11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналысының №2 хаттамасы » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Еңбекші орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналысының №2 хаттамасы
30
январь
2023

11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналысының №2 хаттамасы

Еңбекші орта мектебі

11 сынып оқушыларының

30.01.2023 жата-аналарымен

өткізілген жиналысының

№2  хаттамасы
Қатысқаны– мектеп директоры Ғ.Рысбаев, техникалық хатшы  И.М.Асанова,  4 оқушы, 4 ата-ана , сынып жетекші: Ж.Аспараева

Күн тәртібінде:

Байқау тест қорытындыларын талдау
ЕНТ-тің І кезеңіне жыберу туралы

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың  техникалық хатшы  И.М.Асанова сөз  алды.  Тестке дайындық кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Алынып жатқан тест қорытындыларын айтты.  Оқу жылының басынан бастап 8 рет тест тапсырды,нәтижесімен таныстырды.  Оқушылардың  Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық,  химия, биология  пәндері  төмен  білім сапасын  көрсеткендігін  айтты.  Анаятова Сабина  қарапайым есепті шығаруға қиналады.Родителям ескертіп айтты: балаларыңыздың уялы телефондарын  мақсатсыз қолдануларына тийым салыңыздар. Өзін –өзін алдап  интернеттен жауаптарын көшірмесін. Келесі байқау тестке төмен бал жинаған оқушылар жіберілмейтінін ескертті. Бірінші ақылы форматта тапсыратын тестке уақыттың аз қалғанын ескертті.Әр оқушыға жеке тоқталып өтті.
Мектеп директоры Ғ.Рысбаев аудандық тест қорытындысы бойынша жеке пәндерге тоқталып өтті. Математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы, химия,  биология пәндерінің  білім сапасы төмен екендігін айтты. 11 сынып оқушыларын ЕНТ-ге  жан-жақты , жауапкершілікпен дайындау және білім сапасын көтеру мақсатында пән мұғалімдеріне дайындық жұмыстары іс-шаралар негізінде жүргізіп, оқушылардың білімдерін мониторинг арқылы саралап, алынған тестті талдап отыруды талап етті.Оқушылар 20.12-6.01 аралықта ЕНТ-дің І кезеңін тапсыру үшін өтініш берді. Алиш Зере 31.01 күні тапсырады, қалған оқушылар 03.02 күні тапсырады. Зере мен Аружандың дайындығы жаман емес, әліде дайындалу керек.Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылыққа көп  уақыт бөліп, дайындықты күшейту керектігін айтты.

Сөйлеушілер: 
Сынып жетекшісі, химия пәні мұғалімі Ж.Аспараева: 1 оқушы биология –химия пәнін таңдап отыр. Үйге берген тапсырманы жаттамай келеді. Оқушыларды дайындаудан қиналып жатырмын, қарапайым есепті шығаруды білмейді, формула жаттамайды. 

Ата-ана  Исламова Рашидам:Қызым Сабина тірісіп  оқып жатыр, ЕНТ-дің І-ІІ кезеңіне барып көреді, ал ІІІ кезеңге бармайды, ақылы оқуға тапсырады.Балаларымызға жақсы мүмкіндік беріліпті. Осы мүмкіндіктерді пайдаланайық және балаларымыздың дайындығын  қадағалап, күшейтейік.

Шешім:

1.Оқушылардың күнделікті қосымша сабақтарға кешікпей келіп  отыруы сынып жетекшілеріне  және ата-аналарға тапсырылсын.

2. Жаңа дайындық кестесі жасалынып, бекітілсін

3. Оқушыларды пәндер бойынша дайындау пән мұғалімдеріне жүктелсін.

       4. Қазақстан тарихы және математикалық сауаттылық бойынша мектептен тыс білімін толтыруға ата-аналар тарапынан көмек ұйымдастырылсын.

Хатшы                      З.Сутенова