1 қыркүйек Білім күніне орай АӘТД пәнінің мұғалімі Д.Агибаевтың уйымдастыруымен «Тәуелсіздік тірегім » атты сынып сабақ өткізілді » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 қыркүйек Білім күніне орай АӘТД пәнінің мұғалімі Д.Агибаевтың уйымдастыруымен «Тәуелсіздік тірегім » атты сынып сабақ өткізілді
01
сентябрь
2021

1 қыркүйек Білім күніне орай АӘТД пәнінің мұғалімі Д.Агибаевтың уйымдастыруымен «Тәуелсіздік тірегім » атты сынып сабақ өткізілді

1 қыркүйек Білім күніне орай АӘТД    пәнінің  мұғалімі Д.Агибаевтың уйымдастыруымен 10 сынып оқушыларымен   Панфилов ауданының қорғаныс істер бөлімінен Қ.Е.Жүнісқожаев  үшінші сынып сержанты Н.А.Джалғаспековпен «Тәуелсіздік тірегім » атты   сынып сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:  Ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, таным көкжиегін байыту. Еліне, жеріне деген махаббатын өнері арқылы насихаттап, өз қатарластарына үлгі бола отырып, тұлғалық дамуына үлес қосу. 

      Тәуелсіздік –бабалар аңсауы ,ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең .Тәуелсіздік-таңбасы таста,қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.Еліміздің тәуелсісдіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл.Отыз жыл ішінде Қазақстан етек жеңін жиып,шекарасын бекітіп ,өз алдына дербес зайырлы ел болды .Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі .1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті,ұлты мен ұлысы салты мен дәстүрі ,мәдениеті мен экономикасы болды.Желтоқсан желі мен ызғарына қарсы тұрған  жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің  арқасында шаңырағы биік ,керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Туркия .Бұл тәуелсіздіті бір ел ғана емес,бүкіл ел болып қолдайды деген сөз.Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек.Ол оның ішкі және сыртқы әлемі,экономикасы ,ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіркеледі.


Сабақтың соңында үшінші сынып сержанты Н.А.Джалғаспековке сөз берілді.