МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!!! » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
31
октябрь
2023

МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

«Еңбекші орта  мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі  КОНКУРС  жариялайды: 

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 

Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  лауазымына – 1 (1бірлік жүктеме). 

1 қарашадан бастап мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді. 

Конкурс өткізілетін орын:          

«Еңбекші орта  мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің қабылдау бөлмесі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, 

кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/

академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. 

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek KZ" порталында  және мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.