған жыныстық қарым-қатынас жас ағзаның, психиканың даму, қалыптасу үрдісіне зиян екендігін осының алдын алу барысында мектеп медбикелері «Аборт деген не?»Оның зияны қандай?. «Аборт» деген сөз латын тілінде «түсік» деген мағынаны білдіреді. Аборттың өздігінен болатын және жасанды, қолдан жасалатын түрлері бар екендігі туралы толық мағлұмат беріп өтті. Мектепішілік қыздармен жұмыс жүргізуге жауапты мұғалімдер Сахинур Юсупова, Абдукаримова Айгерім сынып жетекшілер мен мектеп мейірбикесі, мектеп психологтар, бірлесе отырып, осы мәселелерді толық қамтыды деген сенімдеміз.


Сыныптан тыс ақысыз үйірмелердің жүргізілу кестесі

2019-2020 оқу жылы         

р/с

Үйірме аттары

Өтілу орны

Жетекшісі


1

«Жас эколог»

42-кабинет

Сахинур Хозметова

2

«Жас  заңгер»

54–кабинет

Курбанова Бувихан

3

«Құқықтық оқулар»

54-кабинет

Бакиев Ялқун

4

«Жас гаитяндар»

37-кабинет

Балабекова Жадыра

5

«Жас инспектор»

28-кабинет

Мусазов Жамалдин

6

«Жас ақындар»

50-кабинет

Базарбаева Айжан

7

«Драма» үйірмесі

АКТ зал

Нұрмолда Айгерім

8

«Жас суретші»

22-кабинет

Жұмағұлов Абілмажін

9

«Дебат клубы»

45-кабинет

Арай Иманбекова

10

«Жас құтқарушылар»

15-кабинет

Курабаев Арман

11

«Жас мергендер»

15-кабинет

Ағыбаев Данияр

12

«Көңілді тапқырлар клубы» КТК

8-кабинет

Жанна Еркин

13

«Мәнерлеп оқу»

53-кабинет

Зарина Сутенова

14

Қуыршақ театры

25-кабинет

Амраева Сахинур, Буланбекова Жадыра

15

«Көркемөнерпаздар» /ансамбль/

10-кабинет

Наметов Султан

16

«Көркемөнерпаздар» /би/

10-кабинет

Арзигуль Разиева

17

«Шебер қолдар» /ұлдар/

22-кабинет

Юсупов Бахтияр

18

«Шебер қолдар» /қыздар/

43-кабинет

Садырова Гулиям

19

«Спорттық  үйірмелер» /футбол/

Футбол алаңы

Мусазов Джамалдин

20

Волейбол

13-каб. Спорт зал

Самылтыров Қуаныш

21

Баскетбол

13-каб. Спорт зал

Ошуров Бегзат

22

Жеңіл  атлетика

Жүгіру алаңы

Турдиев Мунаждин

23

Ұлттық ойындар

Спорт алаңы

Сағат Шыңғыс    

25

Young translater

30-кабинет

Турдамова Адалят

26

словесник

44-кабинет

Фируза Ибрагимова

27

Жас химик

42- кабинет

Касымова Саера




               

Жалпы оқушы саны -625

Мектепішілік сыныптан тыс ақысыз үйірмелер саны -26

Қатысатын оқушылар саны- 558

Жалпы пайызы – 91%

2019-2020 оқу жылы оқушылардың  күзгі демалыс кезіндегі (28.10-1.11) ұйымдастырылған іс-шаралар жоспары


мазмұны

Түрі, әдісі

мерзімі

жауаптылар

1

Патриот күні

Ә.Қастеев атындағы галлереясына саяхат 1-4 сыныптар

 Жаркент архитектуралық мұражайы  5-6

Алтынкөлге саяхат 7ә сыныбы


Саяхат




28.10.19ж

Педагог ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер

2

КОПД сайтқа қамқоршылар есебін кіргізу

«Балалар түнгі қалада»

