1- сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді. » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1- сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді.
24
июль
2023

1- сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді.


Құрметті жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндердің ата-аналары  және олардың заңды өкілдері! 
Оқу-ағарту министрлігі 1- сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді.
Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Egov.kz  электронды үкімет порталы және  облыстық E-zhetysu.kz  электронды қызмет көрсету жүйесі арқылы тапсыруға болады. 
Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Ол үшін баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосуреті қажет. 
Жалпы бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталған, 4 айда аудан бойынша  2190 өтініш түскен. Олардың  75 пайызы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдап отыр. Алдын ала болжам бойынша жаңа оқу жылында ауданда 2758 бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.