2023 жылдың 4-5 қазан күндері Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Республикалық педагогтер съезі өткізілді. » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылдың 4-5 қазан күндері Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Республикалық педагогтер съезі өткізілді.
06
октябрь
2023

2023 жылдың 4-5 қазан күндері Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Республикалық педагогтер съезі өткізілді.

2023 жылдың 4-5 қазан күндері Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен  Республикалық педагогтер съезі өткізілді.Кәсіби мереке қарсаңында алғаш ұйымдастырылған съезде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздар қауымын құттықтап, жылы лебізін білдірді. Білім саласындағы 7 өзекті мәселе көтеріліп, тапсырма берілді.Съезд барысында Қ.Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. 
«Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты.
Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет», - деді ол құттықтауында. Президент баяндамасы мектеп ұжымымен таныстырылды.