Мектепішілік пән олимпиадасы

«Жедел жастар» тобы, кешкі рейд Гум бағыт

29.10

Ж.Советхан

Д.Агибаев

Қ.Карбузова

3

Отбасы күні 

Зейін тұрақтылығын дамытатын жаттығу


Жаттығу сабақ

30.10

мектеп психологтары

4

«Бір ел-бір кітап»

«Ақылды ертегілер»                              

Ертегі бағытында тренинг 3-4 сын-р

31.10

Мектеп кітапханашылары

5

Спорт және денсаулық күні

«Дуниежүзілік темекіден бас тарту күні»

«Ұлттық ойындар» 

волейболдан жарыс 7-8 сыныптар

Асық атудан жарыс 3-4           сын


1.11

Қ.Самылтыров


Ж.Мусазов 

С.Шыңғыс

6

Ақысыз үйірмелер күні

«Көркемөнерпаздар» /ансамбль//би/

«Жас суретші»


дайындық жасау

30.10


үйірме жетекшілері


(30.12.19 – 8.01.20ж) аралығындағы демалыс кезіне, оқушыларға

«Қыс қызықтары» тақырыбында ұйымдастырған іс-шаралар жоспары



мазмұны

сынып

мерзімі

жауаптылар


1

Орталық алаңда ұйымдастырылған

«2020-жасыл шырша» мерекесіне қатысу

Жедел жастар ұйымы кесте бойынша

кешкі рейдке шығу. 





31.12.2019ж.

Ұжым  мүшелері

сынып жетекшілер

Ата-ана комитеттері

М.Абылгазиев

Д.Ағыбаев

2

3Dкітаптарын жасау 

практикалық жұмыстарын жасау

3-4 сыныптар


02.01.2020ж.

Мектеп кітапханашылары

3


«Қыс қызықтары» тақырыбында шанамен жарыс

Шахматтан жарыс

5-6 сыныптар

5-11сыныптар


03.01.2020ж.

А.Турсунов

сынып жетекшілер

А.Курабаев

5

Ақысыз үйірмелер күні

«Құқықтық оқулар»

«Жас гаитяндар»

«Жас мергендер»


1-11сыныптар

05.01.2020ж

Я.Бакиев

Ж.Мусазов

Д.Ағыбаев

6

«Қамқоршылар» тобының жұмыстарыҚарттарға көмек

9 а,ә,б сыныптары

06.01.2020ж.


5-11 сыныптар 

Сынып жетекшілер

7

Даңқ мұражайына саяхат 


5-6 сыныптар

08.01.2020ж.

Сынып жетекшілер


Жалпы қағаз бетінде ғана жүргізілетін іс-шаралар мен  үйірмелер мектебімізде ақсап тұр. 



5. Аудандық білім бөлімінің бекітуімен 25- желтоқсаннан  27- желтоқсан аралығында Жаңа жылдық жасыл шырша мерекесі өткізілді.1-топ 25.12 күні 0а-0ә 0б-0в,1а-1б  сыныптары өткізді. Сыныптар  бекітілген бірақ дайындық тобының дайындығы орташа. Осы сыныптардың ішінде бір ғана 4 «А» сынып жетекшісі Есенова анарқан балмаскарадтік костюмін киген және ата-аналарыда бірлесіп би билеп, әнде салды. 2-топ 26.12  күні 1-4 сыныптар өте жақсы дайындалып өз өнерлерін көрсетті. Х.Абубакриева, Р.Заиров өз оқушыларын бағдарлама бойынша жақсы дайындаған, бірақ 8 сынып оқушыларының киімдері талапқа сай емес.

 Ескертулер дер кезінде айтылды. Оқушылардың сахнаға икемдері жоқ. Өлең шумақтарын толық жаттамаған. Мысалы   оқушылардың дайындығы төмен,тәрбие материалдар аз, мұғалім ізденбегені көрініп тұрды, менің де кемшілігім бар деп ойлаймын себебі мен сынып жетекшінің, оқушылардың  дайындаған дайындықтарын алдын- ала көруім керек еді, бірақ мен соған көңіл бөлмегем, енді әр бір өтілетін тәрбие сағаты, тағыда басқа шараларға дайындық барысын алдын-ала дайындығын көру  керектігін түсіндім. 


 Қорытып келгенде бастауыш, 5-6  сыныптарда оқушылар түгел киінген, ата-аналар

 жақсы қамтылған, мереке жақсы ұйымдастырылған. Келешекте жасыл шыршаны басқаша өткізу керектігі көрінді, әр түрлі кейіпкерлерді арластырып, БАЛМАСКАРАД түрінде өтілу керек.


Қаңтар айында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Ұлт болашағы- ел ертеңі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында бірінші мәселе бойынша тарих пәнінің мұғалімі Я.Бакиев жаңадан шыққан «Педагог мәртебесімен» таныстырып өтті. Екінші мәселе бойынша ата-аналар бала тәрбиесі туралы өз ойларын айтып, сұрақ-жауап пікір алмасу мақсатында дөңгелек стол өткізілді. 

  Қаңтар айында 7-11 сынып оқушыларымен әдеттен озбайық тақырыбында  аудандық   ИДН қызметкерлерімен  жалпы жиналыс ұйымдастырылды.Жиналыс барысында келген   қонақтарға оқушылар өз ойларындағы түсінбей жүрген  қылмыстық   кодекстер  оқушы ережелері,діни ұғымдар сияқты  әр-түрлі мәселелер бойынша сұрақтар  қойып пікір  алысты.

   «Өзін-өзі тану Махабат пен Шығармашылық  педагогикасы» атты 2-12 ақпан аралығында онкүндік өткізілді.Онкүндіктің мақсаты  Өзін-өзі тану пәні авторы  С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту.Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа,сыйластыққа,қамқорлыққа,махаббатты бағалай білуге,жақсылық жасауға тәрбиелеу.Онкүндік  өзін –өзі тану пәнінің мұғалімдері М.Боталбева  мен З.Аюпованың  жетекшілігімен  ұйымдастырылп, бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.

 Ақпан айында Ауғанстандағы соғыстың аяқталуына 31жыл толуына орай осы соғысқа қатысқан интернатционалист жауынгерлермен «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»атты 5б-сын  жетекшісі Б.Курбанова,5в-сын жетекшісі А.Тудамова,4в-сын жетекшісі Г.Ибрагимовалардың ұйымдастыруымен кездесу кеші өткізілді.Кездесуге келген  қонақтар оқушыларға өздері  және  қарулас достары туралы ерлік оқиғалары мен естеліктерін айтты.

    Дене тәрбиесі жүйесі-өзара  қарым-қатынастағы  жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі  қоғамдық топ өкілдерінің  ерекшеліктеріне қарай  сипатталады.Спорт дегеніміз-әрбір  жеке тұлғаның   таңдаған  спорт  түрінен   жоғары нәтижеге жету саласы.Міне осы мақсат-міндеттерді басшылыққа  ала отырып   мектебімізде ақпан айының 24-28 аралығында асық ату мен баскетбол ойындарынан спортакияда өткізіліп, жеңіске жеткен топтар марапатталып,аудандық жарысқа жолдама алды.

     Ақпан айында мектебіміздегі оқушы жастар ұйымының жетекшілігімен 7-10 сынып  оқушылары   арасында «Жайдарман-жасұлан -2020 маусымашар » тақырыбында көңілді тапқырлар клубы болды. КВН барысында   ерекше көзге түсіп, 9А сынып оқушыларының «Бес аспап жігіттері» командасы бас жүлдені жеңіп алып, аудандық «Жаркент жайдарманы» КВН-ына жолдама алды.Нәтижесінде КВН-ға  қатысып, алғашқы ондыққа ілінді.

 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым»атты апталықтың  жоспары құрылып 1-11 сынып жетекшілері сыныптарымен сынып сағаттарын  өткізсе, мектеп психолоктары 1-9 сынып оқушылары арасында «Кімге алғыс айтар едіңіз» деген тақырып бойынша сұрақ- жауап ұйымдастырды. Тіл мамандары «Туған еліме мың алғыс»атты эссе байқауы, «Шынайы жүректегі алғыс» атты сурет көрмелері өткізіліп,жеңімпаздар лездемеде мақтау қағазымен  марапатталды.

  Ұлы ойшыл,кемеңгер данышпан,қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай-дана,Абай-дара қазақта» атты айлық ұйымдастырылды.Айлық барысында әр-түрлі іс-шаралар  өткізіліп, атап-айтсақ сынып сағаттары  және әр сыныпта Абайға арналған бұрыш ұйымдастырылып,шығарма,эссе жазу,мәнерлеп оқу,Абайға арнап  жас ақындар өлеңдер шығарып,қабырға газеттері  шығарылды.Айлық соңында «Ана өмір шуағы» атты мектеп мұғалімдері мен зейнеткер ұстаздар және арнайы шақырылған демеуші ата-аналарға  арнап 8- наурыз халық аралық әйелдер мерекесіне арналған  салтанатты жиын өткізіліп,екінші бөлімінде   8-9 сынып оқушылары даярлаған «Өлеңмен   өрнектелген өмір» атты Ұлы Ақынымыз   Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған сахналық қойылымды тамашалап ,өнер мектебіне қатысатын мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламаларына ұласты.

  Наурыз айының 12-күні «Үздік  сынып  жетекші-2020»атты сынып жетекшілер байқауы өткізілді. Байқау шарттары  бойынша 1-11 сынып жетекшілері толық қатысып, тест сұрақтарына жауап берді, одан өткен 19 сынып жетекші 2-бөлім бойынша портфолияларын дайындап,сынып сағаттарын өткізді.

  Осы іріктеуден  өткен 6 сынып жетекші 3-тұрға жолдама алып,өздерін таныстыру, педагогикалық цитуатциялық сұрақтарға жауап беру сияқты сайыстардан өтті.Байқау соңында 5 «В»сынып жетекшісі,ағылшын пәнінің мұғалімі Тудамова Адалят бас жүлдені жеңіп алып, аудандық сынып жетекшілер байқауына жолдама алды.  


Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Кәмелетке толмағандармен қылмыстық тәртіп бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында  42-42/76/1 бағыты бойынша жоспарға сәйкес  

іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілді.

Құқық –қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы.Адам өз бойына құқықтық нормалар мен заң актілері туралы жүйеленген заңдар туралы білімді адам тек оқу барысында ғана алады, сондықтан осы игілікті жұмысты неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым сапалы құқықтық сана қалыптасады.

Құқықтық тәрбие бойынша жүргізілетін іс-шаралардың жоспары құрылып  , сол жоспар бойынша ай сайын жұмыстар жүргізіліп келеді.

Құқықтық тәрбие мектебімізде 4бағыт бойынша жүзеге асырылады.

  1. Ерекше қадағалауды қажет ететін оқушылармен жұмыс.
  2. Жедел жастар тобы.
  3. Құқықтық оқулар.
  4. «Азамат»ұл балалар  және «Айгерім» қыздар клубы 


1.Құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты жасалған жұмыстар туралы

Оқу тәрбие жұмысында тәртіп бұзушылықпен, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ішкі есепте тұрған ерекше назардағы оқушылардың есептен шығару,есепке алу картотека жасақтау мектеп психологтарымен,мектеп инспекторымен ,тәрбие жөніндегі орынбасарларымен біріге отырып қыркүйек айында ұйымдастыру кезеңімен басталды. Алдымен мектеп оқушыларын мектеп инспекторымен танысу жұмыстары жүргізіп,сабақтан себепсіз қалып отырған оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді. Сабақтан себепсіз қалып отырғандар, сабақтан қалу себептерін анықтай отырып, ата-аналарымен жұмыстар жүргізіліп балалар мектепке қайтарылды. Дегенмен сабаққа келмей жүрген 10 сынып оқушысы мен 1 сыныптағы інісі, сабақтан бас тартты. Биылғы 2019-2020 оқу жылында АІІБ-ң тізімдік және профилактикалық есебінде тұратын жасөспірімдердің отбасы тұрмыстық жағдайын тексеру

(сәтсіз жанұя, қолайсыз отбасы т.б) барысында сәтсіз отбасы құрамындағы 10ә сынып оқушысы Джумагулова Мадина мен 1а сыныбындағы інісі Авамусалимов Мейрамбектің анасы Авамусалимова Гулинур Мухамедовна тіркеуде. Жаркент қаласы, Біләл-Назым көшесі № 196 үй тұрғыны Авамусалимова Гулинур Мухамедовнаның кәмелетке толмаған қызы 03.10.2002 ж.т Джумагулова Мадина Болатқызы  Жаркент қаласы, Еңбекші орта мектебінде 10 «ә» сыныбында оқиды. Джумагулова Мадина   сабақ уақытында сабақты себепсіз жиі қалдырады, сабақ үлгерімі төмен, анасының айтуы бойынша үйдегі кішкентай інісін қарап қалатынын  алға тартады. Азаматша Авамусалиева Гулинур Мухамедовнаның тұрақты мекен жайы жоқ және жалдамалы жұмыс істейді. Мектеп әкімшілігі және  мектеп инспекторымен тұрғылықты мекен жайын тексеріп барған кездерде азаматша Г.Авамусалимова көбінесе масаң күйде болады, кәмелетке толмаған балаларына дұрыс деңгейдегі тәрбиені бере алмауда және кәмелетке толмаған балаларына ата-аналық тәрбиелеу және оқыту міндетін орындамайды. Масаң күйде болған күндері қызы Джумагулова Мадина  сабақты себепсіз жиі қалдыруына тура келеді. Себебі үйінің алыстығы, жалдамалы көлікке қаражаттың жоқтығына байланысты. Мектеп инспекторы, мектеп директоры, ДТЖО, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі әр рейд барысында АКТ жасап отырады. жинақталған АКТ бойынша құжаттар жинақталып аудандық комиссияға жіберілді. Кезекті КЗПН комиссиясы отырысынан кейін бұл оқушылар «Көктал  Арасан» интернатына ауысу шешімі қабылданып, оқушылар аталған орынға орналастырылды. Қазіргі уақытта аталған интернатта оқып жатыр.

Аталған отбасына  әр жыл сайын ЖББ беру қоры есебінен көмек көрсетіліп тұрады. Аталған оқушылар мектептің ыстық тамағымен қамтылған, мешіт қауымы бірлесіп көмір, азық-түліктермен қамтамасыз етіп берді. Биылғы Джумагулова Мадина   аудан әкімінің шыршасына қатысты. 

Оқу жылының ортасында Жамбыл атындағы орта мектептен Илишевтар ауысып келді. Бұл отбасы да сәтсіз жанұяға жатады. 

8-11 сынып оқушыларымен профилактика ретінде «Оқушылардың құқықтық жауапкершілігін арттыру» мақсатында тақырыптық сұрақ жауаппен мектеп инспекторы дәріс оқыды. Мектеп инспекторы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар сабаққа кешігу,мектеп формасын сақтамау,сабақ процесінде кішігірім тәртіпсіздіктер мәселесін қарап, түсінік жұмыстарын жүргізіп отырдық . Оқушылардың ата анасымен сұқбаттасу,кездесу жұмыстары жүргізіліп, ақыл кеңестерін мектеп психологтары беріп отырды. Әсіресе 11 сынып оқушылары үнемі жоғарғы сынып оқушылары ретінде бақылауда тұрады. 9-11 сынып оқушыларымен «Қылмыс және қылымыстың болу себептері» тақырыбында пікірталас өткізілді.Сабаққа қатысты тексеру апта сайын жүргізіліп отырды, нәтижесінде сабақтан себепсіз қалатын оқушылар ата анасының жұмыс орындарына хат жіберіліп, шарасын алынды.Құқықбұзушылыққа бейім оқушылардың мінездемесін сынып жетекшілерінен алып,бақылау жүргізіліп отырды.Құқықбұзушылыққа байлынысты жасөспірімдер арасындағы мақалалармен уақытында оқушыларды лездемеде таныстырылып отырылды. Жанұяның тәрбиесінен тыс қалған,бақылаусыз оқушы қазіргі таңда жоқ.


Аз жылда кең етек алып кеткен нашақорлық пен маскүнемдік, шылымқорлық, жезөкшелік, кісі өлтіру, қарақшылық, жастардың жыныстық қатынастарға ерте араласуы, қылмыстық әрекеттердің көбеюі және т.б ата-аналар мен тәрбие ісімен айналысушы көпшілік қауымды алаңдатуы заңды құбылыс. Өйткені мұның бәрі тәрбиенің «нәтижесі», әрі жіберген кемшілігі екені түсінікті. Осыған орай мектебімізде жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында мұғалімдерден және сынып жетекшілер, ата-ана комитетінен жедел жастар тобы құрылып кестелері бекітілді.

Жедел жастар тобының жетекшісі АӘД пән мұғалімі Д.Ағыбаев тағайындалды. 

Жедел жастар тобының жылдық жоспары бекітіліп жоспар бойынша әр сенбі, жексенбі күндері кезекшілікте болып , түнгі рейдке шығады. Рейд кезінде ұсталған оқушыларға шара қолданылып және ата-аналарымен жұмыс жүргізілуде. «Жасөспірім түнгі қалада», «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанының «Түнгі қаладағы балалар», «Көше» тақырыбында және әр сенбі, жексенбі күндері  өз жұмыстарын атқаруда.

Ата Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу-заман талабы. Осы қағиданы ұстана отырып мектебімізде құқықтық оқулар әр айдың 3-ші жұмасында өткізіледі. Құқықтық оқуларды ата-аналар арасында  Абубакриева Хуршидам, мұғалімдер арасында  Курбанова Бувихан, оқушылар арасында Бакиев Ялқун,бастауыш сыныптар арасында Буланбекова Жадыра  жүргізеді. Бұл оқулардың жоспары жасалынды

«Тәуелсіздіктің алтын діңгегі-Ата заң» «Менің құқықтарым мен міндеттерім»тақырыбындағы дөңгелек стол, «Жаңа қоғам» тақырыбында тренинг, 10-желтоқсан адам құқығы күнін атап өту сынып сағаттары 

1-11сыныптар арасында жоспар бойынша жүргізілуде. «КТІЖБ-қызметкерлерімен кездесу, аудандық  АІІБ-не саяхаттарды мектебіміздің тарих пән мұғалімі Я.Бакиев жүргізсе,«Ата-ана құқығы мен міндеттерін білесіз бе?...»  атты сауалнаманы мектеп психологтары жүргізді.



Қазір электронды техниканың ғарыштап дамыған уақыты. Ай сайын смартфон, планшет дегендердің жаңа түрлері шығып жатыр. Тіпті бүгінгі таңда мектеп оқушылары ұялы телефон, смартфон, планшетсіз жүре алмайтын күйге жетті. «Заманына қарай адамы» демекші олар ондай қондырғыларды жақсы меңгерген. Алайда, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты смартфон мен планшеттің де пайдасы мен зияны қоса бар. Пайдасы бәрімізге белгілі. Кез келген уақытта ата-ананың баласымен хабарласып отыруға мүмкіншілігі бар. Сонан соң оқушылар ғаламторға кіріп қажетті мәліметті жылдам алады, тағысын тағы...

