2018-2019 оқу жылы хаттамалар » Еңбекші мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2018-2019 оқу жылы хаттамалар
29
март
2019

2018-2019 оқу жылы хаттамалар

Еңбекші орта мектебінде
2018 ж 16- қараша күні өткізілген
қамқоршылық кеңесі отырысының
№3 хаттамасы
Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі – 4
Кеңес мүшелері – 9
Күн тәртібінде: Еңбекші орта мектебінің директорының бос лауазымына кандидаттар бекіту туралы
Тыңдалды: Комиссия төрағасы А. Бакиев
Барлығыңызға белгілі Еңбекші орта мектебінің директоры Ахтамова Адалят Нуриевна 10 жылдан астам директор қызметін атқарып, зейнет жасына жетуіне байланысты жұмысынан босатылды. Осы бос лауазымға ашық конкурс жарияланып, нәтижесінде мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылығын тағайындауға өткізілген комиссия отырысының қаулысы бойынша үш үміткер ұсынылған екен. Олар:
1. Абдыкасимов Мұратбек Беккожаевич 03.10.1963ж туылған, білімі жоғары. Үлкеншыған орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2. Баратова Зинатбуви Имаржановна 06.08.1969 ж туылған, білімі жоғары Үлкеншыған орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
3. Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы 28.08.1959ж туылған,білімі жоғары. Аудандық білім бөлімінің әдіскері.
Мектеп директоры лауазымына аудандық білім бөлімінің әдіскері Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы өзінің 2018-2023 жылдарға арналған мектепті дамыту жоспарын ұсынды.
Жоспардың мақсаты мен міндеттері:
1. Локальді өзгерім енгізу, яғни мектептің белгелі бір бөлігін өзгерту, жарту арқылы білім беру ұйымының жұмыс сапасын арттыру.
2. Мұғалімдердің білім берудегі озық педагогикалық технологияларды меңгеруі арқылы мектептің білім беру жүйесін жаңарту, жаңа бағытқа бағыттау.
3. Мектеп - ата-ана – оқушы үштігінің біріккен жұмысының нәтижеге бағытталуын ұйымдастыру.
Сөйлеушілер:
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Палтиева Алиям сөз алды. Мектеп директоры лауазымына өз кондидатурасын ұсынған Рысбаев Ғалымжан Қалиұлының даму жоспарының мақсат, міндеттерімен таныстық. Осы лауазымға Рысбаев Ғалымжан Қалиұлын, Баратова Зинатбуви Имаржановнаны, Абдыкасимов Мұратбек Беккожаевичты ұсынамыз.

1. Бакиев А
2. Зипарова Қ
3. Саметов Т
4. Палтиева А
5. Боталбаева Б
6. Имамбеков М
7. Амансупиева А
8. Инкажеков Е
9. Бексейтов М



Хатшы Бауыржан М















Еңбекші орта мектебінде
2019 ж 8-ақпан күні өткізілген
қамқоршылық кеңесі отырысының
№4 хаттамасы
Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі – 4
Кеңес мүшелері – 9
Күн тәртібінде: Қамқошылық кеңес мүшелеріне 1-жарты жылдықтың есебін беру
1. Қамқорлық акциясы
2. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар
Тыңдалды: Мектеп директоры Ғ.Рысбаев
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры жиналысты ашық деп жариялады және күн тәртібімен таныстырып өтті. Жиналысқа қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 – жылғы 27- шілдедегі ҚР Заңының 44- бабының 9- тармағын басшылыққа ала отырып « Қамқоршылық кеңестің жұмысына ұйымдастырудың» ережесіне қысқаша тоқталып өтті.
Келесі кезекте күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөнінегі орынбасары Чокпарова Баян Кизатовна 1 – жарты жылдықта жасалған іс-шаралар есебі берілді.
Мектебімізде 2018 жылдың 8-тамызынан бастап 30 – қырқүйек аралығында жалпыға бірдей білім беру айлығының жосапры жасалып, комиссия мүшелері құрылды.
Мұғалімдер ұжымы, ата-аналар комитеті, құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесіп мектебіміздің мөлтек аудан бойынша рейд жүргізілді.
Тамыз айының 8 – күні мектепшілік лездеме «Қаырымдылық» акциясын өткізуі туралы іс-шаралар мазмұны сынып жетекшілер мен оқушыларға хабарланды.
Сынып жетекшілер, пән мұғалімдері мен мектеп психологтары бірлесіп мұқтаж балаларға киім-кешекті, аяқ киімді, мектепге қажетті құралдарды ұйымдастарды. Материалдық көмекке мұқтаж балалар анықталып, аудан көмегіне тамыздың 8 – і күні «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен 225000 бөлінді. Әр оқушыға бөлінгенде 15000 теңгеден. Оның ішінде 150000 теңге ұлдарға, 75000 теңге қыздар формасына бөлінген. 10 ұл балаға және 5 қыз балаға мектеп формасы берілді.

2018-2019 оқу жылында мектеп оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Оқу жылының басынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 – жылғы 25 – қаңтарындағы №64 қаулысына сәйкес жалпы оқумен қамту қорының есебінен көп балалы, аз қамтылған орбасы балалары қыркүйек айында 50 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.Ыстық тамақ құны – 305 теңгені құрайды. Тегін тамақ ішіп отырған оқушылар саны:
Көп балалы отбасынан – 28 оқушы
Аз қамтылған отбасынан – 8 оқушы
Толық емес отбасынан – 3 оқушы
Жартылай жетім – 13 оқушы

Сөйлеушілер:
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қ. Зипарова сөз алды.
Қамқоршылық кеңес мүшелері жиналып, қамқоршылық кеңес ережелері берілген. Қоғамда жүрген соң білуге тиіспіз. Қамқорлыққа алынған оқушылар мен сол оқушыларға көрсетілген қайырымдылық туралы білдік. Жасалып жатқан іс-шараларға көңіліміз толды. Қай кезде болмасын осындай іс-шаралар ұйымдартырылса екен деген ниетіміз бар. Біз ірине осындай іс-шараларға өз көмек қолымызды созамыз.
Қамқоршылық кеңес мүшесі Палтиева Алиям сөз алды. Жасап жатқан жұмыстарыңызға рахмет. Менің сіздерге осы кезекте айтар ұсынысым бар. Мектептегі оқушылырдың жетістігін жалпыға көрсетсек деген ұсынысым бар еді. Осы мәселені қолға алсаңыздар екен. Жалпы айтқанда, мектептегі немесе аудан, облыстарда болатын іс-шараларға, қалай қатысқанын,не істегенін, жүлделі орын алғанын жалпы ата-аналар жиналысынада неменсе мектеп қабырғасында болатын іс-шаралар кезінде айтып өтсеңіздер екен деген ойым бар еді.
Шешім:
2018-2019 оқу жылының 1- жартыжылдықта мектеп әкімшілігінің атқарған іс-шаралары қанағаттандырарлық деп танылсын.

1. Сабитов З
2. Зипарова Қ
3. Саметов Т
4. Палтиева А
5. Мансурова Т
6. Имамбеков М
7. Амансупиева А
8. Инкажеков Е
9. Бексейтов М



Хатшы Бауыржан М

Похожие публикации: