Мемлекет басшысы Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізді » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мемлекет басшысы Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізді
20
апрель
2024

Мемлекет басшысы Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды. Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.
  – Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойынша сайлау алдындағы бағдарламада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі. Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
[media=Жетісу облысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласы "Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"КММ Мемлекет басшысы Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізді https://www.instagram.com/reel/C5qOOS2sgXU/?igsh=OXE1dzZ6N2dibHR4]