Зияны ше? Компьютер, смартфон, планшет секілді қондырығыларды шектен тыс пайдалану бала денсаулығына зиян екендігі туралы бұған дейін де талай айтылған. Осы «Құқықбұзушылықтың алдын алу»мақсатында мектебімізде «Мен ОҒҒLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясына орай мектепішілік іс-шара жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес қаңтар айының 13-23.01.20ж арасында «Мен ОҒҒLINE» республикалық акциясын өткізудің мектепішілік іс-шаралар жоспарымен ДТІЖО М.Әбілғазиев 

лездемеде таныстырып өтті. «Интернет-менің өмірімде» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбында психологтар сауалнамалар өткізді. Салауатты өмір салтын жандандыру мақсатында педагог ұйымдастырушы А.Асимова оқушы жастар ұйымымен бірлесе «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбында 7-9 сыныптар арасында флэшмобтан жарыс өткізді. Мақсаты өскелең ұрпақтың бойында еліне деген сүйіспеншілігін, отанға деген патриоттық сезімін ояту. Жеңіс бар жерде, жеңілісте бар демекші І-орынға 7 «б» сыныбы, ІІ-орынға 7 «а» сыныбы, ІІІ-орынға 7 «ә» сыныбы ие болды.жарыс өте тартымыды өткізілді. Мектеп психологтары  «Менің интернетсіз күнім» тақырыбын басшылыққа ала отырып , оқушылармен сауалнама   жүргізді. «Мен ОҒҒLINE» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында Эссе байқауын мектептің қазақ, орыс, ағылшын тіл пән мұғалімдері жүргізді. «Мен ақпарат заманының баласымын» тақырыбында мектебіміздің жас мамандары Б.Мөлдір, Қ.Вагапов 8-9-10 сыныптардан құралған команадалармен дөңгелек үстел өткізді. «Қыс қызықтары» атты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Турсунов шанамен жарыс өткізді. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталды. «Кітап мәңгі шамшырағы  заманның» атты көрмесін мектеп кітапханашылары ұйымдастырды.


 «Азамат» ұлдар клубымен жүргізілген жұмыс есебі.

Бала тәрбиесі үлкен бір өнер,өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер-деп жазушы Мағжан Жұмабаев айтпақшы,әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала –  қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.  Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде.. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.

    Еңселі егеменді еліміздің қуатты тұтқасын ,яғни саналы да,білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті,парасатты парызы болса,еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін,тәрбиенің тұғырын сіңіруіміз қажет дей келе мектебімізде 2019-2020оқу жылында «Азамат»ұлдар клубы, «Айгерім» қыздар клубының жұмыс жоспары құрылып,бекітілді.Осы құрылған жоспар бойынша жұмыс жүргізетін жетекші мұғалімдер Қ.Самылтыров пен Б.Ошуров бекітілді.

 «Балалар түнгі қалада» атты кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың кешкі 21-00 ден кеиін көшеде,сауық кештерде,компютер ойындары мен әр түрлі клубтарда жүрмеу мақсатында және сенбі,жексенбі,мереке күндерінде жүргізілетін рейдтке мектеп әкімшілік мүшелері мен 5-11сынып жетекшілерінен кезекшілік кестесі құрылып,әр кезекшіліктің нәтижесі шығарылып,апта сайын анықтамасы жазылады.

   Қараша айында 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің қояр сұрағым...» тақырыбында құқық қорғау инспекторларымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: 

     Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін  үйретіп, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.

 Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмей  баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық қадір-қасиетін құрметтеуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толғған соң, оның пікірімен де санасады.Баланың құқықтары жөніндегі Конвенция сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар.Міне осындай ойларға қатысты өз ойларында жүрген сауалдарын қойып пікір алмасты. 

   26-қарашада мектеп медбикелері 9-11 сынып ұл балаларымен «Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні»атты ашық есік күнін өткізіп,темекінің адам ағзасындағы зияны туралы видио роликтер көрсетіп,сауалнамалар жүргізді.Желтоқсан айында ауыл ақсақалдарымен «Ұлдарға кеңес»тақырыбында пікір алмасу кедесу кеші,ақпан айында «Сегіз қырлы бір сырлы жігіт сұлтаны-2020»жігіттер сайысы өтпей қалды жауапты мұғалімдер Қ.Самылтыров,А.Турсынов.

  Жалпы мектеп бойынша ұл балалардың тәртібі жақсы мектепішілік және аудандық есепте тұратын,себепсіз сабақ тастайтын оқушылар жоқ.