Өзін-өзі бағалау "Болашақ" шағын орталығы » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзін-өзі бағалау "Болашақ" шағын орталығы
21
июль
2023

Өзін-өзі бағалау "Болашақ" шағын орталығы

Өзін - өзі бағалау есебі

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық  мемлекеттік мекемесі «Болашақ»  шағын  орталығы  Жетісу облысы,Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

Өзін өзі бағалау барысында білім беру қызметіне «Болашақ»шағын орталықтың басқару жұйесіне,тәрбиеленушілердің тәрбие мен оқытудың мазмұны мен сапасына ,ұйымдастырылған іс әрекеттеріне талдау жасалды.

Шағын орталықтың қысқаша сипаттамасы: 

Жаркент қаласының «Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық  мемлекеттік мекемесі «Болашақ» шағын орталығы 3-5 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған білім беру ұйымы.

Ашылған күні: 2008 жыл

Мекен жайы :041300, Жетісу облысы,Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

Бусаков көшесі,51 үй

Байланыс: e-mail: enbekwi.o.m@mail.ru

Тел: 8728231-9-52-06

«Болашақ» шағын орталығы күн  тәртібі:

Бес күндік жұмыс күні

Демалыс күндері : сенбі,жексенбі,мереке күндері

Шағын орталық орын саны-50  орындық 

Жұмыс істейтін топтар  2 топ 

2022-2023  жылғы оқу жылында шағын орталыққа 50 бала қабылданды.

«Балауса»тобы қазақ тілінде (ортаңғы тобы)-25 бала

«Арман» тобы  ұйғыр тілінде (ересек тобы)-25  бала

              Балалардың жасы 3-5  жас аралығы. Биыл ата-аналар е.zhetysu.kz порталына электрондық кезекке тіркелу арқылы  өтініш  беріп,балаларды жолдамаларымен  қабылдадық.    Біздің шағын орталықта   4 тәрбиеші бар,жоғары білімді

Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ "Болашақ" шағын орталығы  педагогтарінің сапалық құрам
 2022-2023 оқу жылы


Аты -жөні 

Лауазымы

Еңбек өтілі

Санаты

Білімі

Тохтахунова 

Алиям Садыковна

Аға тәрбиеші

25 жыл

Педагог-зерттеуші

Тохтахунова 

Алиям Садыковна

Жоғары

Тохтахунова Гулистан Ахметовна

Тәрбиеші

15 жыл

I санат

28.08.2018

№177-ө

Жоғары

Сапарбаева Бағдат Мухаметқалиевна

Тәрбиеші 

11 жыл

Педагог -сарапшы

28.06.2021

№375-н

Жоғары

Наурызбаева Жазира Мухтаровна

Тәрбиеші

15 жыл

II санат

28.08.2018

№11-н

Жоғары

Шағын орталық   тәрбиеленушілерін тәрбиелеу мен білім беру қызметі нормативтік құқықтық  құжаттар негізінде:

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348бұйрығы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;

  1. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары
  2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 14 қазан № 422 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) басшылыққа ала отырып оқу тәрбие жұмысын жүргізеді.

Тәрбиелеу мен білім беру процесі перспективалық жоспарға ,циклограммаға, бала дамуының  монитринг арқылы іска асырылады.

Жаңартылған балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қорытынды бақылау жиынтық есебі нәтижелері бойынша 


«Болашақ шағын орталығы» 

«Балауса» тобы

2022-2023 оқу жылы  

«Болашақ шағын орталығы» 

«Арман» тобы

2022-2023 оқу жылы  

Физикалық қасиеттерді дамыту бойынша мәдени-гигиеналық

дағдыларын қалыптастыру, шынықтыру шаралары, ұйқыдан кейінгі жаттығулар

орындалды. Спорттық эстафеталаық жарыстар ұйымдастырылды.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту тілдерін жетілдіру, достыққа,

патриотттық сезімге тәрбиелеу. бойынша ертегілердің атауын ондағы

кейіпкерлердің қасиеттерін ажыратып ертегі айтуға дағдыланды. Мамандықтар


туралы түсініктерін кеңейту дағдыларын қалыптастырды.Осы топта өткізілген іс-шаралар арқылы балалар өлең жолдарын мнемокесте арқылы, ТРИЗ технологиясыарқылы тез жаттауға әндері мен билерін өз мәнерінде айтуға дағдыланады.Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үйренді. Ертегілерді образға кіру арқылы сомдау

қалыптастырылды.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту бойынша балалар негізгі

түстерді, 5көлеміндегі сандарды, логикалық ойындарды, геометриялық

пішіндерді ажырата білді, кеңістікті, уақытты бағдарлауды үйренді. Берілген

тапсырлаларды орындауға жаттықтырылды.

Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін

дамыту бойынша қолмен қағазды жырту, жапсыру,ермексазбен бояқпен жұмыс

жасауды меңгерді. Сурет салуда дәстүрлі, дәстүрден тыс сурет салуды үйренді.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру бойынша балалардың

қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып табиғатты қорғауға

дағдыланды.

Ата-аналармен жұмыста шағын орталық қызметкерлері ынтымақтастық принципі бойынша құрады. Бұл ретте басым міндеттер:

1. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;

2. Ата-аналарды шағын орталық өміріне тарту;

3. Отбасын зерттеу және балаға тәрбиелік ықпалды үйлестіру үшін оның мүшелерімен байланыс орнату.

Ата аналармен жүргізілген жұмыс түрлері

• топтық ата-аналар жиналысы, кеңестер;

• балалар мен ата-аналар үшін бірлескен  мерекелік іс-шаралар өткізу;

• сұрақ қою;әңгімелесу

• бірлескен жұмыстардың көрмелері;

• жаңадан қабылданған балалардың ата-аналарымен келісім-шарт жасау

Шағын орталықтың Жылдық жоспарда бекітілген жұмыс жоспары бойынша іс шаралар жүргізіліп отырды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда дамытушы ортаны ұйымдастыру стандарт құрылымына қарай,әр баланың жеке дара дамуына, олардың бейімділігі,қызығушылығы,белсенділік деңгейлерінің тиімділігі қажет.Бұл үшін заттық ортаның элементтерін сондай-ақ,балаға эмоционалдық,қозғалыс іс-әрекеті,танып білуге қатысты жағдай жасауды байыту қажет. Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтарды пайдалану.Заттық дамытушы ортаға қойылатын талаптар қолжетімді,мазмұнды,тартымды,қауіпсіз болу керек. Осы талаптарға сай топ тәрбиешілері заттық дамытушы ортаны жасадық

 








Шағын орталық Тәрбиешілер арасында Әдістемелік отырыс жасалып отырады


«Алтын күз » мерекесіне ертңгілік өткізілді.Ертеңгілікте «Балауса» тобы бүлдіршіндері толық қатысты.Мерекеге сай   топты безендірулер жүргізілді. Балалар мерелік киімдер киіп,қыздар сән үлгісін көрсетті.Тақпақтар айтылып,билер орындады.Мерекелік ойындар ойнатылды.Күз мезгіліне арналған жеміс пен көкөністерден дастархан жайылды.







«Күз жомарт» атты көрме ұйымдастырды.Мектепке дейінгі топтардағы балалар толық қатысты.Бұл көрме бала қиялын ұштауға және отбасылық ұйымшылдықты дамытуға бағытталған.Мұндағы жемістермен көкөністерден,табиғи материалдардан  жасалған бұйымдар көздің жауын алады.Балалар мен ата аналарының өз қолдарымен жасаған күз мезгіліне арнаған бұйымдары  барлығы көрмеге қойылып,көрермендерді қызығушылыққа бөледі.

«Жол қаіпсіздігін білейік,аман есен жүрейік» тақырыптық сабақтар өткізіді.Мақсаты:Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.Балаларды көшеде дұрыс жүріп,жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Балаларға көшеде жүргенде жолдың жиегімен(тратуармен)жүру керек екені туралы айтылды.жаяу адамға көлік жүретін жолдармен  көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейіні ескертілді.Жолдағы жол белгілерімен таныстырылды.Жаяу жүргіншілер жолымен ойын барысында түсіндірілді.




Денсаулық күні спорттық жарыс өткізілді. Мақсаты: Балалардың спорттық сайыс арқылы салауатты өмірге деген қызығушылығын арттыру. Әртүрлі жарыстарды ала отырып, балалардың ептілігін, шапшаңдығын, дене тәрбиесі іс-әрекетіне және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Барлық топтардың тәрбиешілері мен балалары толық қатысты.Әр топ өзіне берілген түстер бойынша спорттық  киімдер киді және өздерінің топтың атын,эмблемасын жасады.Спорт залдың іші безендірілді.Мектеп әкімшілігінен ,мектептің  дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.Әділқазы мүшелеріне жарыстарды бағалап отырды.Ата-аналар да көреремен ретінде қатысты.Балалар  алдымен барлығы дене қыздыру жаттығуларын жасап,мерекелік көңіл күймен флешмоб биледі.Жарыстағы әрбір сайысты балалар қызыға орындап шықты.






Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Менің елім Қазақстан»тақырыбында сурет көрмесі байқауы өткізілді.Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы жайында білімдерін кеңейту. Байқаудың мақсаты:  Қазақстандық патриотизмді баланың бойына сіңіру, өз еліне деген құрмет, туған жеріне сүйіспеншілікпен қарауды қалыптастыру. Отан сүйгіштік қабілеттерін дамыту болды. Балалардың шығармашылық өнерлерін барынша ашуға тырысты.  Балдырғандар ата-аналарының көмегімен өз туған жерлеріне және қазақстанға деген сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне түсірген. Қазақстан туралы суреттерді және туған жер туралы суреттерді ұсынамыз




     


Тәуелсіздік мерекесіне арналған  әрбір топта ертеңгіліктер өткізілді. Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы жайында білімдерін кеңейту.  Қазақстандық патриотизмді баланың бойына сіңіру, өз еліне деген құрмет, туған жеріне сүйіспеншілікпен қарауды қалыптастыру.Ертеңгілікке тәрбиешілер дайындықпен ,топтарды безендірумен өткізіді.Балалар мерекелік киімдер киіп,өлең,тақпақтарын айтып,билер билеп ,ойындар ойнатылды.Балалар  толық қатысты.




Жаңа жылдық мерекені ата аналардың қатысумен меркелік киімдермен киініп өткізілді.




 8- наурыз « Аналар мерекесіне» арналған  ертеңгіліктер өткізді. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Ертеңгілікті  барлық  топ   өткізді.Меркеге сай топтар безендірілді.Балалар мерекелік  киімдермен толық қатысты.Мерекеге арналған тақпақ,ән айтылды,билер биледі.Аналарына балалар өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын ұсынды.




Наурыз  мерекесіне   арналған  ертеңгіліктер өткізді.Мерекелік тақпақтар айтылып,билер биледі.Мерекеге ұлттық киімдер киіп,мерекеге сай топтарды безендірілді.Ұлттық ойындар ойнатылып,салт дәстүрден көрініс көрсетілді.



12 сәуір  Ғарышкерлер күніне арналған   «Ғарышкер болу арманым»  атты   тақырыптық сабақтар өткізді.Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту.Балаларды ғарыш әлемімен таныстыру. Қызығушылықтарын арттыру. Ғарышкерлерге деген сый-құрметтерін нығайту.Балаларға ойын ойнату, тақпақ жаттату,шығармашылық жұмыстар арқылы қимыл-қозғалыстары мен тілдерін дамыту.Балалар толық қатысты.Берілген тапсырмаларды  қызыға орындады.

«Болашақ»  шағын орталығы «Арман»  тобы   мен «Балауса»



Сәуір айында   «Денсаулық»күні  топтар арасында  таза аууда спорт алаңында өткізілді.Топтар түгел қатысты.Спорттық жаттығулар,әр түрлі сайыстар өткізілді




1-мамыр мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында» ертеңгілік өтеізілді .Барлық топтар қатысты.Топтар тақырыпқа сай безендірілд.Балалар әр ұлттың киімдерін киіп әндер айтып,би биледі.



Мамыр айының соңында «Қош бол сүйікті менің  балабақшам!»   балабақшамен қоштасу кеші өтті.Балалабақша түлектері түгел қатысты.Мерекелік тақпақтар айтылып,билер биледі.Балаларға балалабақша бітіру туралы дипломдар берілді.Ата аналар қатысты.


Нәтижелері бойынша қорытынды

«Болашақ» шағын орталығының қызметін талдау шағын орталық қызметіндегі табысты көрсеткіштерді анықтады.

- шағын орталық даму режимінде жұмыс істейді.

- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Үлгілік оқу

бағдарламасына» (3жастан бастап және  4 жастан бастап) бағдарламаларының балалардың игеру деңгейі  жақсы, жылдық жоспарда бекітілген іс шаралар уақытылы өтіп тұрған.

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

жанындағы «Болашақ» шағын орталықта біліктілігін арттыруға әлеуеті бар болашағы зор,шығармашыл педагогтар ұжымы қалыптасты.

   Ұсыныстар: 

Тәрбиеленушілердің  денсаулығын сақтау және нығайту үшін жүйелі жұмыс жалғастыру

 Жаңа стандарт ,жаңа бағдарламаға   заманауи талаптарға сәйкес әрбір жас тобында заттық дамытушы орталықтарды толтыруды жалғастыру.

  Ата-аналармен жұмыс жасауда әртүрлі инновациялық әдістерді енгізу.