"Ұлттық спорт күні" » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Ұлттық спорт күні"
20
март
2024

"Ұлттық спорт күні"

Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді. Бұл күні барлық өңірлерде ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар мен турнирлер өткізіледі. Ат жарыстарын (бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу) және құсбегілік жарыстарын, сондай-ақ түрлі турнирлерді (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту) өткізу қазақстандықтардың жалпыға ортақ мерекені сезініп, төл дәстүрлерімізді жаңғыртуға мүмкіндік береді. 
[media=Жетісу облысы, Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"КММ 20-Наурыз"Ұлттық спорт күні" Ұлттық спорт күніне орай "Асық ату", " Күш сынасу", "Арқан тарту", "Бес тас" ойындарынан сайыстар өткізілді. https://www.instagram.com/reel/C4xAaVdMame/?igsh=MXZwbWVkdDFsY2ZnYQ==]